14/03/2022, 16:27 | |
АҒАШТАРДЫҢ БҮРШІГІН ЖИНАУДЫ ҰМЫТПА! Көктем де келіп жетті. Енді санаулы күнде Оңтүстікте ағаштар бүр жарады. Міне, осындай қолайлы сәтті тиімді пайдаланып, ағаштардың бүршігін жинауды ұмытпаңыз. Өйткені ағаш бүршіктері көп ауруға таптырмас ем. Әсіресе қайың бүршігін тиімді пайдалсаңыз, көп аурудан жазылып кетеріңіз сөзсіз. Терек бүршігі аурудың асқынуына қарсы әсер етеді. Тыныштандыратын және зиянды микробтарды жоятын қасиетке ие. Мысалы, оның күйеуі артритпен ауыратын еді. Оны ол терек бүршігімен емдеді. 2 ас қасық терек бүршігін алып, оны 200 грамм өсімдік майына салып, қайнағанша қыздырады да оттан түсіріп, суытады. 2 шай қасықтап күніне екі рет ішуге болады. Ауырған буындарға жағып, массаж жасаса тиімді әсерін тез береді. Сондай-ақ 6 ас қасық терек бүршігінің үстіне 2 стакан ыстық су құйып, орап қойып, тұндырады. Сосын жібіген бүршіктерді мыжып, дәкеге салып, ауырған буындарға қояды. Қарап тұрсаңыз, бұл процедураны жасау қиын емес. Тек ынта мен ұқыптылық керек.
ЗОБТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖОЯТЫН ДӘРУ Әлі есінде, оныншы сыныпта оқып жүргенінде ол зоб ауруымен ауырды. Ол кезде әлі бала ғой, бұл аурудың неден болатынын және қаупі жайлы ештеңе білмейтін. Ал анасы қатты уайымдап, дәрігерлер айтқан ем-доммен қоса халық емі тәсілдерімен де емдеуге ден қойған болатын. Қалың дәптерге зоб ауруына көмектеседі деген неше түрлі рецепттерді тізбектеп жазып қоюшы еді. Соның бірқатарын көпшілікпен бөліспекші. 200 грамм грек жаңғағының дәні, 200 грамм шикі қарақұмықты (гречка) кофе ұнтарқышына салып уатып, оған 200 грамм бал қосып, бәрін жақсылап араластыру керек. Осыны 3 күн ішінде жеп тауысу керек. Содан кейін 3 күн үзіліс жасап, емді қайта жалғастырасыз. Бұл жолы әрқайсысынан 600 грамм мөлшерінде дайындалған «витаминді» 9 күн жеп, 3 күн демаласыз. Дәл осылайша пайдалану 3-6 айға созылады. Анасының айтуынша, оның зобтан құлан-таза жазылуына осы «витамин» себеп болыпты. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 137 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |