Халық емі
12/09/2022, 20:59

АСҚАЗАН ҚЫШҚЫЛЫН ЖАЛБЫЗ БАСАДЫ

Бірнеше жылдан бері асқазаны ауырады. Соның салдарынан тамақ жей алмайтын кездері де болады. Сондайда ол емге бұрыш жалбызды (мята перечная) бірнеше емдік шөптермен араластырып пайдаланады. Жақсы көмектеседі. Өзі білетін осы рецепті бөлісуді жөн көрді.

Бұрыш жалбыздың жапырақтарынан 15 грамм, үш жапырақты сүбеденің (вахта трехлистная) жапырақтарынан 2 грамм, мыңжапырақтың гүлдерінен 15 грамм, иісті аскөктің тұқымынан 15 грамм, шайқурайдың шөбінен 30 грамм алып араластырады. Осы қоспаның 2 ас қасығын 2 стакан қайнап тұрған суға салып, 2 сағат буландырады. Даяр болған дәріні салқындатып, сүзіп алады да, шетінен ұрттап ішіп бір күнде тауысу керек. Дәріханаларда аталған шөптердің барлығы да бар. Сондықтан оны дайындау түк те қиын емес.

Жүрек тұсы шаншыса, асқазан мен ішек түйіліп ауырғанда бұрыш жалбыздың сулы тұнбасы жақсы көмектеседі. Бұл өсімдіктің құрамындағы ментолдың қабынуға қарсы әсер ететін, жүректің, мидың, өкпенің қан тамырларын кеңейтетін, өт айдайтын қасиеттері де бар.

 

ТЕЗ КӨМЕКТЕСЕТІН 10 ТҮРЛІ ЕМ

Бұлшықеттің созылуы: ыстық ванна дайындап, оған 0,5 стакан ұнтақталған зімбір мен 0,5 стакан сода қосыңыз. Ваннаны 15 минуттай қабылдаңыз. Ауырған жеріңізге күніне екі рет компресс жасаңыз. (Ол үшін 1 ас қасық ұнтақталған зімбір, 1 шай қасық куркума мен аздаған ыстық су қажет). Ісіну жарақаттары: ісінген жеріңізге 2 бөлік куркума мен 1 бөлік тұзды сеуіп, таңып тастаңыз.

Ұйқысыздық: ұйқы алдында 1 стакан жылы сүт ішіңіз. Немесе 1 шай қасық қуырылған зире мен бананның аздаған бөлігін араластырып жеңіз.

Күйік: 1 шымшым куркуманы алоэ шырынында ерітіңіз. Жарақатқа соны жағады. Күйікті кокос майымен емдеуге де болады.

Тұмау және суық тию: 0,5 шай қасық зімбір мен 1 шай қасық ұнтақталған даршынды (корица) жарты литр суда 10 минут қайнатады. Әр 3 сағат сайын 1 стаканмен ішу керек. Қалауыңызға қарай аздап бал қосуға болады.

Мұрын бітелуі: тұтанып жанып тұрған куркума буын иіскеңіз. Бұл мұрын қуысын өте жақсы тазалайды.

Жүрек соғысының бұзылуы, жүректің ауруы: 5 грамм бәден (анис) дәні, 3 грамм кориандр мен 11 дана мейізді аз мөлшердегі суға шылап алып, ұйқы алдында 1 стакан сумен ішіңіз.

Фарингит, ларингит: 7 миндаль жаңғағын 7 түйір қара бұрышпен қоса ұнтақтап, аздап су мен қант қосады. Әр 3-4 сағат сайын ширек шай қасықпен қабылдайды.

«Жалқау» ішек: 1 стакан жылы сүтке 1 шай қасық қорытылған (топленое) май қосып, ішіңіз. Бірнеше минуттардан кейін-ақ оң нәтижені сезінесіз.

Менструация кезіндегі іш ауруы: 1 ас қасық алоэ шырынын шай қасықтың ұшымен ұнтақталған қара бұрышпен араластырыңыз. Күніне 3 реттен, аурудан айыққанша қабылдайды.

 

СҮЙЕЛДІ КЕТІРЕТІН ЫРЫМДАР БАР

Ол өз тәжірибесіндегі денеге шыққан сүйелді тез кетіретін амалды бөліспекші.

Денеге түскен сүйелді кетіру үшін қолға айран жағып, ит немесе күшікке жалату керек. Бұл нақты дәлелденген нәрсе. Күзде піскен көк алма да сүйелді кетіреді. Ол үшін алманы екіге бөліп, сөлін сүйел үстіне жағып жүру керек. Оның қолындағы сүйелді алма шырыны осылай дәрісіз-ақ кетірген кезі болған.

Сүйелді қанша екенін санаңыз. Сосын сонша жіпті түйіп, таң алдында, жұлдыздар «өше» бастағанда кішірейіп бара жатқан айға (толық айдың кішіреюі) «Мен де татай бар» деп, сүйелді көрсетіп, жіпті жерге – үйдің босағасына көміп тастаңыз. Көп ұзамай сүйелдер өздігінен ғайып болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 117 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: