Халық емі
08/08/2022, 19:25

ҚАЙЫҢ – ДӘРІГЕР

Қайың ағашы барлық жаман энергияны және жаман ауруларды өзіне сіңіріп алады, демек дәрігер – қайыңның өзі. Қайың ағашы сіз бен бізден барлық жамандықты жоятын қуат орталығы деп айта аламыз.

Үйіңізге кішкентай болса да қайыңның бұтағын сақтаңыз. Қазақтар қайың қабығымен от тамызатын, ол әлі күнге дейін кейбір жерлерде қолданылады. Қайың жаққанда оттың түтіні жойылып, үй аяздан тазарады.

Ертеде аналар қайың қабығын жағып, соның қызуымен жеңіл босанады екен. Жарық түсіретін ештеме болмағандықтан емес, қайыңның энергиясымен солай босанған.

Жеңіл түрдегі аутизммен ауыратын балалар туралы көп айтылады, оның жермен байланысын жоғалтуына көп қатысы бар. Баланың денесіне сай қайың ағашын күніне кем дегенде 30 минут құшақтатыңыз. (Күн сайын жасау керек, уақыт өте келе бәрі жақсы болып кетеді).

Балалар мен қарт адамдар үшін бір рет шипажайға барғаннан гөрі, қайыңды орманда жиі серуендегені әлдеқайда тиімді. Жаңбырлы жылдары күн күркіреу мен найзағай жарқылдау, найзағай түсуі көп болады. Ондай кезде орманда қайыңдары бар жерде еш қорқыныш болмайды. Себебі қайыңға найзағай түспейді.

Таза қайың күлін бір түнге суға салып, сүзгіден өткізіп ішсеңіз мырыш, темір және минералдар қорын аласыз.

Аттың ері, балтаның сабы, басқа да тұрмыстық көптеген ағаш бұйымдарын қайыңнан жасап келуі бабаларымыз қайыңның қасиетін жақсы білгені. Сонымен қатар ол оттегі шығарушы жөнінен бірінші орында тұрған ағаш. Әттең, біздің елде қайың ағаштары өте аз.

 

ПИЯЗҒА ШЕКЕР ҚОССА ЕМ БОЛАДЫ

Түсі қызғылт көк сияқты пияз бағасы неге басқаларынан қымбат, білесіздер ме? Көпшілік оны өзгеше сұрып (сорт) болғандықтан бағасы көтеріңкі болады деп санайды. Ал негізі мәселе пияздың емдік қасиетінде. Пияздың бұл түрінен созылмалы цирроз, «водянка» сияқты ауруларды жеңуге көмектесетін «дәрі» жасауға болады.

Бір кило пиязды еттартқыштан өткізіп, оған 850-900 грамм шекер қосады. Араластырып, 10 күнге салқын жерге қойыңыз. Одан кейін сүзіп, таза шыны ыдысқа салып, тоңазытқышта сақтау керек.

Дайын болған «дәріні» күніне 3 рет, әр жолы 2 ас қасықтан ішеді. Қажет болған жағдайда араға бір ай үзіліс салып, емді тағы қайталауға болады. Бірақ тәттіге немесе пиязға аллергиясы бар, асқазан қыжылы мазалайтын адамдар 2 емес, 1 ас қасықтан ғана, онда да абайлап қабылдағаны жөн.

 

ҚАЛҚАНША БЕЗГЕ ҚОСЫМША КӨМЕК

Қалқанша безінің қалыпты жұмыс істеуі ағзадағы гормондық тепе-теңдіктің кепілі. Осы теңдік бұзылуынан жүйкесі, психология, мінезі өзгеріп, адам зоб ауруына ұшырайды. Шалдыққан кеселдің шипасын іздегенше, оған жеткізбейтін жол қарастырған жақсы емес пе? Олай болса, мына жай есіңізде жүрсін:

Жаңғақ, лимон мен бал аралас қоспа қалқанша безінің жақсы жұмыс істеуіне жәрдем береді. Рецепті мынадай: 3-4 дана грек жаңғағын майдалап, 1 ас қасық балмен араластырады. Оны таңертең ашқарынға жеу керек. Таңғы асты жарты сағаттан кейін ғана ішуге болады. Кемі екі апта жалғастыру керек.

2-3 дана лимонды жуып, қабығымен қоса үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Одан алынған қоймалжыңды тап сонша мөлшердегі балмен араластырады. Дайын болған «дәріні» 1 ас қасықтан, күніне 3 рет, асқа дейін немесе кейінгі бір сағат шамасында қабылдайды.

Теңіз капустасы йодқа бай өнім. Одан бөлек, онда қалқанша безінің жақсы жұмыс істеуіне көмегі көп 40 шақты витамин бар. Оны қалауыңызша ас, салатқа қосып, жиірек жеп жүрген жақсы.

Құрма да құрамында йоды көп жемістер қатарына жатады әрі теңіз капустасына қарағанда дәмі жағымды, оны көп адамдар сүйсіне жейді. Құрма сонымен қатар магний, натрий, темірге бай. А, С, Р витаминіне де бай оны пісіп-жетілген маусымында қалауыңызша жиірек жеген жөн.

Пияз да қалқанша безінің жақсы жұмыс істеуіне жәрдемші. Иммунитетті нығайтуға көмектесетіні де белгілі, себебі микроэлементтерге бай. Пияз жүрек үшін де пайдалы.

Пайдалы элементтерге бай алманың ең басты құндылығы – рак клеткасынан қорғайтын қасиеті. Ал дәнінде 15% май мен йод бар. Қабығы да микроэлементтерге бай. Сондықтан алманың дәні мен қабығын да тұтынған дұрыс.

Теңіз тағамдарында В12 витамині мен цинк мол. Әсіресе теңіз шаяны иммунитетті көтеруде және қалқанша безі үшін өте пайдалы. Оның консервіленген түрінде де пайдалы қасиеттері сақталады.

Қарақатты қалқанша безінің қалыпты жұмыс жасауына ерекше жәрдем ететін жидек деуге болады. Гормондық тепе-теңдікті сақтауда да оның орны бөлек, антиоксиданттарға бай, қартаюға қарсы да әсері бар.

Шпинат құрамындағы лютеин мен каротеноидқа қалқанша бездің жұмысына оңды әсер ететін көмекші деуге болады. Негізі қалқанша безге пайдалы, қажетті азықты, витаминді мейлінше кешкісін қолданған тиімді. Себебі күнімен белсенді жұмыс істеген соң кешкісін тынығу барысында қалқанша безі жоғалтқан қуаты мен шығынын толтыруға бейім, соған мұқтаж болып тұрады. Осы кезде тұтынған азық жүз пайыз қажетке жарайды.

Осындайда суға не буға пісірілген қызыл балық, лосось, семга, форель өте пайдалы: ағза үшін аса керек Омега-3 қышқылы қалқанша безінің де жұмысына оңды әсер етеді. Ерекше ескертетін жайт – жұтынудың қиындауы, тамақта бір түйін тұрған сияқты сезім, мойны жабық киім кигенде тұншығу, ауа жетпеу сезімі кезінде эндокринологқа көрінген жөн. Жоғарыда аталған жай қалқанша безінің жұмысын жақсартатын, сау адамда аурудың туындауына жол бермейтін азықтар. Ал ауру анықталған жағдайда, әрине, ем алу керек. Осы жағы естеріңізде болсын.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 120 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: