16/05/2022, 13:37 | |
БАЛ МЕН СҮТ ТЕ АҒЗАНЫ ТАЗАЛАЙДЫ Жас ұлғайған сайын адамды айналдырған ауру да көбейе түседі екен. Содан дәрігерге жүгіріп, емші жағалау басталады. Бұл «мектептен» ол да өтті. Соның қай-қайсысында да еститіні: ағза қалдықтарға толып қалған, тазарту керек деген сөз. Бірақ көмектесе аламын дегендердің ешқайсысы да ойындағыдай жәрдем бере алмады. Сандалудан шаршаған ол ағзаны тазартудың жолын өз бетінше іздей бастады. Ағзаны тазартудың жолы көп екен. Арасында ақылға қонымсыз амалдар, тіпті күлкі шақыратын тәсілдер де бар. Біреулер аурудан айығу үшін өз зәрін ішсе, екіншілері тамақ ішкен сайын клизма жасап әуреге түсетін көрінеді. Оған оның бірі де ұнамады. Ол тез көмектесетін әрі үй жағдайында жасауға болатын халықтық ем түрін таңдады. Көнеден келе жатқан емнің бірінде 3 литрлік банкаға 300 грамм бал салу керектігі жазылыпты. Үстіне жуып, құрғатыла сүртілген 6 жұмыртқаны бүтіндей тастады. Үстіне 1,5 литр сүт құйды. Бетін дәкемен жауып, 10-12 күнге жылы жерге қойды. Бұл арада жұмыртқа қабығы жұқа болып тесіліп, ішіне сүт пен бал кіре бастады. Ақуыз сұйық тартып, сары уыз қоюланып кетті. Сөйтіп жұмыртқа сүт бетіне қалқып шыққанда дәрі дайын болды. Банка бетіне түзілген қабықшаны абайлап алып тастап, қалғанын эмаль ыдысқа сүзіп алды. Сонда дәкеде сүзбе мен сары уызы көрінген жұмыртқа қалады. Оны тастауға болады. Ал сүзіліп алынған қоймалжыңды тоңазытқышта сақтап, күніне 3 рет астан бұрын бір шай қасықтан ішіп тауысты. Ас-ауқатын бұрынғысынша ішіп жүре берді. Бір ай өткенде бетіндегі дақтардың білінбей қалғанын байқады. Сонда барып әлгі дәріні ішкеннен кейін майлы жегенде сыздап шыға келетін бауырдың соңғы күндері ауырмайтынын, бүйректің сыздамайтынын, асқазанның қыжылдамайтынын, іш қатпайтынын түсінді. Бұл әдісті тағы бір-екі адамға айтып, жасатып та көрді, бәрі риза. Ол осылай емші-тәуіп, тіпті уыстап ішкен дәрі көмектеспеген дертінен өзі айықты.
ҚҰЙРЫҚ МАЙДЫҢ ҚАСИЕТІ Анасы денсаулығы нашар, екі күннің бірінде ауырып қалатын, әлсіз адам болатын. Әсіресе басы көп ауырушы еді. Қабағы ашылмай, біреулер қаттырақ күліп қалса, жақтырмай отыратын. Бірақ қанша ауырса да, дәрінің көмегіне жүгініп көрмеген. Өз бетінше ем-дом жасап, ауруым басылып қалды деп отырушы еді. Сол кезде жасаған емдерінің көмегі тиді ме, кейін анасының денсаулығы жақсы болды. Аурудың көбісі суықтан болады деп түсінетін анасы көбіне бір шелек суға бір кесе тұз салып, соған түсетін. Сөйтіп денесін өсімдік майымен сылап, жылы оранып жатып қалатын. Көрпенің астында жатып, әбден терлеген соң, киімін ауыстырып, ыстық шайға бал салып ішеді. Содан кейін үш-жеті күнге дейін суық су ішпей, мұздай зат ұстамай, жылы киініп жүруші еді. Бірде басы қатты ауырғаны бар. Сонда қойдың тұздалмаған құйрық майын басының көлеміндей етіп кесіп алды да, екіге бөліп, бірін төбесіне, бірін желке жағына қойып, үстінен «клеенка» орап, оның сыртынан жылы орамал тағып жатып қалды. Біраз уақыттан кейін терлеп жатқанын айтып, шай әкелуді сұрады. Сүт қатқан қою шайды ішіп, тағы да жатты. Ал кешкісін бас ауруы басылып қалғанын айтып, орнынан тұрды. Қазір анасының жасы алпысқа таяп қалды. Көп ауырғанына қарамастан жас көрінеді, есте сақтау қабілеті де жақсы. Ол кісі біреулер ауырса дәрі ішетінді жақтырмайды. Бір кездері өзі жасаған емдерді айтып отырады, оған біреулер «қазір экология, ондай емдер әсер етпейді», – деп бой бермейді. Бірақ ансына қарағанда біреулердің есте сақтау қабілетімі төмен, көп ашуланады, тез шаршайды. Бұған белгілі бір дәрежеде қабылдаған дәрілердің де әсері бар ма деп ойлайды кейде. Мүмкін табиғи, ағзаға зияны жоқ заттармен емделген дұрыс па?
БАСЫҢЫЗ АЙНАЛСА, ЖҮРЕГІҢІЗДІ ТЕКСЕРТІҢІЗ Солтүстік Каролина кардиологтары жуырда басы айналатын адамдардың бәрінің жүрегін тексеруді қолға алды. Себебі отырып-тұрған кезде, өз-өзінен кенеттен аз уақытқа басы айналатын адамдардың жүрегінде қандай да бір ақау бар екеніне көздері жетіпті. Мұндай шешімге келмес бұрын ғалымдар 17 жыл бойы түрлі жастағы 12363 адамды бақылауда ұстапты. Олар күнде таңертең және кешке қан қысымын тексеріп отырған. Олардың 11 пайызында отырып-тұрған кезде, көктемде кенеттен басы айналатыны белгілі болған. Осы топты арнайы тексеруге алған кезде бас айналуына жүректегі басталып келе жатқан ақаудың себепші екені белгілі болыпты. Әсіресе 45-55 жас аралығындағы адамдарда бұл белгі тез арада емделу керек деген дабылмен тең көрінеді. Таңертең ұйқыдан тұрғанда басы ауырып, миы солқылдағандай сезімде болатын адамдар да қауіпті топқа жатады екен. Себебі ұйықтап жатқанда жүрегі сыр беріп, сол бойы «оянбайтын» адамдардың 4 пайызында осы белгілер жиі байқалатыны анықталған. Солтүстік каролиналық кардиологтардың бұл бастамасын бірнеше ел мамандары қолдап отыр. Олар да көктемде жиі қозатын жүрек дертімен күресудің осы тәсілін таңдамақ. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 136 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |