Халық емі
29/11/2021, 15:41

СҰЛЫ мен СҮТТІҢ ШИПАСЫ

Күн салқындағаннан тамақ жыбырлап, жөтелдің күшейетін әдеті. Өйткені ол бірнеше жылдан бері созылмалы бронхитпен ауыратын. Бұл аурудың қандай азап екенін осындай диагнозы бар адамдар жақсы біледі.

Бронхиттен арылу үшін ол көп емделді. Түрлі халықтық емдеу тәсілдерін де жасап көрді. Соның ішінде оңды әсер еткен бірін көпшілікпен бөліспекші. 100 грамм аршылған сұлы дәнін 2 литр қайнап тұрған сүтке салып, ыстық жерде екі сағат бетін жауып бұқтырады. Осыдан соң сүтті сүзіп, таза ыдысқа құйып алады да, жатарда жылыдай 1 стакан ішіп жатады. Емді үзіліссіз 2-3 ай бойы жалғастыра беруге болады. Әсіресе қазіргідей қысқы аязды суық кезде ол бронхиттің асқынбауына сеп және өтті де сұйылтатынына көзі жетті.

 

АҒЗАДАҒЫ ТҰЗДЫ ҚУАТЫН АМАЛ

Ақжелкекте алты түрлі қасиет бар. Медицинада одан гормондық препараттар жасалады. Оның адамның жүрек-қан тамырларын қорғау қасиеті бар. Қан қысымын төмендетеді, қандағы май құрамын азайтады. Оны көбірек жеп жүрсе денедегі ішкі ыстықты шығарады.

Қыстыгүні ерні кезеріп, тынысы тарылуы іште ыстық барын білдіреді. Бұл бауырдың ыстығын қайтарады. Ауыз ойылуы, бас ауыруы, іштің қатуы, терінің құрғауы, ұйқының қашуы бауырдағы ыстықтың белгісі. Тәбетті ашатын да қасиеті бар. Ақжелкек ішекті де тазалайды. Салмақ тастауға да септігі бар. Бет-әлпеттегі дақты кетіруге көмектеседі. Ақжелкек темір мен кальцийге бай. Оны өсіп-жетілу барысындағы балалар мен жүкті әйелдер жиі қолданса өте пайдалы.

Жалпы, ақжелкектің (петрушка) өзі ағзаны тазалайтындықтан оны жиі жеп жүруге кеңес беремін. Сығып алып, шырынын ішіп жүрсе өте жақсы. Осы шырынның бір өзі біртіндеп бірнеше кеселден арылуға, аурудың өршуіне тосқауыл болады. Ақжелкекті қайнату, өзге өсімдіктерге араластыру, түю дұрыс емес. Күніне 1-2 рет 50-100 миллилитр жаңа сығылған шырынын ішіп жүрген жөн. Кемінде 7 күн. Осының өзінде оңды нәтиже байқалады. Он күн демалып, емді қайталаған жақсы.

Мандарин қабығынан 10 грамм, петрушкадан 10 грамм алып, оны 150-200 миллилитр суда қайнатып ішсе, асқазанды тазалайды, бауырдың ыстығын қайтарып, жұмысын жақсартады, уытын қайтарады.

 

ТҰМАУДАН ЕМДЕЛУ КЕЗІНДЕ ЕҢ КӨП ЖАСАЛАТЫН ҚАТЕЛІКТЕР

Тұмау «маусымында» тезірек емделіп, ертерек жазыламын деп кейбір адамдар қателікке бой алдырып жатады. Ал ол жедел таралып, тез жұғатын вирустың одан әрі өршіп, өзге де аурулардың мазалап, тіпті созылмалы күйге өтуіне себеп болады. Сондықтан дәрігерлер тұмау кезінде көпшілік жиі жіберетін қателіктерді атай отырып, оны қайталамауға кеңес береді. Құлақ түрелік:

1. Тұмау сезіле бастағаннан бөлмені жиі желдетіп тұрған дұрыс. Сонда сырқат адамның тынысы кеңиді, таза ауа тұмау вирусын сыртқа айдайды. Ал қымтанып алып, оған қоса үйді қатты жылытып жіберсеңіз вирустар күшейіп, ауруды асқындырады.

2. Жөтел басталса болды дереу дәрі ішуге асығу да қате қадам. Алдымен жөтелдің құрғақ не ылғалды екенін анықтап алған дұрыс. Кейде жөтел көмейдің тітіркенуінен болады. Адам қақырық салдарынан жөтелуі де мүмкін. Жөтелді басатын дәріні осыған қарай таңдау керек. Әйтпесе қақырық түсіретін дәрінің орнына жөтел синдромын басатын дәрі ішкен жағдайда өкпені қабынуға душар етуіңіз мүмкін. Сондықтан жөтел пайда болса дәріні тек дәрігер кеңесімен қолданған дұрыс.

3. Енді біреулер суықтау, тұмау белгісі байқалғаннан антибиотик қабылдауға асығады. Осылай ауруды өршімей жатып басып тастаймын деп ойлайды. Естеріңізде болсын, антибиотиктер тұмауды толық емдемейді. Керісінше, оны бақылаусыз қабылдау салдарынан тұмау өршіп, нәтижесінде адам гайморит, құлақтың қабынуы, пневмония, менингит ауруларын өршітіп алуы мүмкін. Дұрыс қабылданбаған антибиотиктер ішек микрофлорасын бұзып, ондағы ағзаға қажетті бактерияларды жойып жіберуі мүмкін. Оның салдарынан иммунитет әлсіреп, ауру өрши түседі.

4. Тұмау кезінде мұрын бітіп, одан су ақса танауға пияз шырынын, өсімдік майын тамызатындар да бар. Мамандар мұны да дұрыс емес дейді. Себебі ол жұтқыншақтың шырышты қабатын күйдіреді. Оның орнына дәрігермен кеңесе отырып тамырды тарылтатын дәрі және залалсыздандыратын спрей алған дұрыс.

5. Дене қызуы көтерілгенде дәріден гөрі спиртпен, сірке суы қосылған сумен сүртінуді дұрыс деген де пікірер жеткілікті. Дәрігерлер мұны да дұрыс санамайды. Өйткені ол терідегі тесіктер арқылы ағзаға түсіп, онсыз да вирус алдында әлсіреп тұрған ағзаны одан әрі уландырады. Ондай жағдайда тамырлар тарылып, науқастың тыныс алуы ауырлауы ықтимал.

6. Тұмау басталып келе жатқанда терлеп, суықты қуу үшін спиртті ішімдіктен ұрттап жіберген дұрыс дейтін пікірлер де кездеседі. Ал дәрігерлер этил спиртінің дәрі-дәрмектермен әрекеттесуі ағзаға кері әсер ететінін айтады.

7. Тұмауға шалдыққан адам толық жазылып кетпейінше душқа түспей қоя тұрған дұрыс деп санайды. Ал дәрігерлер бөлме температурасын қалыпқа келтіріп, шайынып алған дұрыс дейді. Тек одан кейін денені тезірек құрғата сүртінген дұрыс. Сонда тері үстіндегі улы заттар, вирус ағзаға зақым келтіре алмайды екен.

Тұмау кезінде осы қателіктерге жол бермеуге тырысыңыз, ағайын! Сонда аурудың өршуінен аулақ боласыз.

 

ЖОЛЖЕЛКЕННІҢ ПАЙДАСЫ

Өтіңіздің қою болып, бөлінуі азайғанын сезсеңіз, жолжелкенннен (подорожник) жасалған түнбаны ішіп көріңіз.

Жолжелкеннен тұнба әзірлеу үшін 3-5 жапырағын 1 стакан қайнаған суға салыңыз. Сосын ол салат түсіне енгенде жылы күйінде ішіңіз. Осылдай күніне 1-2 рет ішіп тұру керек. 2 ай көлемінде өтіңіз қалыпты жағдайға түседі. Бұл емді ішіңіз қатып, ауырғанда да пайдалануға болады.

 

ҚАН ТАМЫРЫН ТАЗАЛАЙТЫН ТҰНБАЛАР

Таза бал мен даршын (корица) ұнтағын тең мөлшерде араластырып, емдік тосап әзірлеңіз. Оны күнделікті таңертең нанға жағып жеуді әдетке айналдырсаңыз, қан тамырлары бойындағы қақты кетіріп, инфаркт қаупін азайтады. Бұрындары инфаркт алған адамда қайтарма соққыны болдырмайды. Бұл ботқа қан құрамындағы холестеринді азайтады.
* * *

Бүрген (калина) қан тамырларының кеңіп, қанның жақсы жүруіне, сөйтіп қан қысымының төмен түсуіне әсер етеді. Ол үшін 1 кило бүргенді еттартқыштан өткізіп, оған 1 кило бал қосады. Екеуінің үстіне 0,5 литр коньяк құйып, 1 апта тұндырады. Күнде қозғап тұру керек. Оны ас үстінде күніне 3 рет, 1 ас қасықтан ішеді. Бұл тұнба бүйректегі тасты да түсіреді.
* * *

Термосқа 1 ас қасық балғын қалақай (крапива) жапырағын, 2-3 дана қарақарақат жапырағын, 2 дана таңқурай жапырағын, 1 дана грек жаңғағының жапырағын саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, 30 минутқа бетін жауып қойыңыз. Сосын тұнбаны сүзіп алып, қалауыңызға қарай бал қосыңыз. Оны күніне 2-3 рет 0,5 стаканнан ішеді. Емдік курсы – 21 күн.
* * *

Қан тазартудағы ерекше және ең ұтымды тәсіл – сәбіз шырынын ішу. Күніне бұл шырынды 0,5 стаканнан 3 рет ішуге тырысқан жөн. Әрине, шырынды өзіңіз даярлағаныңыз дұрыс. Сәбіз шырыны иммунитетті көтереді, ішектерді де тазартады, бауырдың жұмысын жақсартады.
* * *

Қызылша шырыны да қанды жақсы тазалайды. Тек оны өңеште дерті бар адамдардың қолдануына болмайды. Ал басқалай сәбіз немесе алма шырынымен тең мөлшерде араластырып, күнделікті 2 рет – таңертең және кешке 0,5 стаканнан ішкен дұрыс. Емделу мерізімі бір ай. Жылына бір рет жасауға болады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 162 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: