Халық емі
05/09/2022, 09:27

ЖӨТЕЛДІ ПИЯЗБЕН ҚАЙТАРАДЫ

Баланың жөтеліне қарсы мынандай бірнеше қарапайым халықтық емдер бар:

Бірнеше сәбізді шырынсыққыштан өткізіп, қалауыңызша бал қосып, балаға ішкізесіз. Мұны күніне 1-2 рет жасау керек. Шырынды әр жолы жаңа дайындау ләзім. Ал сәбіз шырыны мен балдың емдік қасиеттері мен ағзаға пайдасын әркім де біледі.

Дегенмен ол балалары үшін мына рецептті қолданғанды дұрыс көреді: ірілеу бір бас пиязды үккіштен өткізіп, оған бір стакан қант қосады. Аздап шырыны шыққан соң 2 минуттай қайнатады да, аздап салқындаған соң 2 ас қасық бал қосып араластырады. Мұны әр сағат сайын балаға 1 шай қасықтан беріп тұрсаңыз, 1-2 күн ішінде баланың жөтелі кетеді. Бал мен қант қосылғандықтан ол ащы емес, жас балалар да мұны қиналмай қабылдай алады. Ал нәтижесі шынында жақсы екеніне көзі әлдеқашан жеткен.

Жас баласы бар ата-аналар, әсіресе әжелер бала жөтелсе ыстық сүтке май қосып ішкізіп жатады. Ал ол жарты литр сүтті пісіріп, оған бір ас қасық қарағай бүршіктерін (сосновые почки) қосады. Бір сағаттан кейін іше беруге болады. Қоспаны бір күннің ішінде ішіп тауысуы керек. Емді керегінше жалғастыра бересіз. Бірақ әр күні жаңадан әзірлеген жөн. Бұл емді бірінші қолданғаннан кейін балаңыздың жөтелі бірден басылғанын байқайсыз.

Әдетте жөтел ұзаққа созылып, қайтпай жүрсе қара шалқанның сөлін ішкізу, оны әзірлеу тәсілін көп адам біледі. Ол оны басқаша дайындайды: орташа 7 данасын жұқалап турап, үстіне қант сеуіп, 8-10 сағатқа қалдырады. Одан шыққан шырынын балаға сағат сайын 1 ас қасықтан беру керек.

Ал сіз жөтелге қарсы қандай амал қолданасыз?

 

ЛЯМБИОЗ ДЕГЕН ҚҰРТ БАР

Ішекке түскен соң адамның бар қорегін жеп, өзін әлсіз ететін бұл паразитті бірден анықтау да оңай емес. Өз тәжірибесінен лямблияларды үлкен дәреттен гөрі қан құрамы арқылы анықтау тез және оңай екенін біледі. Бұл кесел келген жағдайда, әрине, дәрігер берген дәрмектермен бірге мынадай емді қоса жасауға болады:

Асқабақ дәнінен 300 грамды ұнтақтап, 100 грамм бал мен 50 мл сүзгіден өткен таза су құйыңыз. Оны жақсылап араластырып, таңертең ашқарынға ішеді. Үш сағаттан соң іш жүргізетін дәрі ішіңіз. Емді араға бір тәулік тастай отырып 3 рет айталауға болады.

Жүгері шашағынан 1 ас қасықты 200 грамм ыстық суға салып, 2 сағат тұндырыңыз. Оны 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішу керек. Емді 3-7 күн жалғастыруға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 108 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: