Халық емі
20/06/2022, 20:17

ҚАРБЫЗДЫҢ ДӘНІ ДЕ ДӘРІ

Қарбыз 93 пайызы судан тұрады. Оның шипалы екені де бәрімізге аян. Ас батпайтын аптап ыстықта азық та, сусын да болатын қарбыздың дәнінде де шипа мол екенін көбіміз біле бермейміз.

Қарбыз дәнін ұнтақтап, шай етіп демдеп ішуге болады. Ол ішек-қарын жолдарын тазартады. Қарбыз дәні ішектерді, жалпы ағзаны зиянды паразиттерден құтқарады. Оны ұнтақтап, жылы сүтке араластырып, бір апта таңертең және кешке ішу керек.

Дәннің құрамындағы цитруллин антиоксидант секілді қызмет етеді. Ол қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі.

Қарбыз дәні бүйрекке де өте пайдалы. Есте сақтау қабілетін де арттырады екен.

Дәнде А, В, С витаминдері, темір, магний, марганец, кальций және тағы басқа элементтер бар. Сондықтан ол жаздыгүні көп терлеп, ағзада аталған витамин, минерал мөлшері азайған адамдар үшін де керек.

Қарбыз дәнінен шай дайындаудың жолы мынадай: дәндерді күн тікелей түспейтін көлеңке жерде кептіреді. Сосын ұнтақтап, шыны ыдысқа салып қою керек. 4 ас қасық ұнтақталған қарбыз дәніне 2 литр су құйып, 15 минут қайнатыңыз. Күніне 3 рет жылы күйде 1 стаканнан ішеді. Екі күн ішіп, екі аптадан соң қайталауыңызға болады. Айтпақшы, қарбыз нитраттардан таза болғаны жақсы, осы жағын да ескере жүріңіз.

 

ҚАН АЗДЫҚТА ҚҰЛПЫНАЙ ЖЕҢІЗ

Ежелде қан аздық пен жатырдан қан кету, бала тұрақтамау сынды сырқаттарда науқасқа жаңа піскен құлпынайды шыны ыдысқа езіп берген екен. Зерттеушілер бұл әдістің қан қысымы мен семіздікке де дәру екеніне көз жеткізген. Химикатсыз піскен құлпынай жүрек қызметін жақсартып, инфаркттің алдын алады екен. Зерттеушілер құлпынайдың құрамындағы С, В5, В6 витаминдері иммунитетті көтеріп, тұмауға шалдығуды азайтады. Жиі суықтайтын, көп жөтелетін, баспа (ангина) мазалайтын 8 жасқа дейінгі балаларға жазда құлпынайды көбірек беру керек. Ол тәбетті ашып, ағзадағы витамин жетіспеушілігінің орнын толтырады. Ас қорытуды жақсартуға да сеп, зәр айдауға көмектеседі, варикоз, тромбоз ауруларының қаупін азайтады.

Құлпынайда калий, цинк, темір, кальций, магний, қола мен фосфор, марганец пен кремний бар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 144 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: