14/02/2022, 16:58 | |
БАУЫР АУЫРҒАНДА КӨМЕК Бір аурудан емделу үшін ішкен дәріңіз көп жағдайда бауырға кері әсерін тигізіп жатады. Ондайда бауырды қорғаудың қарапайым әдісін қолданыңыз. Менің сынақтан өткен әдісім мынадай: 100 миллиграмм жаңа сығылған сәбіз шырынын 120 миллиграмм ыстық сүтке араластырып, таңертең ашқарынға ішу керек. Таңғы асты 3 сағаттан кейін ішкен дұрыс. Мұндай емді бір ай жасаған соң бауырыңызды тексертсеңіз, нәтижесін бірден байқайсыз.
МАНДАРИН ҚАБЫҒЫ ҚОРЫЛДАУДЫ ҚОЙДЫРАДЫ Былтыр жолдасының қолына ақ дақтар шыға бастады. Естіген-білген амалдар көмектеспеген соң бір кітаптан оқығаны бойынша 250 грамм күріш сірке суына 100 грамм қарағай ұрығын шылап қойып, екі күннен кейін күніне үш реттен ақтаңлақ орнына жағып жүрді. Дақ кішірейіп, қоңырқай тарта бастағанда мандарин талқанына жарты ас қасық құнжұт майын араластырып жақты. Сонда әлгі ақ дақтан із де қалған жоқ. Жолдасының түнде қатты қорылдайтын әдеті бар. Ондайда даусы келесі бөлмеге дейін жететін. Ұйқыны бұзған бұл әдеттен құтылудың да әдісін тапты. Ұйықтар алдында мандарин қабығынан бір кесекті ауызға салып, 15 минуттан соң түкіріп тастаңыз, осылай 3-5 рет жасасаңыз түнгі ұйқыда қорылдамайсыз, әрі тіс қайрамайтын боласыз. Кіші баласының тісі жиі ауыратын. Құрттамаса да суықтағаннан тіс түбі қақсайды. Дәрі ішсе, күші кеткен соң қайта ауырып, жаны қиналатын. Сонда бір емші әйелдің айтуымен жаңғақ дәнін отқа қыздырып, қақсаған тіспен бірнеше рет тістетіп көрді. Осы әдісті бірнеше рет қайталаған соң тісі мүлде қақсамайтын болды. Қыста балықты жиі жейді. Кей кездері оның қылтығы тамаққа тұрып қалып, қиналатыны бар. Оны тез алып тастамаса тамақты жырып, оған ірің тұрып қалса жағдай қиын дей беріңіз. Мұндай жағдайда сірке сумен тамақты шайқап ақырын жұтыныңыз, бірнеше рет қайталасаңыз дереу сауығасыз. Қыста ер адамдардың аяғынан жағымсыз иіс шығатынын білеміз. Сапасыз аяқ киімде де иіс болады. Оны кетіру үшн ашудасты талқандап, табанға жағыңыз, 3-4 ретте терлеуі басылады. Содан 7-8 айға дейін аяқ қайта терлемейді. Осыларды сіз де жасап көріңіз, өкінбейсіз.
ҚАЙЫЗҒАҚТЫ КЕТІРЕДІ ЕКЕН Төрт лимонның қабығын бір литр суға салып, 15 қайнатып, аптасына бір рет осы қоспамен басын шайып тұрса, қайызғақ кетеді. Қызылшаның суы да қайызғаққа таптырмас ем. Ол үшін 3 литрлік банкаға жартылай су құясыз. Оған қызылшаны турап, су банкінің аузына жеткенше қызылша салып, бетін жауып, 5-6 күнге терезенің алдына беті көгергенше қоясыз. Сосын қызылшаның суын дәкеден өткізіп, жылы суға араластырып, басты жуып болған соң сонымен шаясыз.
БУЫН АУРУЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ Сорбуын (артрит). Бұл буын қабынуынан сүйекке келген зақым. Нәтижесінде буындардың қалыпты жұмысы бұзылып, қисаяды, сіңірлер мен бұлшықетті зақымдайды. Шорбуын (артроз). Ағзаға қоректік заттың сіңбеуінен шорбуын пайда болады. Бұл 55 жастан асқан жандарда жиі кездеседі. Ауырған адамның түнге қарай буындары күтірлеп, ауруы күшейеді. Коксартроз. Буын ауруының бұл түрі жамбас буындарының зақымдалуы, буын шеміршектерінің бұзылуынан пайда болады. Нәтижесінде адам жүрген кезде ауру ұлғайып, буынның қозғалуы қиындайды. Остеоартроз. Сүйек құрылысының зақымдалуынан болатын остеоартроз сүйектің тығыздығын кемітеді. Ал тығыздығы кеміген сүйек сынғыш болады. Подагра. Бұл адам бойындағы айналыс заңының бұзылуынан туындайды. Подагра кезінде науқастың буындары ісініп, қатты ауырады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 139 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |