21/02/2022, 19:33 | |
ӨКШЕДЕГІ ТҮЙІНДІ ЙОДПЕН КЕТІРДІ Оның өкшесіне бір түйін сияқты нәрсе шегедей қадалып, бастырмай жүрді. Ол оған өзінше сүйел деп ат қойып алды. Өйткені ол тым кішкентай болатын. Бірақ, шын мәнінде, ол сүйел де емес еді. Көзге көріне бемейді, тек қаттырақ батыра сипағанда сезіледі. Кішкентай болғанмен жүріп-тұрғанда кәдімгідей кедергі келтіріп, ауыртатын. Осы түйінді ол кәдімгі йодпен кетірді. Бір ас қасық балға бір шай қасық йод, бір шай қасық тұз қосты да, жақсылап араластырды. Оны тез арада дәкеге жағып, ауырған өкшеге жапсырды. Түнде осылай ұйықтау керек. Таңертең онымен жарты сағат жүргеннен кейін алып тастайды. Осындай әдіспен бес күн қайталағанда түйін тартылып, өкшесі мүлде ауырмайтын болды.
АРТРИТТІ БАЛМЕН ЕМДЕП КӨРІҢІЗ Ойламаған жерден маған артрит деген диагноз қойылды. Тізесінің шаншып, тызылдап ауыруы мен аяғының бастырмай қалуы жанына қатты батып бара жатқан соң халық емі тәсілдерін қолданып көруді жөн көрген еді. Соның арасынан балмен емделудің тиімділігі зор екенін байқады. Ауырған буынды балмен сылап, қырыққабаттың ортаңғы тұсындағы жапырағын жұмсартып, оған да бал жағады. Сосын оны ауырған тізесіне орап қояды. 3-4 сағат өткенде алып тастап, жылы сумен жуып, құрғата сүрту керек. Бұл емді 10 күн бойы күніне 3-4 реттен жасап, сосын күнара жасау тәртібіне көшкен тиімді. Осылай бір жарым ай қайталаған кезде тізесі буындарындағы тұздан да, артриттен де айықты.
ЖАРАНЫ ДА, БЕЗЕУДІ ДЕ КЕТІРЕДІ Кейбір басылымдардан денесіне шыққан жараның жазылмай жүргенін айтып, қандай амал бар деп сұраушыларды көзі жиі шалып қалады. Ол оларға өзі білетін бір тісілді ұсынбақшы. Қайың шырынын қазір дәріханалардан табу қиын емес. Оның емдік қасиеті өте керемет. Негізі қайың шырынын ағзаны тазалауға, иммунитетті көтеруге жақсы көмектеседі деп жатады. Тәбетті ашатынын да естіген. Ал өзі оны кішкентай қызының денесіндегі сары жараға жағып көрді. Шипасы тиді. Қайың қабығының теріге молекулярлық деңгейде әсер ететінін ғалымдар зерттеп көрген екен. Ол зақымданған терідегі бактериялар мен өлі ұлпаларды жоятын көрінеді. Ісікті басатынына да өзі көз жеткізді. Өз басы белгісіз себеппен бетінде қаптап кеткен безеуге қазір қайың шырынын жағып жүр. Жаман емес, косметологтар айтқан тәсіл емес, оған сол жақсы әсер етіп жүргенін байқайды. Мұны жазғандағы айтпағы: емді алыстан емес, қолжетімді жердегі жақыннан іздеңіздер, табиғат сыйын дұрыс пайдаланыңыздар демек.
ӨТ ҚОЮЛАНСА ҚЫЗЫЛША ШЫРЫНЫН ҚОЛДАНЫҢЫЗ Өт сұйықтығы қоюланып, онда тас түзіле бастағанда жағдайды операцияға жеткізбей емдеудің амалын қарастырған жөн екен. Мұндайда қызылшаның көмегі көп. Қант қызылшасынан бірнешеуін алып, жуып-тазалап, ұсақтап турайды. Оны қайнату керек. Езіліп, ботқа болған кезде астан бұрын 1 стаканын жейді. 15 күн жеп, бір апта демалады. Емді осылай 3-4 ретке дейін жалғастыруға болады. Өтте егер тас болса, емге лимон мен қызылша шырынын қолданып көріңіз. Екеуін тең мөлшерде қосып, ұйқы алдында жарты стаканнан ішеді. Екінші аптада таңертең ашқарынға жарты шай қасықтан тауық бөтекесінің ішіндегі жарғақтан қайнаған сумен ішеді. Үшінші аптада шай қасықтан толтырып ішеді. Соңынан зәйтүн майын ішу керек. Бұл әдіс өттегі таспен қоса бүйректегі тасты да түсіреді.
ІШ АУРУЛАРЫН БАСАТЫН ТҰНБАЛАР Іш қатты бүріп ауырғанда түймедағы (ромашка) мен мыңжапырақтың (тысячелистник) 1 ас қасық қоспасын 1 стакан қайнаған суға салып, 20 минуттай тұндыру керек. Сосын сүзіп, күніне 3-4 рет жарты стаканнан ішкен дұрыс. Гастритке қарсы қара андыздың (девясил) ұнтақталған 1 ас қасығын 1 стакан суытылған қайнаған суға салып, кемінде 10 сағат тұндырасыз. Кейін күніне 4 рет жарты стаканнан тамақтан 30 минут ішеді. Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсарту үшін бақбақбың (одуванчик) майдаланған 2 шай қасық тамырын 1 стакан суытылған қайнаған суға салып, 8 сағаттан кейін сүзіп, күніне 4 рет астан 30 минут бұрын күніне жрты стаканнан ішу керек. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 154 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |