Халық емі
04/04/2022, 13:44

КӨКТЕМГІ ҚАБЫНУ АСА ҚАУІПТІ

Денсаулық сақшыларының айтуынша, адам саулығына жылына бес рет сырттан төнетін қауіп бар көрінеді. Әңгіме маусым ауысуы жайында. Соның ең алғашқысы наурыз бн сәуірдегі құбылмалы күндер. Осы кездегі ауа құбылысы жас та мығым ағзаның өзін әжептәуір әлсіретіп тастайды екен. Сондықтан мамандар бұл уақытта күтінудің ерекше «ережелерін» есте ұстаңыздар дейді.

Көктемнің алғашқы айларында адам қуатты бұрынғысынан көбірек жұмсауға мәжбүр. Оған маусымға тән әлсіздік қосылған соң үп еткен жел де өңмеңнен өтіп, төсекке таңуға әзір келеді. Ал оны елемей, емдеуді сәл шегеру сырқаттың созылмалы сипат алуына себеп.

Наурыз бен сәуір айларында ең көп кездесетін кесел – гиповитаминоз. Ол көктемгі әлсіздіктен аман болайық деген мақсатта түрлі витамин кешенін өз бетінше қабылдаушылар арасында жиі орын алады. Себебі ағзадағы тепе-теңдік сақталмайды, яғни қандай да бір витамин шамадан тыс артық, ал келесісі кем болуынан осы кесел бас көтереді. Сондықтан мұндай витаминдерді міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, дәрігер кеңесімен ғана қабылдау керек.

Тап осы мезгілде онкологиялық аурулар өршиді екен. Бір қызығы, зерттеулер көктем басында бастау алған бұл аурудың жазылуы қиын екенін анықтаған.

Көкөзек шақта әлсіремеудің, айтпай келер ауру алдында дәрменсіз болмаудың басты жолы – тынығу мен тыныш ұйықтауға көбірек уақыт бөлу. Яғни әдеттегіден бір сағат артық ұйықтаңыз. Ағзаға физикалық күш түсірмеңіз, ой және дене еңбегін шектеуге тура келеді. Тіпті жыныстық жанасуды да азайтуға тура келеді. Уайым мен ой дегенді ұмытыңыз. Мұның бәрі әлсіреген ағзаны болдыруға апаратын төте жол.

Күн жылт етті, дала жылынды деп жеңіл киіну – басты қателік. Көктемгі самал әлсіз болғанның өзінде ағзаны суықтатуға қауқарлы. Ол жай шаншудан бастап, өкпенің, бүйректің қабынуын оятып, санаулы күнде оны созылмалы сырқатқа айналдыра алады. Бұл кездегі ағзаны торлаған суықтан арылу да оңай емес.

Салқын су ішу де қауіпті. Ол асқазанды тітіркендіреді, тамақты қабындырып, ішектерге де суық тиюі ықтимал. Ал тісінде ақау бар адам салқын су ішсе ондағы жүйке талшықтарын суықтататыны анық.

Статистика бойынша, бір жақ беті тартылып, қисайып қалатындардың көпшілігі көктемде салқын су ішіп, балмұздақ жейтіндер екен.

Бұл кезде табаннан өткен суықтың да жазылуы қиын, ал асқынуы өте тез деседі мамандар. Топырақ тоңы жібімей жатып табаны жұқа аяқ киімге көшкен адамда аяқ сүйектері қақсауы, белдің кілт ете шойырылуы, жыныстық бездерде түйіп пайда болуы, оның созылмалы қабынуы көп кездеседі екен.

Міне, осы себептерге байланысты көктем келді, күн жылынды деп жылы киімді наурызда шешіп тастауға әлі ерте. Саулығы мен амандығын ойлаған адам сәуірге дейін салқын сезілетінін жадында ұстауы тиіс. Көктемнің де өзіне тән суығы мен салқыны, ызғары мен сызы болатынын ұмытпаңыздар!

 

БҰЛ СУДЫ ІШКЕН КІСІНІҢ БАРЛЫҚ АУРУЛАРЫНА ПАЙДАСЫ БАР

Сәуір айы басталып та кетті. Синоптиктер ай жаңбырлы болады дейді. Бұл жаңбырдың орны ерекше. Өйткені ол көптеген ауруларға дауа. Тіпті қояншық ауруына да шипасы бар көрінеді. Ол оны «Іhsan.kz» сайтынан оқып білді. Өте қызықты, әрі пайдалы бұл жазбаны көпшілікпен бөлісуді жөн көрді. Ендеше, біле жүріңіздер:

Жыланның уы, балықтың інжуі, тіпті бал арасының балы да осы жаңбыр суынан пайда болады. Сәуір жаңбыры қиыншылықтарға кеңшілік, дерттерге дауа, ауруларға шипа су. Сулардың ішіндегі ең таза су – сәуір жаңбыры.

Сәуір жаңбырында суланған киім шірімейді, шаштар төгілмейді, әсіресе оқылған сәуір жаңбыры Алланың рұқсатымен қояншық ауруына шипа болады, психологиялық ауруларға дауа, тән ауруларына қарсы көп пайдалы.

 «Тіпті баласы болмай жүргендер ішсе, Алланың рұқсатымен балалы болады» деп айтылған. Хазірет Әбус Суғуд былай дейді: «Бұл суды ішкен кісінің барлық ауруларына пайдасы бар. Тіпті баласы болмаған кісі осы судан ішсе, Алланың рұқсатымен жүкті болады». Ол үшін сәуір жаңбырын таза ыдысқа жинап алып жатып мына дұғалардың бірін оқуыңыз керек:

1) Салауат шәріп – 70 рет.

2) Истиғфар шәріп – 70 рет.

3) Фатиха шәріп – 70 рет.

4) Әятүл Күрсі – 70 рет.

5) Ләқад жә-әкум (аятын соңына дейін) – 70 рет.

6) Ясин шәріп – 1 рет.

7) Әләм Нашрах ләкә – 70 рет.

8) Инна Әнзәлнәһу – 70 рет.

9) Кафирун суресі – 70 рет.

10) Ихлас сүресі – 70 рет.

11) Фәлақ сүресі – 70 рет

12) Нас сүресі – 70 рет.

13) Субханаллаһи Уәлхамду лилләһи (тәсбих дұғасы) – 70 рет.

14) Лә Хаулә уа лә қууата иллә билләһил алийл азим – 70 рет.

15) Салауат шәріп – 70 рет.

Егер осы дұғаларды өзі оқи алмай жатса, қатесіз оқи алатын кісілерге оқытады.

Сәуір жаңбырын алу тәсілі: ыдыс биік жерге қойылады. Жаңбыр тамшылары тікелей ыдысқа түсуі керек. Жылғадан аққан су жарамайды. Әр жылы сәуір айының (Руми күнтізбесі бойынша) 17-і Алла тарапынан ағаштар мен шөптерге тұқымдар төгіледі. Бұлардың барлығы ғажайып сырлар. Міне, Алла-тағаланың жаратылыстағы Жарату құдіретінде біз білмейтін көптеген сырлар мен хикметтер бар.

Пайғамбарымыз бір хадис шәріпінде былай дейді: «Жәбірәйіл маған сондай керемет дәрі үйреткені (соншалық ол дәрінің арқасында) емшілердің дәрісіне мұқтаждық қалмайды». Сахабалар: «Ол дәріні бізге де үйрет уа, Алланың пайғамбары!» деді. Пайғамбарымыз сонда: «Сәуір жаңбырын жинаңдар. Оған 70-рет «Фатиха» сүресін, 70 рет «Ықылас» сүресін, 70 рет «Фалақ» сүресін, 70 рет «Нас» сүресін, 70 рет «Тәсбих» дұғасын (Субханаллаһи уалхамдулилләһи) оқып, 7 күн үзбей таңертең және кешке бір стакан ішіңіздер. Мені хақ пайғамбар қылып жіберген Аллаға ант етейін, Жәбірәйіл маған былай деді: «Бұл суды ішкен кісінің денесінен, тамырынан, сіңірінен, еттерінен ол кісіге қиыншылық берген ауруларын Алла-тағала кетіреді. Ол кісіге денсаулық пен амандық береді».

Тағы бір хадис шәріпте былай делінген: «Баласы болмаған ер осы судан әйеліне ішкізсе, Алланың рұқсатымен әйелі жүкті болады. Басы ауырған әйеліне ер адам осы судан ішкізсе, оның жазылуы үшін осы су жеткілікті. Ішкен кісінің қақырығын кетіреді. Жел оған зиян бермейді. Жаман жағдайлар оған жоламайды. Бел ауруынан, қарын ауруынан еш арызы қалмайды. Алапес ауруынан қорықпайды, көкірек ауырына душар болмайды, жүрегіне келген уәсуәсә шығып кетеді. Менмендік, қызғаншақтық, тәкәппарлық, дұшпандық, ғайбат, сөз тасушылық (сияқты рухани аурулардың барлығы) дүниедегі барлық өткінші болғандар үшін Алла-тағаланың рұқсатымен пайдалы болады». Тәфсир әл-Кәбир, Фахриддин Рази (р.һ.).

Сәуір жаңбырының жиналатын күндері Руми күнтізбесі бойынша сәуір айының 7сінен бастап, ай соңына дейін. Биыл ол сәуір айының 20-нан бастап мамыр айының 13-не дейін жалғасады.

...Олай болса, көктен келетін бұл шипаны кәдемізге жарата білейік.

 

СӘБІЗ ДӘНІНІҢ ЕМДІК ҚУАТЫ

Сәбіздің күнделікті ас ауқатқа, емдік үшін сыртқы жараларға пайдалануға болатыны туралы аз жазылған жоқ. Ал дәнінің емдік қуаты туралы ешкім сөз еткен емес. Біле білген кісіге сәбіз дәнінің емі керемет. Өйткені сәбіз дәнінде қабынуға қарсы тұратын және ағзаны улы заттардан тазартатын эфир майы мен витаминдер, микроэлементтер бар.

Сәбіз дәнінен жасалған қоспаларды бауыр мен жүрек, қан тамырлары ауруларына қарсы қолдануға болады. Әрі сәбіз дәнінен емдік қайнатпа жасауға болады. Одан да тиімдісі – майы. Оны ол өзі дайындайды.

Сәбіз дәнін кофемолкада әбден майдалап, шыны ыдысқа салып, үстіне сол шамалас қыздырылған зығыр немесе асқабақ майын құяды. Ыдыстың аузын мықтап жауып, екі апта қараңғы, жарық түспейтін жерге қояды. Күніне 2-3 рет шайқап отырады. Сосын дәкені бірнеше қабаттап сүзеді. Алынған сәбіз дәні майының қоспасын сақтап қойып, керек кезінде пайдаланып жүр. Бұл май тері ауруларының тез жазылуына көмектеседі. Егер кірпігіңіз түсіп жүрсе, жағуға болады.

Бұл май бәрінен бұрын бауырды тазалауға ем. Өз басы таңертең және түскі астан жарты сағат бұрын майдың 1 шай қысығын 10 күн ішеді. Сәбіз дәнін ішек қабынып, дәрет сындыру қиындағанда ішуге болады. Сәбіз дәні майын дайындамай-ақ, құрғақтай ауызға салып, сорып жұту да нәтиже берері сөзсіз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 266 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: