31/01/2022, 17:04 | |
ӨТ ШАЯТЫН ШАЙ Жүгері шашағы. Тұнба дайындау үшін Термосқа жарты литр қайнаған су құйып, оған 3 шай қасық жүгері шашағын салады. Жарты сағат тұндыру керек. Дайын болған тұнбаға бірдей пропорцияда су (қайнаған) құйып, тамақтан 30 минут бұрын 1 стаканнан ішеді. Қызылша шырыны. Қызылшаны шала піскенше суға қайнатып алыңыз. Сосын үккіштен өткізіп, дәкеге салып, шырынын сығып алады. Емдік мақсатта шырынды күніне 4-5 рет, астан бұрын 2 ас қасық мөлшерінде қабылдайды. Жалбыз жапырағы. Өт қызметін қалыпқа келтіруде жалбыз жапырағынан дайындалған шайдың көмегі күшті. Ол жүрек айну мен оң жақ бүйірдегі ауырлықты да жояды. Жапырақтарды суға салып қайнатып, дайын болған шайды күніне 2-3 стаканнан қант қоспай ішу керек. Өсімдік майы. Жарты стакан рафинадталған майды қыздырып, жылы күйінде ішіп, оң бүйірмен жатыңыз. Қабырғаңыздың астына қыздырғыш қою маңызды. Одан кейін сұйық сорпа, жылы шай ішу керек. Бақбақ тұнбасы. Кептірілген бақбақ гүлін майдалап турап, баяу отта 20 минут қайнатады. Оны жылы күйінде күніне 3 рет, жарты стаканнан ішеді. Алма шырыны. Жасыл сұрыпты алмадан дайындалған табиғи, химикатсыз шырынды бір айы бойы үзіліссіз, күніне 3 рет жарты стаканнан ішу керек.
ДӘРІСІЗ ЕМНІҢ БІР ТҮРІ Кешкі астан кейін бір сәт теледидар қарап, кино көретін әдем көпшілігімізде бар ғой. Осындай сәтте мен табанды уқалауды әдетке айналдырдым. Яғни теледидар қарап отырып аяқты тобықтан төмен қарай белгілі тәртіп бойынша уқалап, тиісті нүктелерін басып отырамын. Пайдасы көп. Аяқ табандарында бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс жасауына жауап беретін негізгі нүктелер орналасқан деп жатады. Түсігенім, табанды уқалау бүкіл ағзадағы қан айналымын жақсартады. Шаршағанды басады. Жүйкені тынықтырады. Әйтеуір 5-10 минуттық массаж менің күні бойғы шаршағанымды әп-сәтте басады. Егер бас жиі ауыратын болса, аяқтың ұштарын уқалаңыз. Солай ми қызметін де жақсартуға болады. Мойын омыртқасы тартылып, желкесі құрысатындар көп қой. Олар үлкен бақайдың айналасын жарты сағаттай уқалап тұрса, соған тікелей әсер ететін рефлекстық нүкте арқылы жағдайды жеңілдете алады. Өкпе ауруымен күресу үшін табанның орта жағын уқалау керек екен. Осылай бронхит кезінде патологиялық жағдайды жеңілдетіп, ентігуді басуға болады. Жүрегі ауыратын адамдар үлкен бақайдан аздап төмен орналасқан аймақты күніне 30-40 минут уқалап тұрғаны дұрыс. Рефлексотерапевтер мен белсенді нүктелер арқылы сауықтыратындар осылай жүректің еш шалыссыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.. Табандағы дөңес бар. Соның ішкі жағын уқаласаңыз, бауырға түскен күшті азайтып, оның жұмысы жақсаруына көмек бересіз. Өкшені де уқалаңыз. Сонда беліңіздің ауырғаны басылады. Ең дұрысы, кешкі тынығу уақытында табанды жоғарыда айтқан тәсілмен уқалауды әдет ету. Мен өзім осылай жасаймын, сізге де солай етуге кеңес беремін. Бұл дәрісіз емнің бір түрі. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 158 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |