Халық емі
20/12/2021, 19:31

ҚАН ҚЫСЫМЫН ТҮСІРЕТІН ТАҒАМ

Қазір қан қысымы мазалайтын адамдар көп. Мұндай мазасыздық кезінде жағдайды дұрыс тамақтану арқылы да бақылауда ұстауға болады екен. Қалай дейсіз бе?

Долананы (боярышник) көбірек жеңіз. Оның тәттісі аздау тосабы да күніне дәрі есебінде бір ас қасықтан күніне үш-төрт мезгіл тұтынғанда қан қысымын қалпына келтіруге көмектесе алады. Оны үш ай бойы үздіксіз қолдану қан қысымын түсіріп, қандағы қант мөлшерін қалпына келтіреді. Бүгінде Ұлыбританияда қант диабетінің 2-ші типті белгісі бар науқастарға аспен бірге міндетті түрде долана тұтыну ұсынылуда.

Сарымсақты (чеснок) асқа қосып жегеннен бөлек, күніне бір мезгіл (өзіңізге ыңғайлы уақытта) бір бөлігін шикілей, аздап нанға қосып жеп жіберу керек. Оның құрамы ағзаға қажетті витаминдерге бай екенін біз бірнеше рет жазғанбыз. Ол суықты «сорып» қана қоймайды, бактерияны «байлап», ауру атаулыдан аулақ болуыңызға жәрдем береді. Сарымсақтың бір түйірінде 1,3 миллиграмм аллицин бар, яғни қан қысымын қалпына келтіруге сол себеп.

Даршынның (корица) да денсаулыққа пайдасы зор. Бүгінде АҚШ-тың Огайо штатында жүрек-қан тамырлары мен қант диабеті ауруларына шалдыққан науқастарға ұсынылатын мәзір құрамында міндетті түрде даршын кездеседі. Себебі оның осы екі дертте тұрақты тұтынған, жағдайда оңды нәтиже беретінін дәлелденген.

Пияздың да жөні бөлек. Оның емдік-сауықтыру қасиеті мен күшін оқырман біз айтпасақ та жақсы біледі: суықты қуады, тұмаудан сақтайды, иммунитетті көтереді, көздің көру қабілетін жақсартады, вирус пен бактерияларды өлтіреді. Одан бөлек, қанның қоюлығын қалпына келтіру арқылы қысымын қалпында сақтауға септігін тигізеді. Бірақ ол үшін пиязды шикілей тұтыну керек.

Зәйтүн (оливка) жемісінің қасиеті де жоғарыда аталғандардан кем емес. Неаполь университетінің доценті Альдо Феррар күніне 40 грамм зәйтүн майын тұтынатын адамның ағзасында бір жетіден кейін табиғи түрде тазалану басталып, қан тамырларының қабырғасындағы қақ жойылатынын анықтаған. Ал ағзада қан дұрыс айналса, көптеген жайсыздықтар өздігінен жойылатыны белгілі.

Олай болса, қан қысымынан құтылғыңыз келсе қарапайым осы амалдарды қайталай жүріңіз.

 

СЫНҒАН СҮЙЕКТІҢ БІТУІН ТЕЗДЕТУГЕ БОЛА МА?

Шынында да, сынған сүйектің бітуін тездететін амал бар ма? Мұндайда тауық жұмыртқасыныңқабығын ішіндегі жұқа қабықшаны алып тастап, ұнтақтап, ас алдында шай қасықтың ұшымен жеп тұру жақсы көмектеседі. Оның құрамында кальций көп болғандықтан сүйектің тез бекуіне ғана емес, берік болуына да жақсы жәрдемдеседі. Бұл тәсілді күніне екі реттен 10-15 күн қайталау керек.

Сүйектің беріктігін қамтамасыз ететін келесі әдіс мынадай: кептірілген қарлығаш шөптің 2 ас қасығын 300 грамм суда бір қайнатып алып, бұқтырып қойып ішу керек. Ал тұнбадан сүзіп алған шөпті жылы күйінде сынған жерге таңып қойған жақсы. Кей жағдайда жазымнан сүйек ұсақталып, орнына дұрыс түспей жатады. Мұндайда ағаш кесетін станоктан қарағайдың ұнтағынан бір шелек алып, қайнап тұрған ыстық суда бұқтырады. Дене күймейтіндей жылы болған кезде сынған сүйекті ұнтақтың ішіне салып, суығанша отыру керек. 15 күн бойы күнде бір рет осылай қайталаса сүйектің орнына түсіп, тез бітуіне жәрдемдеседі.

Ертеректе, жаугершілік заманда сүйектің зақымдалуы көп орын алғаны белгілі. Сол кездерде емші-бақсылар мысты ұн сияқты болғанша ұнтақтап, оған аздап бал қосып, оны қара нанға жағып жегізген. Күніне үш рет осылай етіп, артынша қайнап, салқындатылған су ішіп отырған. Бірақ бұл тәсілді бүгінгі дәуірге лайық дей алмаймыз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 137 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: