30/05/2022, 20:23 | |
АРТРИТТІ БАЛМЕН ЕМДЕП КӨРІҢІЗ Ойламаған жерден оған артрит деген диагноз қойылды. Тізесінің шаншып, тызылдап ауыруы оған аяғының бастырмай қалуы жанына қатты батып бара жатқан соң халық емі тәсілдерін қолданып көруді жөн көрген еді. Соның арасынан балмен емделудің тиімділігі зор екенін байқады. Ауырған буынды балмен сылап, қырыққабаттың ортаңғы тұсындағы жапырағын жұмсартып, оған да бал жағады. Сосын оны ауырған тізесіе орап қояды. 3-4 сағат өткенде алып тастап, жылы сумен жуып, құрғата сүрту керек. Бұл емді 10 күн бойы күніне 3-4 реттен жасап, сосын күнара жасау тәртібіне көшкен тиімді. Осылай бір жарым ай қайталаған кезде тізесі буындарындағы тұздан да, артриттен де айықты.
ЖАЛБЫЗ ҰМЫТШАҚТЫҚТЫ БОЛДЫРМАЙДЫ Келін болып түскеніне бес жыл енді толады. Жасы жиырма алтыда. Соңғы уақытта есте сақтау қабілеті нашарлап кетті. Кейде керек заттарды қай жерге қойғанын білмей, үйдің бәрін ақтарып шыр-пыры шығып қалады. Ұмытшақтығын қалай жеңерін білмей, қиналып жүрген күндерінің бірінде үйге күйеуінің әпкесі келді. Қаладағы ауруханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесінен ұмытшақтықты қалай кетіруге болатынын сұрады. Ол оған алдымен халық емін жасап көруіне кеңес берді. Құрғақ ұнтақталған жалбыз бен шалфейдің әрқайсысынан бір ас қасықтан алып араластыруы керектігін айтты. Соның 2 ас қасығын термосқа салып, 2 стакан қайнаған су құйды. Таңертең тұнбаны сүзіп, 50 миллилитрден күніне төрт рет тамақтан жарты сағат бұрын ішіп жүрді. Бір ай үзбей ішкеннен кейін есте сақтау қабілетінің жақсара бастағанын сезді. Қайынәпкесінің айтуынша, бұл ем жұмысқа қабілетті де арттырады. Бірақ оның қарсы көрсетілімдері де жоқ емес, қан қысымын түсіріп, емізулі әйелдердің сүтін азайтады екен. Содан соң ұмытшақ адамдар тамақ рационына қызанақ, сәбіз, картоп, мейіз, балық, құс еті, жаңғақ қосқаны дұрыс екен. Бұл тағамдар да есте сақтау қабілетінің жақсаруына көмектеседі.
ЖАЗДА ЖИІРЕК ЖАЛАҢАЯҚ ЖҮРГЕН ЖӨН Жаздың әр мезгілінің ағзаға өзіндік әсері бар. Оны дер кезінде әрі дұрыс пайдалансаңыз, денсаулыққа тегін ем алғанмен тең боласыз. Мысалы, жазда күн қатты ысымай тұрған таңғы уақытта, кешке бір ауық серуендеп тұрған жақсы. Ал табиғат аясына шығып тынығуға мүмкіндік туып жатса, онда тіпті де тамаша. Жаз ауасын денсаулыққа тиімді пайдаланып қалу үшін мынадай жайларды есте ұстай жүріңіз: – Күнделікті бір ауық жаяу жүріп тұрыңыз. Тез жүріп, терең демалған дұрыс. Осылайша 10 минут жүргеннің өзі ағзаны көңілдендіріп, қуатын арттырады. – Велосипед айдаған да пайдалы. Таза ауада ағзаға қажетті мөлшерде түскен салмақ қанға оттегінің молынан жетуіне жол ашады, аяқ бұлшық еттерін қуаттандырады. – Бір мезгіл жүгіріп тұрыңыз, ол тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады, жүректі күшейтеді, стресске ұрынудың алдын алады. – Жазда шөп, құм, тас үстімен жалаңаяқ жүрген де пайдалы. Мұны табанға жасалған нүктелік массаж деп қабылдауға болады, ол өмірлік қуаттың артуына жағдай жасайды. – Таза ауада ашық су көздеріне шомылу, суды кешіп жүру де ағзаны шынықтырады, қан айналымын жақсартады. (Аз-аздап жүзу, суда жүру, ойын ойнау). – Саялы, орман-тоғайлы жердің ауасы тыныс алуды реттейтін, қан құрамындағы гемоглобинді көбейтетін, мидың жұмысын жақсартатын, иммунитетті көтеретін қасиетке ие. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 134 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |