02/08/2022, 20:38 | |
ҚАУЫННЫҢ ҚАБЫҒЫНАН КОМПРЕСС ЖАСАҢЫЗ Иісі мұрынды жарып, сары ала қауын пісті. Біз оны маусымдық тәтті жеміс деп қана емес, ем ретінде де пайдалануды ұсынар едік. Өйткені қауынның денедегі майды табиғи жолмен ыдыратып, холестеринді, мал майларынан қалған қалдықты сыртқа қуатын қасиеті бар. Сондай-ақ асқазан, бауыр, бүйрек жұмысының жақсаруына сеп. Егер артық салмақтан арылғыңыз келсе таңертең бір стакан күрішті суға пісіріп жеңіз, оған дәм кіргізу үшін соя соусын қосуға болады. Осыдан кейін шамалап қауын жейсіз. Бір апта осылай ете отырып, тәтті сусындар мен майлы астан бас тартсаңыз жақсы нәтиже күтіп тұр. Ұрып, көгертіп алған, күйіп қалған жерге қауын қабығын жапсырсаңыз тез жазылатын қасиеті бар. Ал мұрын қанаса, одан су ақса қабығын қалыңдау етіп кесіп, танау ішіне тамызуға болады. Көз жиегіне сыздауық шықса қауынның жұмсағын сәл қыздырып, көзді сол буына ұстаса ем. Бас ауырса 200 грамм қауын жұмсағын асықпай жеңіз. Аллергия асқынса бір стакан қауын шырынын жылы суға қосып, соған шомылыңыз. Оны жеті рет жасау керек. «Аллергия қозған кезде бір стакан қауын шырынын шомылатын жылы суға қосып, шомылсаңыз аурудың қуаты қайта бастайды», – дейді емші Сейітқамза Қалиев. Бұл емді жеті рет жасау керек екен. Айтпақшы, жазда салқын су ішкеннен немесе балмұздақ әсерінен жұтқыншақ безі ісініп шыға келетіні бар. Мұндайда ауырған жердің сыртына қауын қабығынан компресс істеуге болады екен. Қолқа демікпесі (бронхит) кезінде де көмегі көп. Бірақ асқазанның, 12 елі ішек жарасы бар, ішектері ауыратын, қант диабеті бел¬гісі бар жандар қауынды жемегені жөн.
ЖҮГЕРІНІҢ ЖҮРЕККЕ ДАУАСЫ МОЛ Жүгері пісе бастады. Ал оның азықтық қана емес, шипалық та қасиеті көп. Солардың бірқатары жөнінде біле жүрген артықтық етпейді. Қажетсіз холестеринді қуады Жүгерінің құрамында К витамині мол. Ал бұл витаминнің жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысына пайдасы мол. Яғни оны қажетті мөлшерде тұтынған адамда жүрек және қан тамырлары аурулары кездеспейді. Оның құрамындағы көп кездесетін тағы бір витамин – Е витамині. Ол тері мен шашқа жағымды, адамды ерте қартаюдан қорғайды. Сондай-ақ жүгеріде жүйке жүйесіне жағымды, ұйқысыздық пен депрессиядан қорғайтын В витаминдер тобы, иммунитетті көтеретін С витамині, сүйекті нығайтатын Д витамині, қан құрамның дұрыс болуына қызмет ететін темір, зат алмасуын жақсартатын, жүректі қорғайтын калий мен магний, тісті нығайтатын кальций мол. Жүгеріде ағзаға зиянды холестеринді жоятын компоненттер де бар. Қуырылған, майлы тағамдар мен алкогольдің жағымсыз әсерлерін жоятын заттар да жүгері құрамында молынан кездеседі. Шашағы өте шипалы Жүгері шашағының денсаулыққа пайдасы көп. Оны халық медицинасында да, дәстүрлі медицинада да бірнеше ауру түрлеріне қарсы қолданады. Мысалы, холецистит, холангит, гепатит, өтке, бүйрекке тас түзілуі, простатит кезінде одан жасалған тұнба, ерітінді, сығындылар ұсынылады. Жүгері шашағынан жасалған дәрмекті буын дерті кезінде ішіп тұрса да жәрдемі тиеді. (Құрғақ шашақтың 1 ас қасығын 1 стакан мөлшеріндегі суға салып, 10 минут қайнатады да, сүзіп алады. Суын 8 апта бойы 2-3 стаканнан ішіп жүру керек). Оның сығындысын жарақаттан қан тоқтатуда қолдануға да болады. Өйткені оның тромбоциттерді көбейтіп, қанның ұйығыштығын арттыратын қасиеті бар. Атеросклерозбен ауыртаны адам профилактикалық мақсатта жүгері шашағы тұнбасын ішіп тұрса болады. (200 миллиграмм қайнаған суға 15 грамм шашақты демдеп, күніне 4-5 мәрте, 2-3 ас қасықтан ішіп тұруы керек). Сондай-ақ жүгерінің дәнінен дәрмек жасап, оны бөртпеге, дерматитке қарсы қолдануға да болады. Оның рецепті мынадай: дәнді қызған табақта қуырып алады да, оны қатты нәрсемен қысып, сығындысын терінің бүлінген жеріне жағады. ...Жүгері адамзатқа 50 мың жылдан бері таныс деген дерек бар. Оның отаны – Мексика деп айтылады. Дегенмен жүгері егіп, оны әлемге тарату жөнінен АҚШ пен Қытай алдыңғы орында тұр.
ОЛ ӨТТІ ОСЫЛАЙ ТАЗАРТАДЫ Ол бауыр, өт, бүйректі тастан, құмнан қалай тазалап жүргенін көпшілікпен бөліспекші. Таңертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін әр 2 сағат сайын 500 грамм алма шырынын ішіп отырады. Бұл кешке дейін 8 рет деген сөз. Басқа ештеңе ішпейсіз. Қарныныз ашпайды. Екінші күні тағы да дәл солай қайталайсыз. Осы екі күнде шырын ішіңізді айдайды. Байқасаңыз, осы екі күнде ішіңізден неше түрлі қалдықтар шығады: қатты, сұйық, жапырақ боп жасыл, қап-қара құмалақ. Ең соңында тап-таза жас сәбидің дәреті шығады. Ал 3-ші күні таңертең сағат 8-де алма шырынына 130 грамм зәйтүн майын араластырып ішесіз. Содан екі сағат өткен соң 230 грамм зәйтүн майын өзін ғана ішесіз. Майды тоңазытқышқа салып, мұздай күйінде бісмілләні айтып ішеді. Әрине, май ішу оңай емес, оған өзіңізді психологиялық тұрғыда дайындауыңыз керек. Осымен процедура бітті. Ем кезінде жүгіру, жиі қозғалу маңызды. Сол үшін осы үш күн үйде болу керек. Бұл ем оңай және арзан, Қауіпсіз әрі тиімді. Тек ескерту: ем алдында УЗИ-ге түсіп, тастың көлемі қанша екенін біліп алу керек. Ода екінші күні кешке дейін бүйрек пен өттегі тас үлкендігі бұршақ сияқты, түрі де жасыл болып шықты. Егер өт тола болса, ауыздан жасыл запыран шығады. Бәріне дайын болыңыз, қорықпаңыз! Сабыр сақтап, аяғына дейін шыдаңыз. Ішіңіз бүріп ауыруы мүмкін. Бұл ем әсерінен болып жатқан қозғалыс. Тас шығып болғанда маужырап, ұйқыныз келеді. Тынығуға болады. Емнен кейін тек сұйық ас – қайнатпа сорпа ішкен жақсы. Бұл емнің көмегімен ағзадағы артық тұздан да арыласыз. Тұз әсерінен болатын остеохондроз, бүйрек сыздауы да кетеді. Ең бастысы – тоқ ішек тап-таза болады.Тоқ ішек тазарғанын жас сәбидің дәретіндей сап-сары сұйық шыққанынан аңғаруға болады.
ТАБАНДАҒЫ БЕЛСЕНДІ НҮКТЕЛЕР 1. Аяқтағы үлкен бармаққа массаж жасау арқылы гипоталамусқа әсер етуге болады. Бұл артық салмақтан зардап шегетін адамдарға өте пайдалы. Себебі бұл нүктені басу тәбетті бақылауға көмектеседі, табиғи арықтауға ықпал етеді. 2. Үлкен башпайдың ортасында басты гормоналды без – гипофиздің жұмысына жауап беретін нүкте бар. Бұл нүктеге жеткілікті назар аударсаңыз, гормоналды теңгерімді қалпына келтіресіз. 3. Үлкен башпайдың орта аймағына массаж жасау арқылы қалқанша безіне әсер етуге болады. Стресс кезінде, тіпті денсаулығы қалыпты адамдардың өзінде қалқанша без сыр бере бастайды. Сондықтан бұл аймақты уқалау өте пайдалы. 4. Табан орталығына массаж жасау диафрагмамен байланысқан жүйке өрімдері үшін жақсы әсер етеді. Бүкіл жүйке жүйесін босаңсытып, рахатқа бөлейді. 5. Табан ортасы аймағына массаж жасау стрессті жеңуге көмектеседі. 6. Табанның ішкі жиегінің жанында, ортасына жақын жерде бүйрек үсті безінің жүйке ұштары орналасқан. Егер сіз шаршап тұрған болсаңыз, бұл жерге массаж жасау жоғалған энергияны қайтарады. 7. Аяқтың табанға жақын маңын сергіту арқылы жүйке жүйеңізді де оятасыз, ағза белсенді жұмыс жасайтын болады. Кейінге шегермей, аяқтарыңызға массаж жасауды бастаңыз. Осылайша қарбалас күннен соң, өзіңізге сыйлық жасайсыз. Нәтижесі ұнап, күн сайын жасайтыныңызға сенімдіміз.
ӨТТІ ҚОЮЛАНУДАН ҚОРҒАЙДЫ Бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны ашқарынға ішеді. Сосын 1,5–2 сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді. Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, шыны ыдысқа салып, біраз уақыт қойса, әбден еріп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыры, өт жолы ауыратын адамдар оны ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 128 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |