17/01/2022, 10:55 | |
СІЗГЕ ҚАНДАЙ ВИТАМИН ЖЕТІСПЕЙДІ? Сізге қандай витамин жетіспейді? Витаминдердің адам өмірінде маңызы зор екені белгілі. Ал олардың жетіспеушілігі ағзада қалай сезіледі? Бұл тапшылық неге соқтыруы мүмкін екенін білгіңіз келе ме? Цинк. Адам ағзасында аз мөлшерде жүрсе де цинктің болғаны дұрыс. Егер ол азайса қарт адамдар ұмытшақтыққа ұрынып, әр нәрсені шатастырып, алжи бастайды екен. Ал балаларда тәбет қашып, бойы өспей қалады. Ересектерде цинк тапшылығы ештеңеге зауқы соқпай, бей-жай болу, жинақтала алмаумен сипатталады. Ер адамдарда бұл жетіспеушілік бел қуатынан айырылуға соқтыруы да мүмкін. Темір. Оның жетіспеушілігі қан құрамындағы қызыл түйіршіктердің азайып, анемияға соқтырады. Йод. Йод тапшылығы зоб ауруына ұшырататыны мәлім. Магний. Бұл тапшылық ауыра қалғанда дәрі-дәрмектерге реакция немесе аллергия тудырып, емделудің қиынға түсуімен сипатталады. В витамині. Ол зат алмасу ағымына қатысады. Осы витамин жетіспесе шашыңыз сиреп, морт сынатын болады жане ұйқысыздық меңдейді. Оның үстіне асқазан безінің жұмысы бұзылып (секреторная функция желудка), қатерлі ісіктің қаупі күшейеді. В6 витамині. Ол амин қышқылдарының алмасу ағымына қатысады. Осы витамин жетіспесе қан аз (малокровие) ауруына тап болып, адам ерте қартаяды. С витамині. Ол біздің қанымыздың тазалығы мен сапасына әсер етіп, адам бойының өсуіне, иммундық қорғаныс қабілетінің төмендеуі мен қатерлі ісік (рак) жасушаларының «тірілуіне» соқтыруы мүмкін. В витамині. Ол ағзаға кальцийдің сіңуіне жәрдем береді. К витамині. Мидын жұмысын реттеп, миға қан құйылудан сақтайтын витамин жетіспеушілігі ағзада аз болса үздіксіз бас ауыру мен бас сақинасы басталады. Е витамині. Оның аздығы ерте қартаю, әжім түсу, себепсіз жиі ауырумен сипатталады. Ер адамдарда бел қуатының төмендеуі байқалады. А витамині. Ол аз болса көз жанары құрғап, кешке қарай көру қабілеті төмендейді. Сондай-ақ тері қышығыш келеді, құрғап, қабыршықтанады.
ҚҰРҚЫЛТАЙ ҰЯСЫМЕН ҚАЛАЙ ЕМ ЖАСАЙДЫ? Ерлі-зайыптылар ең алғаш отауға кіргенде күтінбесе «отау жел» деген пайда болады. Ол жас жұбайлардың балалы болуына үлкен кедергі, себебі соңы бедеулікке соқтыруы мүмкін. Мұндайда отау желді еш дәрі де, дұға да қуа алмайды. Ол желді тек құрқылтай деген құстың ұясының түтіні ғана қуады. Бұл құстың ұясы өте қасиетті. Сондықтан ұяны аларда Алладан рұқсат сұрап, жалынып-жалбарынып, ақтық, садақаңды беріп барып алуың қажет. Ол құс ұясын тоғайлы жерде, талдың басына салады. Адамның ұйық-қолғап тоқығаны секілді ерекше ұяны алғш көрген кісі таң-тамаша болады. Бір ұяны үш кісіге қолдануға болады. Қолдану тәртібі мынадай: Әйел адамға: Ұяның үштен бірін кесіп алып, түбекке салады. (Мақта секілді сәл-сәл түтіп жіберу керек). Сонан соң бір ұгын түтетіп, бықсытып түтіндетеді. Лаулап жанбасын. Бықсып түтіндей бастағанда әйелді сол түтін үстіне дәретке отырғызған секілді отырғызады. Айналасын, белінен төменгі жақтарын түгел жақсылап қымтап, жиырма минуттай отырғызу керек. Сонан соң жылы киініп, екі сағат терлеуі қажет. Лажы болса, ыстық сорпа ішіп, ауыр нәрсе көтермей, үш күн күтінуі тиіс. Суық су ішуге, суық суға жуынуға болмайды. Ерлі-зайыптыларға үш күнге дейін жақындасуға болмайды. Ер адамға: Жерді кішкене ойып шұңқыр жасап немесе тапаға ұяны түтіндетіп, ер кісіні тізерлетіп отырғызады. Қалған тәртібі әйелдердегі сияқты. Сонда отау жел кетіп, ерлі-зайыптылар көп ұзамай перзентті болады.
ЖӨТЕЛДІ ТЕЗ КЕТІРГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ? Суықтап, тұмауратып ауырған кезде қолданылатын халықтық ем әдістері көп. Солардың бірқатары мынадай: 1. Бал қосылған ыстық су. Ыдыстағы 150 грамм балға (3 ас қасық) 150 грамм құмшекер, 1 литр су қосып, 20 минут орташа жанған отта қайнатады. Көбігін алып тұру керек. Сосын оған 8-10 дана қалампыр, 1 шай қасық уатылған даршын, 1-2 лавр жапырағын қосып, бір ретте 0,5 литрден, ыстықтай ішу керек. 2. Орташа 15-18 пияз қабығының үстінен 1 литрмұздай су құйып, қайнатып алу керек. Баяу отта ұстай отырып, судың жартысы жоғалғанша ұстайды. Сосын толық суытып, сүзіп алады. Бал қосып, күніне 4-5 мәрте, екі ас қасықтан ішіп тұру керек. Жөтелге, созылмалы бронхитке шипалы. 3. Бронхит бастала салысымен емдеуге кірісу керек. Мұндайда жолжелкен (подорожник) пайдалы. Қақырық түсіреді. Оның 20 грамын 200 миллилитр қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырады. Осыны күніне 3-4 мәрте, 1 ас қасықтан ішіп тұру керек. 4. Жөтел, мұрын бітуі, тамақ ауыруы басталған кезде 5 тамшы йод қосылған 0,5 стакан қайнаған жылысу ішкен дұрыс. Сосын бір түйір сарымсақты асықпай шайнаса көмектеседі. 5. Шикі картоп та шипалы. 3 данасын 4-тен бөліп, үстіне 10 түйір қара бұрыш, укроп дәнін, 5 лавр жапырағын, су қосып, кастрюльде қайнату керек. Тұз қоспай, суын ішіп, картопты жесе, суықты алады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 154 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |