07/02/2022, 12:29 | |
АСТЫ ТЕЗ ҚОРЫТАТЫН АС Адам қарны ашқанда тамақты талғап ішуді ұмытып, «жыланның бетін» тезірек қайтарғысы келеді. Мұндайда майлы, тұзды, қуырылған асты тоя жегің келетін тәбеттің ақылға бет қаратпайтыны бар. Оның соңы өзіңді жайсыз сезінуге соқтырып жатады. Сондай сәттерде дертіңізге қарай мына жеміс түрлерін жеп жіберіңіз: Жүрек-қан тамырлары дерті мазалайтындар тым тоя тамақтанудан кейін өзін жайсыз сезінсе бір дана құрма, апельсин, грейпфрут, алма немесе сәбіз жеп жібергені дұрыс. Оны асықпай, нәрін ала жеп тауысу астың тезірек әрі дұрыс қорытылуына, қан қысымының қалпына келіп, зиянды холестериннің ыдырауына жәрдемдеседі. Буын аурулары немесе ревматизм кезінде астан кейінгі жайсыздықты лимон арқылы жоюға болады. Ол бұлшық ет тарамдары мен сүйек тіндерін бекітеді. Инфекциялық ауру кезіндегі жайсыздықтарда лимон мен зәйтүн майы ағзаны вирустардан қорғайды, ал құлпынай вирусты бейтараптандырады. Йогурт ағзаны әлдендіріп, астың дұрыс қорытылуына көмектеседі. Демікпе мазаласа апельсин мен тәтті бұрышты жиі қолдануға кеңес беріледі. Семіздік кезінде астан бас тарта алмай, тоя тамақ ішсеңіз көп ұзамай түсті капустасының салатын жеп жіберіңіз. Ол астың тез қорытып, қалдықтарды сыртқа шығарды. Көз аурулары кезінде сәбіз, қарақат пен көк шайдың пайдасы зор. Стресс, уайым мен күйзеліс салдарынан маза қашса лимон, кофені жиі пайдаланыңыз. Ол жүйкенің ширығуын басып, ағзаны әлдендіреді. Көңіл-күй болмаса алмұрт, ақжелкек пен көк пиязды көп тұтыныңыз. Құлпынай, шие, бүлдірген де белсенділікті арттырып, жаныңызды тыныштандырады. Ұйқы қашса жылы сүтке бал қосып ішіңіз. Ол жүйкені жайландырып, уайымнан арылтады.
ЖҰМЫРТҚАНЫҢ ҚАБЫҒЫ ДА ЕМ Бәзбіреудің жыл бойына ерні мен өкшесі жарылып жүретін. Шашы да көп түсуші еді. Дәрігерге көрінгенде бұлардың ағзада витамин жетіспеушілігінен болатынын айтты. Сөйтіп керек витаминдер тізімін жазып берді. Ол олардың бәрін қабылдады. Бірақ онымен ерні мен өкшесінің жарылуы тоқтаған жоқ. Түрлі кремдерді де пайдаланып көрді. Әсері бола қоймады. Сөйтіп жүргеніде ағасының баласының басына жара шығып, жеңгесі оны бір орыс әжейге емдеуге апарып жүрді. Бірде жеңгесі жұмыстан босай алмай, інісін орыс әжейдің үйіне ол апарды. Інсіні емдеп болғаннан кейін ол өзін мазалаған жайларды әңгімеледі. Ол кісі оған бір кеңес айтып, соның арқасында мазалаған дертінен айықты. Бір керегі болар деген оймен бұл емді өздеріңізге жолдауды жөн көрдік. Қолда өсірілетін тауықтардың он ақ жұмыртқасын қайнатып, қабығынан тазартасыз. Қабықтарды әбден кептіргеннен кейін, оны езіп ұнтақтайсыз. Сөйтіп оның бір шай қасығын тамақтан кейін немесе тамақтану кезінде сумен ішесіз. Бұл емді талып қалатындар да пайдалануына болады. Орыс әжейдің айтуынша, жұмыртқаның қабығын көптеген ауруларға ем екен.
ҰЗАҚ ЖАСАУДЫҢ СЫРЫ Жапондықтар ұзақ өмір сүруде әлем бойынша бірінші орында. Мұның себебін олар мына сегіз тәсілге сыйдырады: 1. Күнделікті ашық жасыл, ашық сары түсті көкөністер мен жеміс-жидектерді жеу керек. Мысалы, сәбіз, мандарин, алма. 2. Зығыр майы мен күнбағыс майында адам өмірін ұзартатын аса бағалы қышқыл бар. Сондықтан күніне бір қасық зығыр немесе күнбағыс майын ішіп отырыңыз. 3. Күнделікті ұйқыдан тұрғанда жаттығу жасап, демалыс күндері қала сыртына серуен құрыңыз. 4. Әрнәрсені ойлап, қайғыра беру мидда, ағаны да қартайтады, иммунитетті әлсіретеді. 5. Күніне 8-9 сағаттық ұйқы адамның жүйке жүйесін, ағзаның демалуына мүмкіндік береді, жүрек соғысын реттеп, қан қысымын түсіреді. Денедегі зақымданған жаралар ұйықтаған кезде тез жазылады. 6. Бөлмеңіздің тазалығына, заттар мен жиһаздардың орналасуына ерекше мән беріп, жиі желдетіп тұрыңыз. 7. Шектен тыс тоя тамақтану адам өмірінің қысқа болуына әсер етеді. 8. Үнемі күліп, көңілді жүруге тырысыңыз. Адам күлгенде беттің бұлшық еттері қозғалысқа түсіп, диаграфма мен асқазанның жұмысы да жақсара түседі. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 152 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |