06/06/2022, 19:26 | |
ЖАҢҒАҚТЫҢ ЖАПЫРАҒЫ КЕЛІНШЕКТЕРГЕ КӨМЕК Бойжеткен шағында үнемі жеңіл киінетін. Тіпті күннің аязына қарамастан үстіне жұқа киім ілуші еді. Анасы да, кейінірек енесі де жылы киіну керектігін ескертті. Бірақ ол оған құлақ аспады. Шекесінен шыққан бір тамшы терге ыстықтаған кездері көп. Ол кезде суықтың ашық денеге үйір болатынын қайдан білсін? Сүйегінен өткен суықтың азабын балалы болғанда әбден көрді. Бар суық жатырына жиналғандай. Соның салдарынан көптеген ауруларға ұшырады. Жатыр ауруларының түрі де көп екенін сонда барып білді ғой. Оның бәрі ақкірден басталды. Алғашында гинекологқа баруға уақыт таппай жүрді. Күндер өте ауруы асқынып, эрозияға соқтырды. Ауруханаға да жатты, түрлі халық емдерін де қолданды. Бірақ жатырдағы суық жанын қинауын қоймады. Қыз баласы құпиясын анасына ғана айтады ғой. Ол да төркініне қыдырып барғанында жағдайын түгел ансынаа айтты. Ол бастапқыда кінәнің бәрі өзінде екенін айтып, біраз ұрсып алды. Одан кейін аудандағы өзінің таныс дәрігеріне апарды. Анализ ода суық барын көрсетті. Бірақ бұл кезде күшті деген дәрі-дәрмектің өзі оған әсер етпейтін. Осыны ұққан дәрігер басқаша бір амал айтты. Сол құпияның арқасында 1 айдың ішінде ауруынан құлан-таза айықты. Қазір ашық-шашық киінетін бойжеткендерге жаны ашиды. Алдында не күтіп тұрғанын олар білмейді-ау. Ал қажет еткендер қарапайым мына тәсілді қолданып көрсе болады. Жаңғақ ағашының он дана көк жапырағын шайып, таза су құйылған ыдысқа салыңыз. Үстінен екі жұмыртқа салып, таза піскенше қайнатыңыз. Міне, осы жұмыртқаны ыстықтай жеу керек. Оп-оңай бұл емді күнде таңертең аш қарынға жасаған өте пайдалы. Нәтижесін бір айдың ішінде байқайсыз.
АСКӨКТІҢ АЙТЫЛА БЕРМЕЙТІН ТӨРТ МАҢЫЗДЫ КӨМЕГІ Аскөк тамырларға түсетін салмақты реттейді: артериалдық және көзішілік қысымды түсіруге, азайтуға өте жақсы әсер етеді. Ми тамырларының атеросклерозы, тамыр тарылуынан болатын үздіксіз бас ауруын басуда да жәрдемі көп. Ол үшін аскөкті жиі жеп жүрсеңіз болғаны. Азырақ мөлшеріне қайнап тұрған су құйып, 10 минут тұндырып, таңертең және кешке жарты стаканнан ішіп жүрсе де болады. Аскөк ұрығын бүйрек және өт жолы ауруларын емдеуге қолдануға болады. Ем үшін 1 ас қасық аскөк ұрығын ұнтақтап, үстіне 1 стакан қайнаған су құяды. Оны 10-15 минут тұндырып, сүзіп алу керек. Күніне 4-5 рет, 2 ас қасықтан 20 күн ішеді. Жылына 5-6 рет жасап жүрсеңіз, өт толуы зардабынан құтылып, бауырды тазалайсыз. Жүректің стенокардия дерті асқынбау үшін де аскөк ұрығының тұнбасын қолдануға болады: 1 шай қасығын ұнтақтап, үстіне 300 мл. қайнаған су құяды. Оны 1 сағат тұндырып, сүзіп алады. Күніне 3 рет, 0,5 – 1 стаканнан ішеді. Бронхиалды астманы асқындырмау үшін, жиі қайталанған цистит кезінде да аскөктен тұнба әзірлеген дұрыс: 2 ас қасық ұрығына 400 мл. қайнаған су құйып, жарты сағат тұндырасыз. Оны күніне 3 рет, 100 мл. шамасында, 15 күн ішу керек. Мұны дәрігерлер тағайындаған негізгі емді үзбей, қатар қолдануға болады.
ІШ ҚАТҚАНДА ТИІМДІ КӨМЕК Дәріханадан зығыр дәнін сатып алып, одан мына жолмен іш қатқанда қолданылатын дәрі дайындайды: 2 ас қасық зығыр дәнін бір стакан сүт немесе кефирге салады. Зығыр дәні түні бойы ісінеді. Оны азанда аш қарынға ішеді де, қасықпен ішті шапаттайды. Қандай рахат, ол әрі массаж, әрі шипа. Ол осылай іш қатудың зардабынан құтылды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 150 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |