22/08/2022, 14:07 | |
СІРІҢКЕДЕ ДЕ МАЙ БОЛАДЫ Оған ұшық өте жиі шығады. Кейде оның не себепті шыққанын да білмей қалатын. Бірақ ол да оны тез қайтарудың жолын біліп алды. Ерін айналасына ұшық шыға бастағаннан сіріңкенің бір-екі талын тұтатып, жартысына жақындағанда жанына алдын-ала дайындап қойған аллюминий қақпақтың үстіне тастайды. Көп ұзамай сіріңке сөнеді. Астында қоңырқай майлы дақ қалады. Дереу соны саусағымен сүртіп алып, ұшықтың үстіне жағады. Егер ұшық үлкендеу болса, сіріңке майы сәл ашытады. Ондайда араға бір-екі сағат уақыт салып, тағы қайталау керек. Мұны күніне төрт ретке дейін жасауға болады. Сіріңке орнына қағаз пайдаланса тіпті жақсы. Қағазды умаждап, таза ыдыстың үстіне қойып, жанған соң ыдысқа тұрып қалған майды тездетіп ұшық үстіне жағу керек. Сонда ұшық бір тәулікке жетпей жазылып кетеді.
КҮНБАҒЫСТА КЕРЕМЕТ ЕМ КӨП Жас ұлғайған сайын адамның қимыл-қозғалысы ауырлап, ас сіңіруі қиындай түседі екен. Дегенмен өзін және денсаулығын күте білген адамдар ширақ та сергек қалпын ұзақ уақыт сақтай алады. Ол биологиялық қартаюды тежеп, ағзаға физикалық тұрғыда көмек болатын бір рецептті қолданады. Ол күнбағыстың қанық сары гүлдері нәрін бойына жинаған кезде оны барынша мол етіп жинап алады. Сосын көлеңке, бірақ жақсы желдетілетін, шаң тимейтін жерге таза дәке төсеп, күнбағыс күлтелерін кептіріп алады. Кептіргенде ол басылып, азғантай ғана болып қалады. Кепкен күлтелерді матадан тігілген кішкене қапшықта немесе шыны ыдыста сақтау керек. Ем үшін кептірілген күнбағыс күлтелерінің бір шымшымына бір стакан қайнаған су құйып, шай сияқты демдейді. Оны жылы күйінде асықпай ұрттап ішіп жүреді. Осылай күніне үш рет үнемі және үздіксіз қайталау керек. Бұл емді бүйрегі сыздай ауырып, онда тұз жиналғаны белгілі болғанда бастаған-ды. Қазір бүйрегінде тас түгілі құм, тұз да жоқ. Бұл шай бүйрекпен бірге қуық жолдарының да суықтағанын кетіреді. Тек оны кемінде үш ай ішу керек екен. Көп етіп дайындап қоюға болмайды, тұнба әрдайым жаңа әзірленген болуы тиіс. Ол бірден әсер етпейді. Дегенмен тұрақты әдетке айналдырсаңыз, өзіңізді сергек ұстауға, ширақ болуға көмегі болғанын сезінесіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 114 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |