Халық емі
07/03/2022, 10:39

МҰНЫ ӨЗІҢІЗ ЖАСАЙ АЛАСЫЗ

Адам күн сайын 2 грамм ұнтақталған итмұрынды жеп жүрсе сергектік сыйлап, жыныс қабілетін күшейтеді. Ұнтақталған дәнді 5 минут ақырын қайнатып, термоста 30-40 минут ұстап, үнемі ішіп жүрсе есте сақтау қабілеті артып, ағзасы жасарады.

 * * *

Бастың созылмалы ауруында жүгері майынан бір ас қасықтан тамақтан соң ішіп отырса пайдалы. Ал тамырлар тарылып, ұмытшақ бола бастасаңыз 25 грамм жүгері майын күнделікті аспен бірге қабылдаңыз.

* * *

Жүрек қалыпсыз соғып, ми тамырлары кінәсінен талып дірілдеп ауырғанда, асқа-занның ұстамалы, түйнемелі сырқатында, артериялық қан қысымында жарты кило шүй-гіншөп (валериян) тамырын жеке қайнатып, шомылатын астауға құяды. Оған қалауынша шомылуға болады.

* * *

Сыздауық мазаласа жаңғақтың жас жапырағын мыжып, үстінен бастыра таңып тастау керек. Дәрінің сырқатты жеңер-жеңбесі келер күні-ақ көріне бастайды.

* * *

Әдетте жасы ұлғайған адамдардың көзі бұлыңғыр тартып, көру қуаты иөмендей бастайды. Осы кезде күн сайынғы тағам құрамынан тәтті бұрышты үзбеген жөн. Мүмкіндік болса жаз айларынан күздің соңына дейін әбден піскен болгардың тәтті бұрышын жа¬ңа күйінде жеген адамдар келесі жылы-ақ көру қабілетінің төмендемегенін байқайды.

* * *

Жүрек шаншыса мақса¬рының гүл жапырақшала¬рынан 15 грамм, иісті тамырдан 15 грамм алып, оны 300 грамм суға бір қайнатып, бұқтырып ішеді. Емдеу мерзімі – 10 күн.

 

ҚАН АЗДЫҚТА ҚОЛДАНЫП КӨРІҢІЗ

Итмұрынның бес ас қасық құрғақ жемісін термосқа салады да, үстінен 0,5 литр қайнаған су құяды. 10-15 минуттан соң термосты нығыздап жауып, бір тәулік тұндырады. Сосын сүзгіден өткізіп, күніне екі-үш рет тамақтан соң жарты стаканнан ішіп тұрады. Ол инфекциялық аурулар, қаназдық, шаршаңқылық, ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Бел қуатын арттырады.

 

ТОНЗИЛЛИТ

Күн суытқанда жиі мазалайтын тонзиллиттен дәрісіз құтылуға да болады. Ол үшін прополистен екі дана бармақтай «лепешка» жасап, оны түнде тамақ безі тұсына қойыңыз. Таңертең алып тастайсыз. Оған қосымша, күніне 3-4 рет астан кейін 5 грамм шамасында (тарыдай) прополисті шайнап жүрсе болғаны.

 

ЖӨТЕЛДІ ТҰЗБЕН ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Кейде адамның даусы шықпай немесе қырылдап қалатын кездері болады. Сол кезде төмендегідей ем жасаса, дауыс өз қалпына келеді:

Жатар уақытта 100 грамм жылы су және 1 ас қасық таза бал, 1 ас қасық тамаққа қосатын сұйық май ішіп жату керек. Бұдан кейін таңға дейін су немесе басқа нәрсе ішуге болмайды. Осылайша тамағыңыз жазылғанша қайталаңыз.

Жөтел пайда бола бастаған жағдайда 150 миллилитр суға 1 ас қасық уатылған бүрген (калина) салып, 5 минут қайнату керек. Оны дәкемен сүзіп, 1 шай қасық бал қосып, жақсылап араластырады. Салқындағаннан кейін астан 30 минут бұрын пайдаланады.

Сондай-ақ жөтелге тұз бен ас содасының қоспасы да пайдалы. 100 миллилитр қайнатылған жылы суға 1 шай қасық ас тұзы және осынша мөлшерде ас содасын салып араластырып, күнде ертеңгілік астан 30 минут бұрын ішсе, жөтел тез жазылады.

Жөтелді лимонмен де емдеуге болады. Ол әсіресе жас балаларға тиімді. Оны былай әзірлейді: 2 бас лимонды шанышқымен тесіп, қайнап жатқан суға 5 минут салып алыңыз, салқындағаннан кейін шырынсыққыштан өтккізіп, 200 граммдық банкаға шырынын жинау керек. Сосын 25 миллилитр дәріханалық глицерин қосып, қалған жерге толғанша бал құйып, жақсылап араластырады. Бұл қоспаны тамақтан 20 минут бұрын 1 шай қасықтан ішеді.

 

КҮРІШ СУЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Бұл – ежелгі Қытай рецепті. Уақытпен тексерілген, тән саулығын сақтау мәселесінде басты шара саналатын, әдеттегі медициналық әрекеттер пайдасын тигізбеген кезде жасалатын амал деседі.

Қытайлықтар күрішті ерекше жақсы көреді. Бұл тағамды көп тұтынатындары да кездейсоқтық емес. Дұрыс дайындалған күріш өмірді ұзартып, ағзаны қажетті заттектермен қамтамасыз етіп отыратын өте пайдалы тағам.

Күріш жеп отырған кезде ағзаңыздағы токсиндер сыртқа шығады, асқазан мен ішек жұмысын ретке келтіреді. Дегенмен күрішке қарағанда оның суының пайдасы мол. Егер бұрын-соңды күріш суының пайдасы туралы естімеген болсаңыз, бұл жазбаны сақтап қойғаныңыз жөн. Ал айтарымыз мынау: мінсіз келбет, күш-қуат, сау тері күріш суын тұтынатын адамдардың серігі. Күріш суы ағзаны көмірсулармен қамтамасыз етіп, асқазан ауруын емдейді, артериялық қысымды ретке келтіреді. Оба ауруының алдын алады. Мұнымен қатар, оның косметикалық қасиеті бар. Саңылаулардың аузын бітеп, тері түсін біркелкі етіп, майлылық деңгейін азайтады. Ертеде қазіргідей арнайы дайын сусын мен тағамдар шықпаған кезде, ата-аналар балаларын осы сусынмен тамақтандырған. Бүгінде жиі айтылатын «бұрынғының балалары мықты болған» деген сөз осындай табиғи ас-судың арқасы екені жасырын емес.

Иә, ертеректе күріш суының арқасында дисбактериоз, гепатит сынды аурулар өте сирек кездесетін болған. Ол өте қарапайым әдіспен дайындалады: аз мөлшердегі күрішті суға салып қайнатыңыз. Бір стакан суға бір ас қасық күріш жеткілікті. Күріш жартылай піскен шақта су түсі өзгереді. Онымен күніне екі рет бетіңізді жуыңыз. Бір аптаның ішінде оң нәтижесі байқала бастайды. Ал күрішті суға қайнатып, оған айран қосып ішсе, асқазан-ішекті тазартып, ағзаны, теріні жасартатын дайын детокс дей беріңіз. Үш немесе бес күнге созылған осындай диета ұстансаңыз жасушалар да жаңарып, ағзаға жиналған тұздан арыласыз. Бұл «диетаның» ерекшелігі – күріш+айран ботқасын қалауыңызша жей беруіңізге болады.

Айтпақшы, күріш қайнатылған суды жиірек ішу бауырды сауықтырады.

 

ЖЫЛДАМ КӨМЕКТЕСЕТІН ЖӘРДЕМ

 Егер жұтқыншағыңыз ашып, жұтындырмаса, дереу құлағыңыздың қалқандарын уқалаңыз. Бұл жұтқыншағыңыздың ашығанын бірден басады.

Қолыңыз ұйыса, жүйкеңіздің тамырлары қысылып қалуы мүмкін. Басыңызды олай-былай бұлғасаңыз, қолыңыздың ұйығаны көп ұзамай тарайтын болады.

Кейде жүректің қыжылдауынан көпке дейін дөңбекшіп ұйықтай алмауыңыз мүмкін. Ондайда сол жағыңызға аударылып жатқаныңыз дұрыс. Мұндай жағдайда өңеш пен қарын арасындағы бұрыштың көлемі кішірейіп, жүректі қыжылдататын тұзды қышқыл қарынға аз түседі.

Егер мұрныңыз бітіп, демалуыңыз қиындаса, саусағыңызбен қастарыңыздың ортасына массаж жасаңыз.

Мұрныңыз кенеттен қанаса, жоғарғы ерніңіздің асты мен тістің қызыл етінің үстіне мақта қойып, сыртынан саусағыңызбен басыңыз. Қанның ағуы сол заматта тоқтайды.

Тісіңіз ауырса, жағыңыздың сыртына мұздай нәрсе басыңыз. Мұз болса тіптен жақсы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 144 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: