19/09/2022, 21:37 | |
ГАЙМОРИТТІҢ ДӘРІСІЗ ЕМІ Әдетте гайморит кезінде дәрігерлер науқасты мұрын қуысын тесіп, ондағы іріңді алуға жіберіп жатады. Жағымсыз бұл процедура гаймориттен біржола құтқарады деу де қиын. Ал ол гайморитке қарсы мынадай рецепт бар ұсынады: Қайың бүршіктерінен (дәріханадан алсаңыз болады) тұнба жасаңыз. Ол үшін 250 грамм арақ (спирт емес, арақ болғаны абзал) керек. «Чекушка» алсаңыз да болады. Оған ыдыстың жартысынан сәл аздау етіп (1/5 мөлшері) болатын етіп қайың бүршігін саласыз. Бетін мықтап жауып, қараңғы, жылы жерге қойыңыз. Оны күніне 2-3 рет шайқап, қозғап тұру керек. Белгілі уақыт өткенде арақ қоңыр түске енеді. Бұл емдік тұнба дайын деген сөз. Бірнеше қабатталған шүберекті осы тұнбаға малып алып, маңдай тұсқа қояды. Компресс маңдаймен қоса қасты да түгел жауып тұру керек. Сыртынан целлофан және жылы орамал жауып, түні бойы ұстаңыз. Бұдан кейін науқас сыртқа кем дегенде жарты күн шықпағаны жөн. Бұл ем кезінде маңдай тұс қызып, терісі аздап қызаруы мүмкін, бірақ оған уайымдамаңыз, ол тез қайтады. Ал қайың бүршігі тұнбасынан жасалған компресті аптасына бір-екі рет істесе жеткілікті. Бұдан бөлек, осы тұнбамен кез-келген іріңді жарақатты емдеуге болады. Тамақ ауырып, құрғақ жөтел, қақырықты босату, ангина кезінде де қайың бүршігінің тұнбасы керемет көмек бола алады.
ОЛ БІЛЕТІН БІР РЕЦЕПТ Жазғы тұмау, күз-қыстағы суықтау маусымында ол үнемі бір рецеп қолданады. Тиімді, оңай. Әсіресе балалардың иммунитетін көтеруде қолайлы. Жарты литрлік банкаға орташа лимонның жартысын қабығымен қоса ұсақтау етіп турайды. Үстіне сарымсақтың 7-8 тісін ұсақтап турап салады. Оған алдын-ала суытып қойған қайнаған су құйып, бетін жауып, 4 күнге қараңғы жерге қояды. Кейін оны сол күйінде тоңазытқышта сақтау керек. Осы қоспаны отбасыдағы 5 адам түгел күнде таңертең ашқарынға 1 ас қасықтан қабылдайды. Рас, аздап қышқылдау. Бірақ бұл қара күзден ерте көктемге дейін олардың отбасын суықтаудың азабы, тұмаудың әлегінен сақтайды. Алда-жалда тұмау жұға қалса да жеңіл, тез өте шығады. Лимон мен сарымсақ қоспасы витаминге бай, вирусқа қарсылық қуатын арттыратын, иммунитет көтеретін дайын витамин кешені – БАД десе болады. Олай дейтінім, БАД та дәрі болып саналмайды, бірақ ағзаны қажетті витаминдермен толықтыра отырып, ұзақ та тұрақты қолданса, көмегі жақсы екені дәлілденген ғой. Ол білетін рецепт те сондай. Денсаулығыма пайдасы болсын десеңіз оны қыркүйектен сәуірдің ортасына дейін үзбей жалғастырғаныңыз дұрыс. Бірақ асқазан қышқылы жоғары, гастрит мазалайтын адамдарға бұл қоспаны қолдануға болмайды.
ҚАРАҒАЙ ҚЫЛҚАНЫ БАУЫР мен ІШЕКТІ ТАЗАРТАДЫ Халық медицинасындағы өте қарапайым және керемет тиімді бұл рецепт қан қысымын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Бұл емді дұрыс қолданған адам кем дегенде екі жыл «давление» дегенді ұмытады. 5 ас қасық қарағай қылқаны, 2 ас қасық итмұрын және 2 ас қасық пияз қабығын алыңыз. Мұның бәрін араластырып, үстіне 1 литр суық су құйыңыз. Оны анда-санда қозғай отырып, баяу отта 10 минут қайнатыңыз. Бұл кезде ыдыстың қақпағы жабық болуы тиіс. Дайын болған соң да бөлме температурасына дейін салқындағанша тиіспеңіз. Сосын сүзіп алып, теңдей етіп екіге бөліп, шыны ыдысқа құю керек. Бұл екі күндік дәрі. Оны әр кезде аз-аздан ішіп, 2 күнде тауысу керек. Қайнатпаға аздап су қосуға болады. Мұндай емдеу курсын 4 ай жалғастыру керек. Ал әсері 5 күн ішіндебайқалуы тиіс – бас аурулары кетеді. Ал бір айдан кейін іш қатуынан түбегейлі құтыласыз. Бұл ішек пен бауырдың тазаланғанын білдіреді. Қарағай қылқанынан жасалған қайнатпа иммунды жүйені күшейтетін қасиетке ие, тұмауға қарсы профилактика болып табылады. Жақсы диуретикалық әсері бар. Қызыл иектің қабынуына қарсы да әсері бар.
БҮЙРЕККЕ ЕМ БОЛАТЫН РЕЦЕПТТЕР Бүйректің сырты сыздап ауырған кезде жаңа жұмыртқадан бірді алып, таза ыдысқа құяды. Үстіне 1 ас қасық бал қосып, араластырады. Дәкені екі қабаттап, әлгі қосындыны бүйректің көлеміне жететіндей жаймалап жағу керек. Оны ауырған жерге таңады. Сыртынан целлофан қойып, жылы орау керек. Түні бойы осылай ұйықтайды. Таңертең алып тастайды. Орнына суық тигізбей орайды. Бір емдеу барысы – 7 күн. * * * Үлкендеу екі қызыл, екі қара шалқанды еттурағыштан өткізіп, сығып, шырынын 300 грамм араққа аралстырады. Аузын мықтап жауып, 15 күн қараңғы жерге қояды. Күн сайын 3 рет, әр жолы 30 грамнан ішеді. Бүйрек аузында жиналған құм-тасты зәрмен тысқа айдайды. * * * Бүйрек пен қуықта қүм жиналса күн сайын таңертең ашқарынға астан 1 сағат бұрын 1 саткан қайың шырынын ішеді. Ол құмды қуады, тсты үгітуге ықпал етеді. Бүйрек жасушаларын тітіркендіріп, жұмыс қабілетін арттыруға көмектеседі. * * * Бүйрек ауырған кезде асқабақтың кептірілген гүлінен шай қайнатып ішіп, түрлі қабыну сырқаттарын жазуға болады. * * * Бүйректің тасын түсірудің қарапайым бір әдісі – зығырдың дәнінен 100 грамды 2 литр суға 10 минут ақырын қайнатып, әр 2 сағат сайын жарты стаканнан ішеді. Мұны таңертең ашқарынға бастап, ол күні басқа тағам ішпейді. Келесі күні де жалғастырады. Тастар екінші күннен бастап түсе бастайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 87 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |