11/04/2022, 13:43 | |
ГЕМОРРОЙДЫҢ ЕМІ – ҚОЙДЫҢ ҚҰЙРЫҚ МАЙ! Екі жыл бұрын геморрой деген дертке шалдықты. Осы аурудан ол қойдың құйрық майының көмегімен жазылды. Содан кейін жүрген жерінде «Геморройдың емі – қойдың құйрық майы!» деп айтып жүретін болды. Бұл ата-бабамыздан бері келе жатқан ем түрі. Ол үшін қойдың құйрық майын жараның бетін жабатындай етіп кесіп алып, ыдысқа салып, шым-шым бататындай етіп қыздырасыз. Дереу етпеттеп жатып, қызып тұрған майды жараның үстіне қою керек. Май суығанша 10-15 минуттай жатасыз. Күніне 3 мезгіл жасайсыз да, ары кеткенде 4 күнде геморроймен мәңгілікке қош айтысасыз! Ол бұл емнің тиімділігіне жүз емес, мың пайыз кепілдік бере алады. Бастан өткен соң айтып отыр.
АСПИРИНДІ ҚОЛДАНАТЫН СЕБЕП КӨП Аспиринді білмейтін адам жоқ. Оны жұрт жиі қолданады. Дегенмен оның басқа да пайдалы жақтары бар екен. Мысалы, ол қолтық астынан шығатын қолаңса иісті жояды. Жарты стакан жылы суға 2 түйірін жаншып салып, жақсылап араластырып, қолтыққа жағу керек. 1 сағаттан соң қолтықты таза сумен ұқыптап шаяды. Аспиринді қайызғақтан құтылу үшін де қолданады. 2 түйірін уақтап, шампуньмен қоса араластырып, шашты жуады. Оның безеуге қарсы да пайдасы бар. 1 түйірін бірнеше тамшы сумен араластырып, пастаға ұқсас күйге енгесін безеуге жағып қояды. Мұны ұйқыға жатарда істеу керек. Ертеңіне бетіт таза сумен шаяды. (Мұндай «масканы» тым асқынып тұрған безеуге жағуға болмайды). Бетке маска жасауға да болады. 5 түйір аспиринді уақтап, 2 ас қасық таза йогуртқа араластырады. Сосын оны бетке жағып, 20 минуттан соң жақсылап жуып тастау керек. Ылғалдандыратын крем жағуға болады. Мұндай емді 15 күн жасағасын үзіліс жасау керек. Бұл әдіс бет терісін жұмсарту үшін пайдалы. Аспирин маса шаққан кезде де қолданылады. Ол үшін бір түйір аспиринді уақтап, бір қасық суға араластырады да, жәндік шаққан жерге жағады. Аспиринді шашты жылтырату үшін де пайдалануға болады. Ол үшін 8 түйірін уақтап, 1 пиала жылы сумен араластырады да, оны шашқа, түбіне жағады. 15 минутай ұстау керек. Егер киім жуғанда онда сабын ізі қалып кетсе, аспиринді оған қарсы да қолдануға болады. Ол үшін 5 түйірін уақтап, сұйық тазалағышпен араластырады. Сосын оны ластанған жерге ұнтақтай сеуіп, 30 минуттан соң таза матамен ысқылап сүрту керек. Аспириннің бір капсуласын суға салып қойса, онда тұрған гүл де біраз уақытқа дейін солмай тұрады. Яғни оны вазаға тастай салу керек, өзі ериді. Ол гүлге біраз уақытқа дейін солмай, жарқырап тұруға мүмкіндік береді.
КӨКТЕМГІ ӘЛСІЗДІКТЕН САҚТАЙТЫН ТАБИҒИ «ТАБЛЕТКАЛАР» Қысымен етті көбірек жеп, балғын жеміс-жидектерге «үзіліс» жариялаған ағза көктемде әлсіздік сезінетіні мәлім. Сондықтан бұл маусымда ағзаны аздап «еркелетіп» тұрған жақсы. Қалай екенін терапевт Лариса Кулакова баяндаған екен. Қыстан қысылған ағзаны витаминмен қамтамасыз етудің жолы тек таблетка ішу, дәрі ектіру емес, табиғи қажеттіліктерге бай тамақтану. Мәселен, қызылшадан салат жасап, оған аздап зәйтүн майын араластырып жесеңіз болады. Жержаңғақ майы да тез сіңірілетін, саулығыңызға оңды әсер етеді. Күн сайын таңғы шай орнына қайнаған жылы суға бір ас қасық бал қосып ішсеңіз жақсы. Үстіне жарты лимон шырынын сығып қосуыңызға болады. Ол жасушалардың жаңаруы мен жасаруына жақсы көмек. Әрі көктемгі әлсіздік, витамин тапшылығына қарсы керемет күрес. Тәуліктік қуатыңыздың сарқылмауы мен өзіңізді сергек сезінуіңізге көп үлес қосады. Күнделікті сәбіз шырынын ішу, кешке бір жана шикі сәбіз жеп алсаңыз, ол ағзаңызды А витаминімен қамтамасыз етеді, қанды қажетсіз қалдықтардан тазартуға, бауыр жұмысының жақсаруына сеп. Көктемгі әлсіздікті, болдыру мен қажуды басу үшін өгейшөп (мать и мачеха), қақалақай (крапива) мен бақбақтың (одуванчик) жас жапырақтарын 1 литр суда қайнатып, оны күніне жарты стаканнан ішіп жүрсеңіз, тәуліктік витамин мен микроэменеттердің орнын толтыруға қауқарлы. Бұл С витамині, кальций, темір, фосфорға бай тұнба. Егер одан қышқыл немес ащы дәм шықса, қайнатпас бұрын 30 минут тұзды суға салып қою керек. Әр күні кешке қарағай қылқаны (хвоя), шүйгіншөп (валериана), сасықшөп (пустырник) жапырақтарының қайнатындысы қосылған ванна қабылдау терінің де көктемде түлеп, құрғап, қабыршықтануына жол бермейді. Ол әрі жүйкені жайландырып, ұйқыны жайландырады. Ал жақсы ұйқы ертеңгі күннің көңілді басталуына жол ашады. Таза ауада жүргенде бірқалыпты, терең тыныс алуға жаттығыңыз. Мұрынмен тыныс алу керек, бірақ ентігуге жол беруге болмайды. Ол тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартып, өкпеге көбірек таза ауа баруына жол ашады. Ал таза ауа арқылы өзіңіз сияқты өкпе де сергіп қалады. Ми жасушалары да оттегімен қанығып, шаршауды басуға көп көмегін тигізеді. Өзіңізге өзіңіз массаж жасаңыз. Аяғыңызға, қолыңызға, желкеңізге, тіпті қарныңызға да. Денеңізді бос ұстап, теледидар көргенде, тынығып жатқанда осылай бұлшық еттерді босаңсытып, қан жүгіртіп алу керек. Әсіресе аяқ башпайларына жасалған массаж оның күні бойғы шаршауын басады, жүйкелердің жақсы тынығуына жол ашады. Қарап тұрсаңыз, түк те қиын емес амалдар. Ал ағзаға көмегі өте көп. Олай болса, еріншектікті ерекше амалдармен алмастырыңыз, саулығыңызға сеп болады.
ӘЛСІЗДІКТІ ЖЕҢЕТІН ТҰНБА Кейде адамның бүкіл денесін әлдене басып тұрғандай қарадай шаршап, әлсіреп тұрады. Бұл адам ағзаларында әлдебір витаминнің немесе химиялық элементтердің жетіспегенінен болатын құбылыс. Мұндайда 250 грамм қабығынан аршылған сұлы дәнін 1 литр суға жартысы қалғанша ақырын қайнатады. Бір сағат бұқтырған соң суын таза ыдысқа құйып, екі ас қасық ақшыл бал қосады да, тағы бір қайнатады. Ас алдында бір стаканнан күніне үш рет ішіп жүру керек. Бұл тұнба жасы ұлғайып, жиі шаршайтын жандарға, отадан кейін әлсіздік меңдегенде, бүйрек сырқатынан кейін күшті қалпына келтіру үшін таптырмас көмек. Бір емделу мерзімі – 15 күн.
ҚОРЫЛДАУДЫ ҚОЙДЫРАДЫ ДЕЙДІ Әйел адамның үйді басына көтере қорылдап ұйқытауы тіпті ыңғайсыз жағдай екен. Осы әдетінің кесірінен ол қонаққа баруға қорқатын. Жолдасы да оның осы жаман әдетінен ұйқысы қашатынын айтып, жиі шағымданатын болды. Содан кейін ол қорылдаудың себебі мен одан құтылудың жолдарын қарастырды. Адам миы шаршағанда, өзі титықтағанда қорылдайды екен. Бұл, әрине, бастырылып қалудан тыс себеп. Сол кезде оның титықтап жүргені рас еді. Ал емделудің тәсілі мынадай: 3 лимонды еттартқыштан өткізіп, оған үлкендеу екі бас сарымсақты үгітіп қосып, араластырады. Осыны күніне төрт рет ас қасықпен қайнатылған жылы сумен ішу керек. Ұйқы алдында жас орамжапырақтың (қырыққабаттың) бірер қабығын жейді. Ем кемінде бір айға созылды. Осы тәртіпті дұрыс ұстаған соң біртіндеп қорылдаудан құтылды. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 191 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |