Халық емі
27/12/2021, 22:48

ТАМАҚ АУРУЫНЫҢ ТҮРІ КӨП

Күн суықта балалар арасында тамағы ауырып, жөтелу жиі кездеседі. Негізі тамақ ауруының да түр-түрі бар. Оның бәрін ангинамен шатастыра беруге болмайды. Ата-аналар үшін тамақ ауруының түрлері мен белгілерін білу маңызды. Ендеше, назар аударыңыз:

1. Қыста кішкентай балалар арасында суықтап ауыру жиі орын алады. Мұндайда баланың дене қызуы көтеріледі, мұрны бітеді, ол жөтеледі. Әсіресе бұл кішкентай сәбилерге ауыр тиеді. Егер бала 3 айлықтан асқан болса, оған дәрі беруге болады. Суықтаған бала көбірек тынығуы, сұйықты жиі ішуі керек.

2. Ларингит кезінде трахея мен көмекей қабынады. Бала құрғақ жөтеледі, дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындайды. Тез арада дәрігерге көрсетіп, тиісті ем қабылдау керек. Тыныс алуды жеңілдетіп, жөтел ұстамасын төмендететін амалдар жасау керек.

3. Фарингит кезінде тамақ қабынады, оған көбіне вирустар себепкер. Сирек жағдайда ол стрептококк жұқпаларынан да болады. Сәби тамағым ауырды деп айта алмайды, ол тамақ жегенде, жұтынғанда жылайды, себебі тамағы ауырып, мазасын алады. 3 айлық балаға мұндайда парацетомол мен жылы сусындар ішкізеді. 2-3 күн бойы жағдай өзгермесе, сәбиді дәрігерге көрсету керек.

4. Ротавирус та қыста жиі кездеседі. Ол 3-10 күн аралығын қамтиды. Баланың дене қызуы көтеріледі, ол құсады, үлкен дәреті бұзылады. Мұндайда 3 айлықтан асқан балаларға температураны басатын дәрі беріп, сусыздануды болдырмас үшін сұйықты көп ішкізу керек. Болмай бара жатса, тез арада дәрігерге көрсеткен абзал.

5. Бронхит кезінде жоғары тыныс жолдарындағы инфекция бронхқа түсіп, оны қабындырады. Бала алғашында құрғақ жөтеліп, кейін жөтелі күшйе түседі, біраздан кейін біртіндеп басылады. Бұл » жедел-өтпелі бронхит. Ал обструктивті бронхит кезінде жөтел ұстамасы «ысқырып» естіледі. Баланы дәрігерге көрсетіп, тиісті ем алу керек. Әйтпесе жиі қайталаған бронхит соңы астмаға айналып кетуі мүмкін. Бұл кезде баланы өз бетімен емдеуден абайлау керек, дәрігерге көрсеткен жөн, ол дұрыс диагноз қойып, тиісті ем қолданады.

6. Құлаққа инфекция түсуі де сәбилерде жиі кездеседі. Бала тынышсызданып, жылауық болып кетсе, құлағын ұстағанда жылауын үдетіп, оған қарсылық білдірсе, онда оның құлағына инфекция түскен болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл кезде сәбидің дене қызуы көтеріледі. Мұндайда оны тез арада дәрігерге көрсету керек. Ортаңғы құлақ қабынуы дұрыс емделмей, қайталана берсе, ол баланың нашар естуіне апарып соғады. Жалпы, баланың құлағын құрғақ кезде ұстау керек, сабынмен жуған дұрыс емес. Ал ауырған кезде тіпті шомылдыруға да болмайды. Дәрігерге көрсетіп, тиісті ем қабылдау керек.

7. Менингит те қыс кезінде жиі кездеседі. Ол ми мен жұлын қабықшаларының қабынуынан туындайды. Оған паротит те (құлақ түбі безінің қабынуы) себеп бола алады, ол вирустық менингит деп аталады. Бұл жиі кездеседі, аурудың жеңілдеу түрі, дегенмен бұл кезде ауруханада емделу керек болады. Ал менингиттің бактериялық түрі (менингококк, пневмококк, т.б. микробтар әсерінен болатын) қауіпті. Дер кезінде, әрі дұрыс емделмесе, ол ауыр жағдайларға соқтыруы мүмкін. Менингит жұққасын 2-10 күн аралығында блінеді. Алғақы белгілері суықтан ауырған кездегідей болады. Сосын ол күшейе түседі, науқастың дене қызуы қатты көтеріледі, кенеттен лоқсып, құсуы жиілейді, басы қатты ауырады. Сосын науқасты ұйқышылдық басады, ол естен тануы мүмкін. Сондықтан, кейде жанталаса қимылдайды, жарықты тым нәзік сезетін болады, көңіл-күйі жиі құбылады. Мұндайда уақыт өткізіп алмай баланы тез арада дәрігерге көрсеткен абзал.

8. Безгек, бұл – науқас бала дене қызуының 37,5 градустан жоғары көтерілуі. Бұған ұрындырмас үшін баланы маусымға, ауа райына сай жылы киіндіру керек. Жалпы, бала суықтап ауырғанда, жоғарыда аталғандай аурулардың біріне тап болғанда оны өз бетімен емдеуден абайлау керек. Ең дұрысы, дәрігерге көрсетіп, тиісті ем қабылдаған абзал. Бала денсаулығына немқұрайды қарамаңыз, оған қамқор болыңыз!

АЙРАН АРҚЫЛЫ ДА ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУГЕ БОЛАДЫ

1. Айранға араластырған дәмдеуіш: 200 мл. айранға бір шымшым мөлшерде ұнтақталған зімбір және ұнтақталған даршын (корица) қосыңыз. Оған осынша қызыл бұрыш араластырыңыз. Енді осыған 2 ас қасық минералды су (мысалы, боржоми) қосып, күніне 1 рет – таңертең немесе кешке ішіп жүрсеңіз асқазан-ішектер таза, өт бөлінуі тәуір және иммунитетіңіз мықты болады.

2. Бал қосылған зімбір: 1 ас қасық ұнтақталған зімбір мен осынша балды 2 ас қасық қайнаған суға араластырыңыз. Оған бір шымшым даршын мен бір тілім лимон қосыңыз. Осының бәрін 200 мл. айранмен араластыру керек. Мұны таңғы ас орнына, мысалы, тәтті бәліш не тоқашпен қосып ішуге болады.

3. Алма аралас айран: бұл керемет сусын тәбетті төмендетуге жарамды және таңғы ас немесе кешкі асты алмастыра алады. 5 орташа алманы қабығын аршып, үккіштен өткізіңіз. Оған 300 мл. майсыз айран араластырады. Дәміне қарай даршын қосып ішіңіз.

4. Емдік коктейль: айранның артық салмақтан арылуға көмектесетін де ерекшелігі бар. Ол үшін мынадай коктейль әзірлеуге болады: 0,5 литр айранға 1 шай қасық зімбір, аздап бал және бір шымшым даршын қосыңыз. Жақсылап араластыру керек. Коктейль ішек микрофлорасына қолайлы. Егер сіз бұл сусынды күніне 3 рет 1 стаканнан ішіп жүрсеңіз және майлы, жоғары калориялы тағамдардан бас тартсаңыз, бір апта ішінде 2-ден 4 килоға дейін артық салмақ тастай аласыз. Әрине, нәтижелі болу үшін спортпен шұғылдану, тым болмағанда жаттығу жасау керек.

5. Артық майдан арылу: 10 күн бойы таңертең ашқарынға және кешке ақжелкен (петрушка) қосылған айран ішіңіз. Айран қосылған стаканға 1 ас қасық туралған ақжелкен мен бір шымшым ұнтақталған даршын қосып, оны 1 сағатқа қалдырыңыз. Сосын жақсылап қозғап, асықпай ішу керек. Бұл күндері диетологтар көкөніс диетасын ұстануға және көп сұйықтық (су, жасыл шай) ішуге кеңес береді.

6. Шырғанақ пен айран: бұл ағзаны жасартатын, ішектерді тазалап, иммунитетті нығайтатын витаминге бай коктейль. Оны әзірлеу үшін 200 грамм шырғанақ (облепиха) жидектері, 250 мл. айран,1-1,5 ас қасық бал керек. Шырғанақ жидектерін ұнтақтап, ұсақ електен өткізіңіз. Дәміне қарай бал қосып, ақырын араластырыңыз. Сосын оны айранға қосып, біркелкі болғанша тағы да мұқият қозғау керек. Оған қалауыңызша жалбыз, жаңғақ ұнтақтарын, жидектер немесе даршын қосуға болады. Мұны ұзақ сақтауға болмайды, әзірлеген соң 1 сағатқа жеткізбей ішіп қою керек.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 164 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: