Халық емі
28/03/2022, 16:13

ЖӨТЕЛДІ ТЕЗ ЖЕҢЕСІЗ

Әлемде ешқашан жөтеліп көрмеген адам жоқ шығар, сірә? Жөтелдің әсіресе қыста жиі өршитінін білеміз. Оған қарсы түрлі тәсілдер бар. Біз соның ішінде құрғақ жөтел жағдайында қолдануға болатын ем түрлеріне тоқталмақпыз. Құрғақ жөтел – кеуде тұсының ауырсынуымен бірге жүретін өте жағымсыз симптом. Бұдан бөлек, құрғақ жөтел кезінде ұйқысыздық пен басқа да проблемалар орын алуы мүмкін. Оның бір жаманы – қақырық кетпей тұрып алады, тыныс алу жолдарында қабыну процесі әлі де белсенді түрде дамып жатады. Мұндайда уақыт оздырмай мына тәсілдердің бірін қолданған жөн:

Қара тұрып

Тұрып (редька) – құрғақ жөтелді емдеуде бұрыннан қолданылып келе жатқан керемет құрал. Бұл тамыржемісті дақылды емге қолдану жөнінен көптеген рецептер бар. Мысалы, тұрып пен сәбіз шырынына бал қосып ішу. Шырын шынында шипа болу үшін оны әр сағат сайын 1 ас қасықтан ішіп отыру керек. Күні бойы осылай жалғастырсаңыз, келесі күні қақырық босап, жағдайдың әлдеқайда жақсарғанын байқайсыз. Бірақ қара тұрыппен емделудің ең кең тараған түрі – қант немесе бал қосылған шырыны. Оны қалай әзірлеудің бәрі біледі деп ойлаймыз.

Мия тамыры

Мия (солодка) тамырынан дәрі жасау үшін сізге 1 ас қасық ұнтақталған құрғақ шикізат керек. (Дәріханадан алсаңыз болады). Мұны кез келген эмаль ыдысқа салып, үстінен 1 стакан қайнаған су құйыңыз. Оны баяу отта 2 минут қайнатып, 2–2,5 сағат тұндырасыз. Сосын сүзіп алып, күніне 4-5 рет, астан жарты сағат бұрын ас қасықпен ішеді.

Өгейшөп жапырағы

Өгейшөп (мать и мачеха) жапырағы жөтелді емдеу үшін қолданылатын өсімдіктекті жинақтардың негізгі бөлігі болып табылады. Бірінші рецепт: тең мөлшерде өгейшөп жапырағы, аюбадам (бузина) гүлдері мен құстаран шөбін (трава горца птичьего) алыңыз. Оларды араластырып, 1 ас қасығын шай секілді демдеп, жарты сағат тұндырыңыз. Сүзіп алып, астан жарты сағат бұрын ішеді. Тұнбаны әр жолы жаңадан әзірлей отырып, күніне төрт рет ішу керек. Жас балаларға 1-2 ас қасықпен берген жөн. Екінші рецепт: 2 ас қасық өгейшөп жапырағы, осынша жолжелкен (подорожник) пен 1 ас қасық мия тамыры керек. Бәрін араластырып, 1 ас қасығын термостағы жарты литр қайнаған суға қосыңыз. Ол 15-20 минут тұруы қажет. Содан соңсүзіп алып, қалауыңызша қант немесе бал қосып, күніне 2 рет, жарты стаканнан ішеді.

Зімбір тамыры

Зімбір (имбирь) – иммунитетті нығайтатын, әрі жөтелге қарсы керемет дәрмек. Зімбір тамыры сонымен қатар суық тию мен тұмауды жеңуге де жақсы көмектеседі. Жөтелден құтылу үшін 200-250 грамм түйіршікті қантқа 1-2 шай қасық майдалап туралған зімбір тамырын қосыңыз. Үстінен орташа мөлшерде су құйыңыз да, баяу отта қайнатыңыз. Қант күйіп кетпес үшін үнемі араластырып тұру керек. Қоспа созылмалы массаға айналғанша күтіңіз. Бұл қоспаны жарты шай қасықтан, күніне 2-3 реттен ішеді. …Бұл құрғақ жөтелді үй жағдайында емдеудің амалдары осындай. Ал алып-қосарыңыз болса, жариялауға дайынбыз.

 

ЖАҢҒАҚТЫҢ ЖАС ТАМЫРЫ ТАМАҚҚА ШИПА

Салқын су ішкеннен тамақты жұтындырмай, адамды әбіржітетін кеселдің бірі – баспа (ангина). Егер дер уақытында ем жасаса, оны асқындырмай жатып қайтаруға болады. Ол үшін сізге кәдімгі йод керек. Шанышқының сабына зарарсыздандырылған мақтаны (оның үстінен жіппен орау қажет) орайды. Мақтаны йодқа батырып, онымен бадамша бездерін (гланда) бір рет басады. Сонда баспа тез қайтып кетеді.

Көктемде грек жаңғағының жас тамырын қазып алып, жуып, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын 600 грамм суға салып, 15-20 минут баяу отта қайнатады. 40 минут салқындатып, ашқарынға таңертең және жатар алдында тамақты шаяды.

2 дана алмұртты 300 грамм сүтке салып, 30 минут баяу отта қайнатып ішсе де ем болады. Бұл тәсілдердің бәрін ол 6 айлығынан бастап 6 жасқа дейін баспамен жиі ауырған балсынаа қолданып көрген. Зияны жоқ, тиімділігі өте жоғары.

 

АЛАҚАН АРҚЫЛЫ БҮКІЛ АҒЗАНЫ САУЫҚТЫРУҒА БОЛАДЫ

Бұл орындалуы өте оңай және өте тиімді ем-шара. Оған бар-жоғы 5-10 минут қана уақытыңыз кетеді. Есесіне ағза мүшелерінің жұмысын белсендіріп, сауықтыруға қол жеткізесіз.

1. Бұл массаж қуатты арттырып, шаршаған бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Буындар мен олардың арасындағы байланысын күшейтеді.

2. Жұмсақ терілер мен жасаушалардың ауыруын азайтып, жарақаттары болса тез қалпына келуге себеп. Ісіктер болса тез қайтады.

3. Қан айналымы мен ағзамыздағы зат алмасу барысын жақсартады.

4. Жүрек қантамырларының жұмысын реттеп оны ауырудан сақтайды.

5. Алақан мен буындарында көптеген рефлекторлық нүктелер бар. Ал массаж олар үшін өте иімді сауықтыру амалы.

* Бұл массажды алақанның сырт жағынан бастап иыққа дейін, содан соң керісінше, бірақ бұл ретте ішкі жағынан суды құймалау арқылы жасаған жөн. Дұрысы – жағымды жылы суды себелек (душ) арқылы құю. Судың ағыс жылдамдығы тым қатты болмағаны абзал.

* Есіңізде ұстайтыныңыз, массаждан кейін қолыңызды арнайы сумен сылау керек. Оны даярлау қиын емес: «Розовая вода» + глицерин + 10 тамшы мүсәтір. Алғашқы екеуі бірдей мөлшерде болғаны дұрыс. Дайындаған суды қақпағы жақсы жабылатын таза ыдысқа құйып қойсаңыз, таусылғанша пайдалана беруіңізге болады.

 

МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН СУ ІШІҢІЗ

Қан аздықтан құтылғыңыз келсе кешке қарай 1 ас қасық мейізді 1 стакан суға салып қойыңыз. Бұл ыдысты төсе¬гіңіздің жанына қоюыңыз керек. Себебі таңертең ұйқыдан оянысымен төсектен тұрмай жатып әлгі суды ішіп, артынша мейізді біртіндеп, асықпай жеген жөн. Тағы 5 минуттай жата тұрыңыз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 152 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: