23/05/2022, 15:55 | |
АҒЗАДАҒЫ ТҰЗДАН ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ Тұз адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Алайда жартылай фабрикаттарды немесе тез дайындалатын тағамдарды көп тұтыну ағзада артық тұздардың жиналуына әкеледі. Тұздың шектен тыс көптігі қан қысымының көтерілуіне, ағзадағы судың сыртқа шығуына тежеу жасайды. Мұндай дертке жол бермеу үшін ағзадағы артық тұзды әлсін-әлсін сыртқа шығарып отыру лазым. Осы үшін арналған дәрі-дәрмектер де болуы мүмкін. Алайда білместікпен зардап шекпеу үшін тұздарды зиын жоқ мынадай табиғи жолмен шығарып көріңіз. Суды көп ішу Таза ауыз су ішу ағзадағы тұздарды ерітудің ең тиімді тәсілі. Ол тұздарды ерітіп, бүйрек арқылы сыртқа шығарады. Алайда оның көп мөлшерін бірден ішуге болмайды. Аз аздан күні бойы ішіп тұру керек. Судың nsv көбеюі тұздарды ерітіп тастап, ағзаңызға қажетті тұз жетпей қалуы мүмкін. Ол өте қауіпті жағдай. Дене жаттығулары Дене жаттығуларын жасаған кезде біз терлейміз. Термен бірге ағзадан су мен минералдар шығады. Жаттығулар жасап, жылдам қимылдап, жүгіріп, велосипед теуіп6 ағзадағы тұздың біршамасынан құтыла аласыз. Бірақ жаттығу жасаған кезде де су ішіп тұруды ұмытпаңыз. Тұзды пайдалануды шектеу Адамға күнделікті 1500 микрограмм тұз қажет. Жиналып қалған тұздар негізі ағзадан 12-24 сағат ішінде шығарылады. Егер сіз тұзды пайдалануды шектейтін болсаңыз да біраз мөлшердегі тұздардан құтыла аласыз.
ТАМАҚТЫҢ ҚАБЫНУЫ Суықтап, тамағыңыз ауырса дәріханаларда тамақты шаятын және ішетін дәрілер көп. Бірақ соның көбісі ем болмаған соң, бала кезімізде әжемнен көрген емді қолданудамын. Алдымен шатыраш (шалфей) пен түймедағының (ромашка) 1 ас қасық қоспасын термосқа салып, үстіне 1 стакан ыстық су құйып, жарты сағат тұндырады. Бұл тұнбаға 0,5 шай қасық бал мен 20 пайыздық прополистің 1 ас қасығын қосып, тамақты сағат сайын бірнеше мәрте шайып отыру керек. Сонда күніне 2-3 стакан тұнба кетеді. Сосын жаңадан дайындап, емді қайталауға болады. Осылайша тамақты шаю арқылы 1-2 күнде фарингиттен толық айығып кетесіз. Бұл емді ангинаға да қолдануға болады.
МЕЙІЗ ЖЕСЕҢІЗ МАЗАҢЫЗ ҚАШПАЙДЫ «Қалауын тапсаң қар жанады» дегендей, кәдімгі мейізді жөтелге, аллергиялық қышымаға ем ретінде пайдалануға болады. Ол үшін дәні мен сабағы бар мейізді таңдап алыңыз. Өйткені бұл мейіздің нәрі өзінде сақталады. Ем үшін жақсы кептірілген қара жүзімді алу керек. Қара жүзім нәрлі де дәмді келеді. Сондықтан оның емге тигізер пайдасы көп. Жөтелген кезде мейіздің қайнатпасы өте пайдалы. Бір уыс мейізді алып, тазалап жуып, 1,5 стакан ыстық суда 10 минут қайнатады. (Одан ұзақ қайнатуға болмайды). Сосын сусынды жылы күйінде күн ұзақ аз-аздап ішіп жүріңіз. Емнің әсері тиімдірек болу үшін мейіз қайнатпасына 1 ас қасық пияздың жаңа сығылған шырынын, осынша бал қосуға болады. Ертеде денені теміреткі басқанда оған мейізді жарып, үйкеген. Терінің аллергиясына мейіздің қайнатпасын жаққан. Мейізден теріге маска жасауға да болады. Ол үшін бір уыс мейізді алып жуып, еттартқыштан өткізіп, оған 1 ас қасық бал, 1 ас қасық қаймақ, 1 ас қасық сұлы ботқасын қосу керек. Міне, бұл қоспадан бетке жағатын тамаша маска шығады. Күніне 10 мейіз, 2 кепкен өрік, бір грек жаңғағын жеп, жылы су ішіп тұрсаңыз, жүрегіңіз жақсы жұмыс істеп, анау-мынау сырқатқа тез арада сыр білдіре қоймайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 136 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |