Халық емі
18/04/2022, 13:48

ӨКПЕДЕГІ ҚАРА ДАҚТЫ КЕТІРУ

Кейде балалар түгіл үлкен кісілер ауа райының ылғалды күндері желең-желпі жүремін деп, суық тигізіп алады. Әрине, мұның әсері ә дегенде өкпеге тиеді. Сосын өкпеде қара дақ пайда болады. Тез емделмесе мұның соңы өкпе туберкулезіне айналып кетуі мүмкін. Сондықтан өкпеге түскен дақтың үлкейіп кетпеуі үшін бұрыннан келе жатқан ем-домның бірі – сүт пен кебегі ажыратылмаған сұлыны пайдаланған дұрыс.

1 литр сүтке 1 стакан кебегі ажыратылмаған сұлы бір сағат жайлап қайнатылады. Сосын қайнатпа сүзіліп, кебегі алынып тасталады да оған сүт немесе бал қосып, ыстықтай ішу керек. Бұл емді әсіресе түнде ұйқы алдында қолданған тиімді. Емді ұзақ, бір жылға дейін қою қақырық түсіп, өкпе әбден тазаланғанға дейін қолданады. Сонымен бірге, туберкулездің алдын-алу үшін қайыңның 1 ас қасық бүртігін б1 стакан медициналық спирт пен бал қосып, 9 тәулік тұндырып, сүзіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан, тұнба таусылғанша ішу керек.

 

КЕБЕК ҚАЙНАТПАСЫ БӘРІМІЗГЕ КЕРЕК

Кебек ең арзан мал жемі болумен бірге, атеросклерозге қарсы қолдануға аса тиімді. Атеросклероз деген ағзаның қартаюы ғана емес, қан тамырларының тарылып, қан айналымын тежейтін аса қауіпті ауру. Оны емдеу үшін 1 ас қасық кебекті жақсы жуып, 250 миллиграмм жаңа ғана қайнаған суға салып, жарты сағат тұндырылады. Сосын оның үстіне тағы осынша қайнаған су құйып, 10 минут тұндыру керек. Дайын тұнбаны сүзіп, үшке бөліп, күніне 3 рет, тамақтан кейін ішесіз . Емнің мерзімі – 1 ай.

Кебек В тобындағы витаминдерге бай. Онда әсіресе калий көп. Іш қатқанда да кебек тұнбасын ішуге болады. Семіздікті де тежейді. Гипертониялық және өтке тас байланған ауруларды жоюға тигізер пайдасы зор. Оның тағы бір бағалы қасиеті – қандағы қанттың мөлшерін төмендетеді. Ол ыстық сумен бұқтырылған 1 немесе 2 ас қасық кебекті кефирге қосып ішеді. Қазір саламатты өмір салтын кебексіз көз алдына елестете алмайды.

 

ШИКІ КАРТОП РЕҢІҢДІ ЖАСАРТАДЫ

Реңіңді алдырмай, жас қалпыңды сақтау үшін қыруар ақшаға шығынданып, дәрі-дәрмек қабылдап жатудың керегі не? Ол қолына түскен нәрсені орнымен жаратып, реңін бір қалыпта ұстап келеді. Соның әсері болар, өз қатарластарынан кемінде 10 жылға жас көрінеді. Өзі күнделікті қолданып жүрген әдістерді бүгін бөлісуді жөн көріп отыр.

Үккіштен өткізілген картопты беті мен мойнына жағып, 20 минуттай ұстайды. Сосын жуып тастап, 20 минут өсімдік майын жағады да, уақыт өткен соң салфеткамен сүртіп тастайды. Мұнан кейін ешқандай крем жағудың қажеті жоқ.

Үккіштен өткен картоп өте жақсы косметикалық құрал. Бет пен мойынның реңін келтірумен бірге, ағартады. Қолдың күтіміне де керек. Мойын мен бетке контрасты компресс жасайды. Екі сүлгі алып, біреуін ыстық суға, екіншісін салқын суға батырып, мойны мен бетіне 5 немесе 7 рет кезек-кезек басады. Жаттығу салқын компресспен аяқталуы тиіс. Бөлме температурасында өсімдік майымен де компресс жасауға болады.

Шикі картопты шаш күтіміне пайдалануға болатынын екінің бірі біле бермейді. 2-3 картопты майда үккіштен өткізіп, одан алынған қоймалжыңнан шашқа маска жасайды. Сонда шаштың түбірі қатаяды әрі реңі кіріп, әдемі көрінеді. Ол үшін әлгі қоймалжыңға 2-3 шай қасық сүт, 1 шай қасық ұн, лимонның 2-3 тамшысын араластырып, таза әрі сулы шашқа жағады. Жарты сағаттан кейін шампунсыз сумен жуып тастайды. Ол бұл әдісті аптасына екі реттен қайталап, ай бойы үзбей жасап отырады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 164 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: