Халық емі
09/05/2022, 18:39

ЕКІ ТИЫННЫҢ ПАЙДАСЫ

Кеңес Одағы кезіндегі баяғы сары шақа тиындар кімнің есінде? Қазір түкке де қажеті жоқ деп оны тастай салмаңыз. Ертедегі емдеушілер көп ауруды осындай мыспен айықтырып отырған екен. Оған мысалдар көп. Солардың бірі – олар мыстан жасалған 2 тиынды жүрек ауруына қалай қолданғаны туралы деректі алға тартып көрейік.

Оң қолыңызбен сол жақ бұғанаңыз астындағы ойықтың ортасын тауып, оған лейкопластырды екі қатар етіп, 1961 жылдан бұрын шыққан мыс 2 тиынды жапсырасыз. Тиынды жапсырмастан бұрын оны тіс ұнтағымен жақсылап жууыңыз керек. Тиын өздігінен ажырап түскенше тимеңіз. Сосын екі күн үзіліс жасап, емді қайталауыңызға болады. Бұл әдіспен жүрек ауруларын емдей аласыз.

 

ЖАҢҒАҚТЫҢ ЖАС ТАМЫРЫ ТАМАҚҚА ШИПА

Салқын су ішкеннен тамақты жұтындырмай, адамды әбіржітетін кеселдің бірі – баспа (ангина). Егер дер уақытында ем жасаса, оны асқындырмай жатып қайтаруға болады.

Ол үшін сізге кәдімгі йод керек. Шанышқының сабына зарарсыздандырылған мақтаны (оның үстінен жіппен орау қажет) орайды. Мақтаны йодқа батырып, онымен бадамша бездерін (гланда) бір рет басады. Сонда баспа тез қайтып кетеді.

Көктемде грек жаңғағының жас тамырын қазып алып, жуып, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын 600 грамм суға салып, 15-20 минут баяу отта қайнатады. 40 минут салқындатып, ашқарынға таңертең және жатар алдында тамақты шаяды.

2 дана алмұртты 300 грамм сүтке салып, 30 минут баяу отта қайнатып ішсе де ем болады. Бұл тәсілдердің бәрін мен 6 айлығынан бастап 6 жасқа дейін баспамен жиі ауырған балама қолданып көргенмін. Зияны жоқ, тиімділігі өте жоғары.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 138 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: