11/01/2022, 11:03 | |
БҮЙРЕКТЕГІ ТАСТЫ ТҮСІРУГЕ БОЛА МА? Халық емінің зерттеушісі, алматылық Сейітқамза Қалиевтің бірнеше рецептін ұсынуды жөн көрдік. Бүйрек пен қуықта құм жиналса, күн сайын таңертең ашқарынға астан бір сағат бұрын 1 стакан қайың шырынын ішеді. Ол құмды қуалап, тасты үгітуге ықпал жасайды. Аталған ағзаларда фосфат, карбонат тастары болса жасушаларды қажап бүлдіре бастайды. Бүйрек жасушаларын тітіркендіріп, жұмыс қабілетін арттыруға көмектеседі. Үлкендеу екі қызыл, екі қара шалқанды еттурағыштан өткзіп, сығып, шырынын 300 грамм ақ араққа қосып араластырады. Аузын мықтап жауып, 15 күн қараңғы жерге қояды. Күн сайын үш рет, әр жолы 30 грамнан ішеді. Бүйрек аузында жиналған құм-тасты зәрмен тысқа айдайды. Бүйрек тасын түсірудің қарапайым бір әдісі – зығырдың дәнінен 100 грамды 2 литр суға 10 минут ақырын қайнатып, әр екі сағат сайын жарты стаканнан ішеді. Мұны таңертең ашқарынға бастап, ол күні басқа тағам ішпейді. Келесі күні де жалғастырады. Екінші күннен бастап тастар түсе бастайды. Тастарды үгітіп шығарудың тағы бір әдісі – 2 кило қызғылт сәбізді еттурағыштан өткізіп, оған бір кило жүзім қосып, үстінен 3 литр тазартылған су құяды да, ақырын жанған отта 3 сағат қыздырады. Бұқтырып қойып, әбден суыған соң 50 грамды ас алдында 30 минут бұрын ішеді. Осындайды екі рет ішіп тауысса тастар үгітіліп, зәрмен шығады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 144 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |