Халық емі
24/01/2022, 19:00

АШУТАС ҚЫШЫМАНЫ ҚАЙТАРАДЫ

 Ашутасты бәріңіз білетін шығарсыздар. Ол науатқа ұқсас кристалды зат.

Ашутасты шикідей немесе күйдіріп жасайды. Егер оны қазанға салып қайнатса, суы бу¬ланып көбейеді. Ел арасында мұны өңделген ашутас деп атайды. Енді ашутастың қандай ауруларға ем болатынына тоқталайық.

Қазақтың халық емінде оны бірқатар ауруларға қарсы қолданған.

Мұрын қанағанда ашутасты ұнтақтап, суға езіп, мұрынның ішіне тамызса, қан сап тиылады.

Тіс ауырған кезде сірке суына немесе балға қосып қайнатып, ауызды шайқаса, тіс етінің қабынуын қайтарады.

Адам құсқанда белгілі бір мөлшерде қайнаған сумен ішсе, ем болады. Өңделген ашутас пен күйдірілген гипстің әрқайсысынан 20 граммнан алып, оған вазелинді қосып араластыру арқылы май дәрі жасауға болады.

Ашутас қышыма мен бөрткенге пайдалы. Сондай-ақ адам талма ауруына ұшыраса, 60 грамм ашутасқа 120 грамм май жапырағын қосып талқандап, күн сайын 6 граммнан ішу керек.

 

ҚАН ТАЗАРТА АЛАМЫЗ БА?

Адам ағзасының тін аралығындағы қоректер, түссіз сұйық зат (лимфа) қатарындағы пайдалы сұйықтықтың бірі – қан. Оның негізгі атқаратын қызметі – тыныс жүйесі, ас қорыту және ағзадан бөліп шығару. Қан айналымының араласуы ағзада зат алмасуға және бірқалыпты дене температурасының сақталуына көмектеседі. Уытты заттарды бейтараптандырады. Ең тиімді жол – қанның қалыпты қызмет жасауы үшін оны әлсін-әлсін тазалап отыру. Ол үшін түрлі емдік шөптерден жасалған шай ішіп отырса болғаны.

Бақбақ шайы: 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған бақбақ тамырын салып, термоста 1 сағаттай бұқтырып алады. Осы тұнбаны күніне тамақ алдында 1/3 стакан 30-40 минут бұрын ішкен жөн.

Мыңжапырақ шайы: 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған шөп салып, 1 сағаттай жылы жауып бұқтырып алып, сүзілген тұнбаны күніне 1 стаканнан 3-4 рет тамақтан жарты сағат бұрын қабылдайды.

Жусан шайы: 1 стакан қайнаған суға ұнтақталған жусан шөбінен бір шымшымдай қосып, 10 секундтай бұқтырып, суыған тұнбаны асықпай бір жұтымдап ішу керек.

Қалақай шайы: Бұл қан тазартуға өте пайдалы шөп. Қалақай негізінен ас қорыту, бүйрек пен қуық жолдарының жұмысын жақсартады, ағзаны жетіспеген витамин, минералды заттармен жабдықтайды. Қанды қалақай шайымен тазартуды айдың соңында бастап, екінші айдың басында аяқтаған жөн. Одан соң екі жұма демалып, екінші ем кезеңін келесі толық аймен ай біткенше қатар бастау керек. Дені сау адамға (14 күндік) екі реттік ем кезеңі жетіп жатыр. Ағзаны керексіз заттардан тазартамыз деген адамға емді үш кезеңге ұзартса болғаны. Қалақайды айдың соңында жинаған абзал. Және де жас жапырақтарын ғана пайдалану керек. Жапырақтарды жумай, шаң-тозаңынан тазартып, кептіріп, ұнтақтап алған жөн. Сөйтіп 1 стакан қайнаған суға кептіріп, ұнтақталған қалақай шөбінен 1 ас қасық салып, жарты сағат бұқтырып, сүзіп, шамалы қайнаған су қосып, күніне 3-4 рет қабылдаған дұрыс.

 

ВИТАМИДЕРДІҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Жүктілік кезінде әйелдерге ерекше күтім керек екендігі белгілі. Оның ең бастысы – жақсы көңіл-күй мен дұрыс тамақтану. Ананың қажетті витаминдермен уақтылы тамақтануы бала денсаулығының кепілі. Сондықтан болашақ аналар білуге тиісті мына мәселелерге тоқтала кетейік.

Баланың денсаулығы дұрыс болуы үшін оның ағзасында темір, йод, мырыш жеткілікті болуы керек. Бұл маңызды микроэлементтердің жеткіліксіздігі мезгілінен бұрын босануға әкеп соғады. Сондықтан ол анаға да, балаға да қауіп тудыруы әбден мүмкін.

Темір жетіспеушілігі қаназдыққа әкеліп соғады. Мұндай жағдайда бала әлсіз болып туылады. Және еңбекке деген құлшынысы төмен әрі ұмытшақ келеді. Мамандар үш жасқа дейін қаназдыққа ұшыраған бала кел-келген аурумен күресуге дәрменсіз және интеллектуалы төмен болады деп есептейді.

Йод жетіспеушілігі ас қорыту мүшелеріне, бауыр, өтке әсер етеді. Ал дұрыс тамақтанбаған немесе дұрыс ас қорытпаған жағдайда адам ағзасында түрлі аурулар асқынады. Ағзадағы йод тапшылығы атеросклерозға әкеп соғады. Балалы болу бақытынан айырылған әрбір үшінші әйелде йод тапшылығы байқалады екен.

Мырыш жетіспеушілігінен бала салмағы аз және бойы кішкентай болып туады. Болашақта оның өз қатарластарымен тең өсіп кетуі күмәнді нәрсе. Ұл балаларда мырыш жетіспеушілігі ұрық әлсіздігіне, яғни ұрпақсыздыққа ұшыратады. Тіпті баланың ақыл-есі дұрыс дамымай қалуы да мүмкін. Мұндайда дәрігер кеңесіне құлақ түріп, дұрыс тамақтану қажет-ақ. Жүкті кезінде сымбатымды сақтап қаламын деп арықтаудың керегі жоқ. Аяғы ауыр ананың 9-12 кило салмақ қосуы заңды нәрсе. Болашақ ана жеміс-жидек, көкөніс, сүт тағамдарын көп мөлшерде пайдаланғаны дұрыс.

Картоп С витаминіне бай, адамдар оны күніне 75 мг. жеуі керек болса, жүктілік кезінде мөлшерін 100 мг-ге дейін көбейткен пайдалы. Одан адам семірмейді, есесіне картоп көп энергия береді. Тұздалған қияр мен жаңа піскен көкөністер де С витаминіне бай. Ол бала ағзасының ауруға қарсы күресу қабілетін арттырып, тіс еттерін қатайтады.

Капуста бактерияларды өлтіреді. Онда Н витамині көп. Ол шаш түсуден, таздықтан, тері аллергияларынан сақтайды. Оған сәбіз бен лимон қышқылын қосып жесе, аса пайдалы.

Кәдімгі нанда В1 витамині көп. Жүктілік кезінде нанды әдеттегіден 20 пайыз көп жеу заңды. Ол балаға күш беріп, туа бітті аурулардан сақтайды, ішек ауруларының алдын алады.

Банан – пайдалы тропикалық жеміс. Ондағы В6 витамині жүкті әйелдердің жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, мезгілсіз босанудан сақтайды. Ал сүт тағамдары ағзадағы кальций жетіспеушілігінің орнын толтырады. Ересек адамдар күніне 2 стакан сүт (йогурт, айран) ішулері керек. Онда 600 мг. кальций бар. Бұл – бір күндік норма. Ал жүктілік кезінде кальций қажеттілігі 1000 мг -ге дейін артады.

Көкөністегі А витамині адам ағзасының дамуында өте маңызды роль атқарады. Сары өрік, помидор, сәбіз, жалпы қызыл, сары түсті көкөністер тері ауруларынан сақтайды, ішкі құрылыс ауруларының алдын алады, көздің көруін жақсартып, жүрек соғысын реттейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 158 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: