Халық емі
26/09/2022, 12:16

КҮЗГІ ЖАПЫРАҚТЫ ТАСТАМАҢЫЗ

Бұл рецепті алғаш оқығанда ол таң қалды. Күзгі жапырақта көп шипа бар деп кім ойлаған?

Үйеңкінің (клен) сарғайып, жерге түскен жапырағынан 270 дана керек. Ағаштан жұлып алуға болмайды, ол міндетті түрде өзі түскен болу керек. Жапырақты ағын суға шайып, жіпке тізіп, кептіреді. Мұқият қаттап, пакетке салып қойсаңыз, бірнеше ай бойы үзбей емге қолдануға қолайлы.

Әр күні үш дана жапырақ. Оны эмаль ыдысқа салып, 2 стакан су құяды. Баяу отта асықпай қыздыра отырып, 2 минут қайнатып, сыртын жылы орап, 15 минут тұндырады. Сосын сүзіп алсаңыз, дәрі дайын. Стаканның үштен біріндей мөлшерде күніне 3 рет, астан 15 минут бұрын ішеді. Бір ай ішіп, 2 апта демалу арқылы үш емдік курс жасалуы тиіс.

Бұл рецепті ол ресейлік «ЗОЖ» сайтынан оқыды. Жапырақ қайнатып ішуге сенгісі келмеді. Бірақ «Орман рецепті» деп аталатын осы емді көп адам мақтап жазыпты. Үйеңкінің күзгі жапырағы тізесі ауыратындар үшін үлкен көмек көрінеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 102 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: