Халық емі
28/02/2022, 22:31

КЕРЕК КЕҢЕС

Жеміс-жидектерді шикі күйінде, әрі қабығымен жеу керек. Өйткені ішкі бөлігіне қарағанда қабығындағы витамин бірнеше есеге көп.

Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қажет.

Басқа мемлекеттерден әкелінетін жемісті балаларға берер алдында 1 сағаттай салқын суға салып қою керек. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше аршып жеген дұрыс.

Жемістің витаминдерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі.

Егер қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбаңыз. Себебі онда нитраттар көп болуы мүмкін.

Шіріген, дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені онда митоксин деген улы зат түзіледі. Зақымданған тұсты ойып алғаннан митоксин жойылмайды. Тіпті сол жемісті, көкөністі қайнатып, тосап жасаса да уы кетпейді. Ол қайта бауыр мен жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп болады.

Жеміс пен көкөністі ашық күйде сақтауға болмайды. Олай жасаса, біріншіден, түсін, екіншіден өздеріне тән хош иісі мен дәмін жоғалтады. Оларды шыны ыдысқа салып, желім қақпақпен аузын жауып, мұздатқышта сақтайды.

С витамині бар көкөністі аз қайнатады. Оны алюминий ыдыста қайнатқан жөн.

Тазаланған картопты суда көп ұстамайды. Су алғашқы жарты сағатта картоптың құнарлығының 40 пайызын жояды.

 

ӨТТІ ҚОЮЛАНУДАН ҚОРҒАЙДЫ

Өтті қоюланудан қорғайды Бір стаrан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны ашқарынға ішеді. Сосын 1,5–2 сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді. Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, шыны ыдысқа салып, біраз уақыт қойса, әбден еріп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыры, өт жолы ауыратын адамдар оны ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 136 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: