Халық емі
21/03/2022, 11:33

СІЗГЕ ҚАНДАЙ АЗЫҚ ПАЙДАЛЫ?

Мазаңыз қашып, бойыңызды әлсіздік билеп жүр ме? Әлде созылмалы сырқаттар сыр берді ме? Онда қандай сырқат кезінде қай азық түрін пайдалану керектігін біле жүріңіз.

Аллергия. Мұндайда йогуртты көбірек жеген жақсы дейді мамандар. Оған қоса күнделікті таңертең және кешке бір ас қасық бал жеп жүрсеңіз, шаң-тозаң көтеріліп, өсімдіктердің гүлдейтін кезіндегі түшкіру мен демігу, тамақтың жыбырлауы елеулі түрде азаяды.

Артрит. Ауа райының жиі құбылуынан буындар сырқырап, сырқатыңыз сыр беріп жүрсе балық етін жиірек жеуге тырысыңыз. Әсіресе лосось, тунец, скумбрия, сардина еті иммунитетіңізді көтеріп, дертті жеңуге көмектеседі.

Астма. Тыныс алу қиындап, жүрген сайын демігіп қала беретін адамдар бұл кезде пиязды көбірек тұтынса жақсы. Пиязды еттартқыштан өткізіп, тамаққа компресс етіп қойса тыныс алуды жеңілдетіп, инфекциялық жұқпалардан сақтайды.

Ұйқысыздық. Мұндайда бал қосылған шай ішіңіз, таңертең және кешке бір шай қасықтан сорып жеп жүру де пайдалы.

Қан қысымы. Жиі көтеріліп, мазаны алған жағдайда сельдерей мен зәйтүн майын жиірек тұтынғаны дұрыс. Ол қан қысымын төмендетеді.

Бас ауруы. Бұл жағдайда да балық етін жиірек жеуге кеңес беріледі. Балық майы жайсыздықты жойып, әлсіздікті жеңуге көмек.

Диабет. Жержаңғақ пен брокколи жеген жақсы, ол қан құрамындағы қанттың мөлшерін реттеуге көмектеседі.

Асқазан. Қыжылдап, ас қорыту қиындаған жағдайда бананды көбірек жегеніңіз жөн. Ол таңғы жүрек айнуын басып, астың сіңірілуін жақсартады.

Инсульт. Күніне бірнеше кесе көк шай іше жүрсеңіз астың сіңірілуін жақсартып, салмақ қосудан сақтайды. Ас құрамындағы майдың толықтай ыдырап, тамыр қабырғаларында май тұрып қалуынан сақтайды.

Инфекция. Мүкжидек шырынындағы қышқылдар зиянды бактерияларды өлтірпі, ағзаны әлсіздіктен қорғайды.

Жөтел. Ащы қызыл бұрыш (келімдәрі) жеу керек. Күнделікті асқа азырақ қосып жүрсеңіз суықтау мен тітіркенуді басып, әлсіздіктен құтқарады.

Іш өту. Алма мен банан көмектеседі. Ол үшін алманы қабығымен қоса үккіштен өткізіп, түсі қоғыр тартқанша күтіңіз. Сосын асықпай дәмін ала жеу керек. Бананды таңертең және кешке астан кейін жеген пайдалы.

Қақсау. Мұндайда ананас жесеңіз сүйектің қақсауы, остеопороздың алдын алуға көмек.

Асқазан жарасы. Капуста жеңіз. Ол ұлтабар мен асқазандағы жайсыздықты жояды.

 

ҚАНДЫ ҚОЮЛАНУДАН ҚОРҒАЙДЫ

Қанның қою болуы адамды ауруға душар ететіні белгілі. Оны сұйылту үшін дәрігерлер үлкен кісілерге аспирин, аспирин кардио, тромбо АСС және басқа да дәрілерді ішуді ұсынып жатады. Бірақ бұл дәрілерді ұзақ ішкенде асқазан мен түрлі органдарына кері әсері болуы мүмкін. Негізі таблетканы үш ай ішсеңіз, кемінде 5-6 ай демалу керек дегенді естіп жатамыз. Мұндай кезде қан сұйылтудың табиғи әдістеріне көшу – өте тиімді әдіс. Мысалы:

Өсімдік қоспаларынан әзірленген тұнбалар қан сұйылтуда жақсы нәтиже береді. Қанды сұйылтуға жақсы көмектесетін екі түрлі шөп бар: ол бал нәрлі хош иісті өсімдік – түйежоңышқа (донник) және ақ талдың қабығы. Екеуі де біздің елде бар шөптер. Дәріханадан алып, қолдану тәсілі бойынша дайындап ішу керек. Бұл дәрілік шөптерді үш апта ішсе жеткілікті. Төрт айдан кейін ғана қайталау керек.

Күзгі ауруларға таптырмайтын ем саналатын мүкжидектен (клюква) компот қайнатып, соны жиірек ішіп жүрсеңіз, ағзаға күш-қуат сыйлап, иммунитетті көтересіз, қанды қоюланудан сақтайсыз. Оның тұмаудың алдын алуда да көмегі күшті. Бұл сусын бауыр мен асқазан және ішек ауруларын емдеу үшін аса пайдалы. Тағы бір қасиеті – жөтелден құтылуға көмектеседі. Ол үшін үш мезгіл мүкжидек шырынына бал қосып ішу керек. Таңертең ұйқыдан тұра сала таза су ішсеңіз, талай аурудың алдын аласыз. Қанды судың көмегімен сұйылтуға болады. Жалпы адамдар өте аз көлемде су ішеді. Ал ағзада судың көлемі аз болуы қанның қоюлануына әкеп соғады. Қан сұйылту үшін адам тәулігіне 1,5 литр таза су ішу керек.

...Қан қою болса, адамның есту және көру қабілеті нашарлап, буын аурулары пайда болады. Басы ауырып, аяғы мен қолын басқаруы қиынға түсуі мүмкін. Біздің ағзамыздың 70%-ы судан тұрады. Ал ғалымдар адам бойындағы судың мөлшері небәрі 2%-ға азайса, күш-қуатымыз 20%-ға әлсірейтінін дәлелдеген. Мұндай қатерге жол бермеу өз қолыңызда.

 

ЖАҢБЫР СУЫМЕН ЕМДЕЛІҢІЗ

Ерекше бір рецептпен бөліседі. Бұл оңай, әрі «қызық» амал. Дегенмен көмегі күшті, өзі қолданып көрген соң жазып отыр.

Жаңбыр (немесе қар) суын жинаңыз да, қайнатып, тұндырып, 1 литрін бөлек ыдысқа құйып алыңыз. Осы суға 90 грамм ас тұзын араластырыңыз. (Көз мөлшерімен айтқанда, ас қасықты тым толтырмай, бетімен тегіс болып келетін тұз шамамен 30 грамм болады). Емге керек 9 пайыздық тұз ерітіндісі дайын. Енді стерильді дәкені 8 қабаттап, осы ерітіндіге малып, сәл ғана сығып алады да, ауырған жерге басады. Жылуы басылмай тұрып сыртынан қойдың таза жүнін ораңыз. Ол үшін, әрине, жүнді алдын-ала әзірлеп алған дұрыс. Оның сыртынан жылы орамалмен орап тастайды. Клеенка қолдануға болмайды. Компресті түнге қарай жасап, таңертең шешеді.

Оп-оңай бұл рецепт несімен пайдалы? Тізенің сықырлауы, қақсауы, буындардың ісінуі тез басылады, компресс сүйекке өткен суықты тартады. Оны ауыр жұмыс немесе жарақаттан болған омыртқа, бел, құйымшақ, жамбастағы ауырған жерге жасаса жәрдемі бар. Мойын остеохондрозында да жақсы көмектеседі. Шыққан, сынған сүйекке де тұз компресін тартады. Көгерген жер тез жызылсын десеңіз де осы компресті жасаңыз. Суықтау салдарынан дене дел-сал болып, бұлшық еттер сырқырап ауырғанда да осы тұз ерітіндісімен емделіңіз.

Бұл сонау XV ғасырдан – Өтейбойдақ бабамыздың дәуірінен келе жатқан ем түрі. Тұзды ерітінді мен қой жүнінің жылуында денедегі суықты, тұзды, токсинді тартатын ерекшелік бар, оны өзіне жасағанда байқады. Айтпақшы, жаңбыр (қар) суының орнына дистилденген су пайдалануға да болады. Компресті кемі 5-7 күн жасаған дұрыс.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 159 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: