Халық емі
13/06/2022, 18:56

ЖОҢЫШҚАНЫ ЖАЙ ШӨП ДЕМЕҢІЗ...

Оның ауруы – жүрек ишемиясы, аттеросклероз, жоғары қан қысымы. Ақпарат құралдарының бірінен жоңышқаның емдік қасиетінің зор екенін оқыды. Сәйкесінше осы ауруларға таптырмас дауа деседі.

Жоңышқаның қайнатпасы мен тұнбасы, тәтті сиробы, ұнтағы халық медицинасында ем ретінде ертеден бері кеңінен қолданылып келеді. Қазір оны кулинарияға да қолдануда: салаттарға қосылады. Сорпа дайындалады. Өйткені жоңышқа белоктар мен көміртегі, тағы басқа микроэлементтерге бай. Онда С, Д, Е, К және В тобына жататын витаминдер жетерлік. Қышқылдар мен эфир майы сияқты аса қажетті заттар да көп. Зәр айдауды жақсартатын, қандағы қант құрамын азайта алатын қасиетке ие. Ағзадағы улы заттарды айдайды. АҚШ-тың Ұлттық рак институтының зерттеулеріне қарағанда, жоңышқа асқорыту жүйесіндегі канцерогендердің күшін жойып, сыртқа шығарады екен. Зат алмасуды жақсартып, гемоглобинді көтеріп, иммунитетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге, эндокрин жүйесінің жұмысын реттейді. Ұзақ әрі тұрақты пайдаланса қан тамырлары мен жүрек жұмыстарын жақсартады. Атеросклероз ауруына мына төмендегі қайнатпаны ұсынуға болады: 2 ас қасық жоңышқаны 0,5 литр суға салып, 5 минут баяу отта қайнату керек. Сосын 1 сағат суытып, 1/3 стканнан 3 рет ішкен дұрыс. Бұл қайнатпа артриті мен ревматизмі барларға да пайдалы. Әрі ағзадағы минералдардың алмасуын жақсартады.

50 грам жоңышқаны 0,5 араққа салып, 2 апта қараңғы жерде ұстап, ара-арасында араластырып тұру керек. Осыны 1 ас қасық суға 10-15 тамшыдан қосып, тамақ алдында күніне 3-4 реттен ішіп отырған дұрыс. Сонда жоңышқаның жоғарыда аталған емдік қасиетінің пайдасын сезінесіз.

 

БҮЛДІРГЕН ШАЙЫ БАУЫРДЫ ТАЗАЛАЙДЫ

Осыдан біраз жыл бұрын сары аурумен ауырып, ауруханаға жатуына тура келді. Дәрігерлердің айтуымен қатаң диета ұстады. Бауыр ауруға бал мен сәбіз пайдалы деген соң, екеуін өте көп пайдаланды. Ауруханадан шыққаннан кейін де алты айға дейін диета ұстады. Бірақ бауыр тұсының сыздап ауырғаны басылған жоқ.

Кезекті еңбек демалысында төркініне қыдырып барған. Ол жақтағы көрші апай жағдайын сұрап бәйек. Оны мұқият тыңдаған ол дәрі-дәрмек пайдаланғаннан гөрі емдік шөптердің көмегімен емделгенді дұрыс көретінін жеткізді. Сөйтіп оған ол бүлдіргеннің қайнатпасын ішуге кеңес берді. Ем нәтижелі болу үшін ішектерді шайып алған дұрыс екен.

Бүлдіргенді гүлдеп тұрған кезінде тамырымен қоса демдеуге болады. Өсімдіктің төрт-бесеуін эмаль ыдысқа салып, екі литрдей су құйып қайнатып, бір сағаттай тұндырып қою керек. Сөйтіп күніне тамақтан жарты сағат бұрын 1 шай қасық балмен бірге 1 стаканын 1 ай бойы ішті. Осыдан кейін өзін өте жеңіл сезінді. Бүлдірген шайы бауырды жақсы тазалайды екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 148 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: