13/12/2021, 19:26 | |
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ БЕС БАСТЫ БЕЛГІСІ 1. Қатты шаршау. Түнде жақсы ұйықтап тұрсаңыз да таңертең тынығу сезінбей, дел-сал болып, үнемі шаршау күйде жүрсеңіз, бұл ағзаның сусыздануы және тұтынылған қантты энергияға айналдыра алмайтындығына байланысты болуы мүмкін. 2. Шамадан тыс шөлдеу және зәр шығару. Қант диабеті – бұл қандағы артық қанттың (глюкоза) жинақталуының нәтижесі. Сіздің бүйректеріңіз қалдықтарды сүзіп, артық қантты сіңіру үшін шектен тыс жұмыс істеуге мәжбүр. 3. Үнемі аштық сезімі. Организмде жинақталатын және қолданылатын энергия жетіспейтіндіктен, қант диабетімен ауыратын адам үнемі өзін қарны аш сезінеді. 4. Баяу жазылатын жаралар. Глюкозаның жоғары деңгейі ағзадағы қан айналымына кері әсер етеді. Соның салдарынан терідегі жарақатқа тиісті мөлшерде қан жетпей, оның жазылуы әдеттегіден ұзаққа созылады. 5. Жатын бөлмедегі проблемалар. Әлемдік диабет қауымдастығының мәліметтері бойынша, ерлердің 50 пайызы мен әйелдердің 25 пайызы осы аурудың салдарынан жыныстық проблемаларға немесе жыныстық құмарлықтың жоғалуына тап болуы мүмкін.
ҰЙҚЫ ҚАШСА ҚАЙТЕСІЗ? Мамандардың сөзіне сенсек, адам қыстыгүні бұрынғыдан бір сағат артық ұйықтауы керек екен. Мұндай тынығу ағзаны, ми мен жүйкені де көптеген келеңсіздіктен, жайсыздықтан құтқарады делінеді. Дегенмен көзді жұмып жатса да кірпік ілінбейтін ұйқысыздық деген дерт бар. Онымен қалай күресуе болады? Ұйқысыздықтан зардап шегетін жан жылы сүткен бір қасық бал араластырып, күнде кешкісін ұйқы алдында соны тауысып ішкені жөн. Бұл тәсіл жүйкенің ширығуын басып, миды тынықтырады, жақсы ұйықтауға сеп. Сүт орнына қайнаған жылы суды пайдалануға да болады. Бұл әдіс ішектерге, асқазанға да пайдалы. Ұйқы қашудан құтылғыңыз келсе мына бір халықтық тәсілді қолданып көріңіз: 2 тал лавр жапырағын алыңыз да, ыдысқа салып, жатын бөлмеңізде тұтатыңыз. Бұл кезде есік-терезенің жабық болғаны дұрыс. Лавр жапырағының түтіні жүйкені жайландырып, ұйқы шақырады. Көпшілігіміз қатты шаршаған кезде ұйқыда маза болмайтынын білеміз. Бұл кезде уақыт өткізбей, тауықтың 3-4 айлық балапанын сойып, етін асып жеп, сорпасын ішкен пайдалы. Мұндай тамақ ағзаға тез сіңеді, бойды билеген әлсіздіктен арылтып, дұрыс тынығуға көмектеседі. Жұмыртқаның да ұйқысыздықта көмегі бар. Ол үшін жұмыртқаның ішкі жұқа қабатын алып, кептіріп, талқандау керек. Осы ұнтақтың 3 грамын 150 грамм суға қайнатып, жылыдай ішіп алыңыз. Жарты сағаттан кейін жарты литр қоюайран ішіп жатса асқазанға салмақ түсірмейді, ұйқы шақырып, дұрыс тынығасыз. Тікенді долананың гүлін бәріміз білеміз. Оның бір ас қасығын, тасшүйгін шөбінің тамыры мен қырмызы гүлден, қалақайдан бір шай қасығын алып, бәрін жарты литр суда қайнатасыз. Осы тұнбаны он күн жатар орынға ішіп жүрсеңіз ұйқысыздықтан көп ұзамай құтыласыз. Дұрыс тынығуға кагор шарабы да көмектесе алады. Ол үшін жарты литр кагор шарабына 50 грамм аскөк (укроп) тұқымын ұнтақтап салып, 20 минут өте баяу отта ақырын қайнатасыз. Енді бір сағат бұқтырып қойып, жатар орынға 50 грамнан ішіп тұру керек. Жоғарыда көрсетілген тәсілдер ұйқысыздықтан ғана емес, жүйкенің шаршауынан да құтылуға көмектеседі. Оның денсаулыққа ешқандай зияны жоқ.
ҚҰЛАҒЫМ ЖИІ ШАНШИДЫ Халық емі тәсілдерімен көптеген ауруларды емдеген белгілі емші-зерттеуші Сейітқамза Қалиев (марқұм) жазбаларында құлақ ауруларын емдеу жайлы рецепт көп болып шықты. Біз соның бірнешеуін оқырман назарына ұсынып отырмыз. Құлақтың түрлі қабынуы кезінде кәріқыздың тікенекті дәнінен 15 грамм, бұйракендір (конопля круголисная) шөбінен 10 грамм алып, 250 грамм суға қойнату керек. Енді оны 1 сағат тұндырып, үшке бөліп, күніне үш рет ас алдында ішу керек. Әр күнгі тұнба жеке дайындалады. Емделу мерзімі – 15 күн. Тұмау асқынғанда немесе суық тигеннен құлақ дуылдап, дыңылдап, шаншитыны бар. Кейде есту мүмкіндігі төмендейді. Мұндай кездерде бір стакан суға бір шай қасық қара бұрышты араластырып, қайнатыңыз. Құлақты осының буына ұстау керек. Ал суыған кезде шым-шым суымен құлақ айналасын жуып, ішіне мақта тығып қойған жөн. Бұл емді үш күн қатарынан қайталау керек. Ем кезінде суыққа шықпай, табаннан да суық өткізбей,дұрыс күтінсе құлақ суықтағанынан құлан-таза айығуға болады. Күн сайын жатар алдында миндал майын құлаққа тамызу да жақсы көмектеседі. Тамызып болған соң құлаққа мақта тығып қою керек. Бұл емді жазылғанша жалғастыра берген жөн. Екі құлақ бірдей шыңылдап, басты ауыртып, естуді қиындатқан жағдайда укроптың ұрығы мен сабағын қоса ұнтақтап, 2 ас қасығын жарты литр қайнап тұрған суға салыңыз. Оны термоста 40 минут тұндырып, тамақтанардан 15 минут бұрын бір стаканнан ішеді. Емді екі айға дейін созуға болады. Құлақтан ірің ағатын жайларды да айта кетейік. Бұл кезде 2 пайыздық бор қышқылына жылы су қосып, құлақты жуады. Содан кейін алоэ жапырағының шырынын таза дәкеге сіңіріп, құлаққа қояды. Оны күн сайын ауыстырады. Бір апта ішінде ірің тоқтап, құлақтың ауырғаны басылады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 163 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |