22/11/2021, 09:10 | |
ЖАҚПА МАЙДЫ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК? Жақпа майларды қолданудың өзіндік тәртіптері бар. Оны біле жүрген жөн. Ал сықырлау, домбығу, сыздау кезінде ортофен, диклофинак, индомитцин, бутадион жақпалары қолданылады. Бұлар асқазан-ішек жолдарына жайсыз тиюі мүмкін. Сондықтан жақпа жағудан 20-30 минут алдын тамақ ішіп алған дұрыс. Қалпына келтіруші жақпалар – хондроитин, хондроксир асқынудыу алдын алады. Бірақ олар тромбофлебитті асқындыруы мүмкін. Аппликаторларды (Кузнецов, Липко аппликаторлары) рефлектор жақпадан кейін қолданған дұрыс. Инемен түрткілегендей әсер 10 минутта тоқтап, жылу сезіледі. Егер ондай әсер болмаса, онда инелерге жұқа мата қою керек, қатты баспаған жөн. 30 минуттан 10 минут қоса отырып, мойынға – 1 сағатқа, белге 1,5 сағатқа дейін қою қажет. Бұған қоса төмендегідей бірқатар жаттығулар жасаса болады (ауырсыну сезілсе, доғарған): Бел. 20 мәртеден айналдыра бұру, жамбас аумағын алға-артқа 40 мәрте қозғау, денені оңға-саолға бұру – 40 мәрте. Үстелде сол қолды үстел үстіне қоя отырып, оң қолды сол жақ санның сыртына ұстау. Мұрынмен тыныс алып, демді ұстау, 6 секундтан соң демді ауыздан шығарып, денені солға бұру. 6 секунд үзіліс. Қайталау. Әр бағытқа кезек, 3 мәрте қайталау. Еденде етпеттей, сосын шалқалай жатып, керіле, қолды жоғары, саусақтарды айқастыра жату керек. - Жауырын тұсы ауырғанда үстелге отырып, оң қолды сол жақ жауырынға, сол қолды оң жақ жауырынға қарай барынша созу. Ауызбен терең тыныс алу. 6 секунд үзіліс. Ауызбен баяу дем шығары, бұл кезде сол қолды мұқият оңға қарай әкетеміз. Бұлшық ет барынша босаңсуы керек. Екі жаққа кезегімен қайталай істеу керек.
СІЗДІҢ ТУҒАН КҮНІҢІЗ ҚАШАН? Әр адамның өмірге келген күніне қарап оның белгілі бір сырқатқа жақын тұратынын анықтауға болады екен. Бұл ойдан шығарылған бос сөз емес. Ол ғылыми болжамға негізделген. Сондықтан осы мақаланы оқыған кез-келген адам өзінің қандай ауруға бейім екенін оп-оңай анықтай алады. Айдың 1,10,19 және 28-і күндері туылған адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі жоғары. Олардың көру қабілеті де нашар болады. 2,11,20 және 29-на туылғандар асқазан ауруымен ауырады және ас қорыту мүшелері жөнді жұмыс істемейді. 3,12,21 және 30-ы күні өмірге келгендердің жүйкесі жұқа. Әрі осы күні туылғандар тері ауруларынан зардап шегуі мүмкін. Ал 4,13,22 немесе 31-іне туылғандар көбіне күйгелек келеді. Олар қан аздық, бас ауруы және омыртқа буындарының сырқатына жиі шалдығады. Айдың 5,14, 23-не дүниеге келгендер үнемі шаршап-шалдығады да жүреді. Күйгелек келеді. Және осы күні туылғандардың көбіне ұйқысы қанбағандықтан мең-зең болатыны бар. 6,15 және 24-і күні туылғандар тамақ, мұрын және өкпенің жоғарғы бөлігі ауруына жиі шалдығады. Ал қыз-келіншектер кеудеде кездесетін түрлі ауруларға бейім келеді екен. 7,16, 25-не жарық дүниеге келген адамдар тері ауруларымен жиі ауырады. Ондай адамдар үнемі терлеп-тепшіп жүреді екен. Ал 8,17 және 26-і күні өмірге келгендерді бауыр, асқазан немесе ішек аурулары мазалайды. 9,18,27-не туылғандар болса безгек, қызылша, шешек, қорасан және қызамық ауруына мейлінше жақын тұрады екен.
ӨТ ШАЯТЫН ШАЙ Кейде майлы тамақтан кішкене ғана ауыз тисең оң жағыңда ауырлық пайда болып, жегенің қорытылмағандай күй кешесің. Мұндай жағдай сізге таныс па? Бұл өт қалтасының толғанын немесе өттің қоюланғанын білдіреді. Өт толуының негізгі белгілері мынадай: Ағзаға түскен физикалық күштен кейін оң жақ бүйірдің шаншып, тартып ауруы; Оң жақ бүйірдегі жайсыздық: бірдеңе бөгет жасап, басып тұрғандай сезім; Еңкейгенде, бұрылғанда оң жақтың ауырсынуы; Ыңғайсыз қалыпта ұзақ отырғаннан оң қолдың ұюы, оң жақ жауырынның ауыруы; Ауыздың кебуі немесе ащы дәм сезіну, тері түсінің бозаруы; Өт жұмысындағы мұндай қалыпсыздықтар ас қорыту процесінің бұзылуына әкеледі. Зат алмасудағы ауытқулар: авитаминоз, остеопороз, өтке тас жиналу, холецистит те осы өттегі қалыпсыздықтан бастау алады. Мұны елеусіз қалдыруға болмайды. Өт қоюлануының соңы бауыр циррозы, қант диабеті сынды ауыр жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Ертерек ем жасаған жөн. Әрине, дәрігер кеңесінің жөні бөлек. Өт шаятын шайлар жайлы да біле жүргейсіз. Жүгері шашағы. Тұнба дайындау үшін Термосқа жарты литр қайнаған су құйып, оған 3 шай қасық жүгері шашағын салады. Жарты сағат тұндыру керек. Дайын болған тұнбаға бірдей пропорцияда су (қайнаған) құйып, тамақтан 30 минут бұрын 1 стаканнан ішеді. Қызылша шырыны. Қызылшаны шала піскенше суға қайнатып алыңыз. Сосын үккіштен өткізіп, дәкеге салып, шырынын сығып алады. Емдік мақсатта шырынды күніне 4-5 рет, астан бұрын 2 ас қасық мөлшерінде қабылдайды. Жалбыз жапырағы. Өт қызметін қалыпқа келтіруде жалбыз жапырағынан дайындалған шайдың көмегі күшті. Ол жүрек айну мен оң жақ бүйірдегі ауырлықты да жояды. Жапырақтарды суға салып қайнатып, дайын болған шайды күніне 2-3 стаканнан қант қоспай ішу керек. Өсімдік майы. Жарты стакан рафинадталған майды қыздырып, жылы күйінде ішіп, оң бүйірмен жатыңыз. Қабырғаңыздың астына қыздырғыш қою маңызды. Одан кейін сұйық сорпа, жылы шай ішу керек. Бақбақ тұнбасы. Кептірілген бақбақ гүлін майдалап турап, баяу отта 20 минут қайнатады. Оны жылы күйінде күніне 3 рет, жарты стаканнан ішеді. Алма шырыны. Жасыл сұрыпты алмадан дайындалған табиғи, химикатсыз шырынды бір айы бойы үзіліссіз, күніне 3 рет жарты стаканнан ішу керек.
ОСТЕОХОНДРОЗДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН 5 ЖАҒДАЙ Ақбас жусан. 1 ас қасық құрғақ шөпті (тысячелистник обыкновенный) 1 стакан қайнаған суға салып, сыртынан жылы орамалмен орап тастаңыз. Осылай 1 сағат тұндырған соң күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішіп жүріңіз. Емдеу курсы – 3 апта. 1 ас қасық түймешетен (пижма обыкновенная) шөбін 1 стакан қайнаған су салады. Оны 2 сағат тұндыру керек. Сосын сүзіп алып, тамақтан 30 минут бұрын, күніне 3-4 рет 1 ас қасықтан 15 күн ішеді. Бөртпегүл. Кептірілген бөртпегүл (сирень) гүлдерін 0,5 литр шамасында болатын қоңырқай түсті бөтелкеге толтыра салыңыз. Бірақ қатты сығымдауға болмайды. Үстіне арақ құйып, 10 күн жылы жерге қояды. Тиісті уақыт өткен соң сүзіп алады. Оны күніне 1 рет 30-40 тамшыдан ішеді. Артынша бірнеше ұрттам жылы су ішіп жіберуге болады. Осы тұнбадан желке, аяқ, буындарға компресс жасауға болады. Сұлы. 1 стакан сұлыны 1 литр суға салып, баяу отта сұйықтықтың 1/4 бөлігі қалғанша қайнатады. Сүзіп алып, тамақ алдында күніне 3 рет жарты стаканнан ішеді. Дәмі ұнамаса бал немесе қаймақ қосуға болады. Шалғам. 1,5 стакан шалғам (редька) шырынына 1 стакан таза бал мен 0,5 литр арақ пен 1 ас қасық тұз қосыңыз. Бал мен тұз ерігенше жақсылап араластырыңыз. Ұйқы алдында 50 грамнан ішеді. Осы қоспамен желкенің құрысып, тартылатын тұстарын сылауға болады.
ЙОД «СЕТКАСЫ»: ПАЙДАСЫ мен ӘСЕРІ Кез келген үйдегі дәрі қобдишасында йод болатыны анық. Бірақ көп адам оны жарақат алған жағдайда ғана қолданады. Ал йод тамшыларының бұдан басқа да көмегі көп, қолдану аясы кең. Тыныс алу жолдарының аурулары: Йод ерітіндісін қолдану суықтап ауырудың жиі қайталана беруінен құтқара алады. Оның бастапқы белгілері кезінде мазасыздануды едәуір жеңілдетеді және қалпына келтіруді, сауығуды тездетеді. Ол үшін мұрын бітіп, су аға бастаған алғашқы сәттерде мұрын айналасына жұқалау етіп йод жағып қойыңыз. Құрғақ жөтел: Одан тезірек құтылу үшін йод торын тамақ тұсы мен кеуденің жоғары тұсына жасайды. Мұны абайлап, жұқалап етіп жағу керек. Күн сайын табан мен өкшеге жұқалап жағып қойса да болады, әсері жақсы. Варикоз: Тамырлардың варикозды кеңеюі кезінде йод торын түнде аяқтың проблемалы аймақтарына қолдануға болады. Процедураны аптасына 2 реттен ғана жасаңыз. Оны жұқалап жағу керек. Емдеу курсы 60 күнді алады. Бұл жағдайда йодтың терапиялық әсері ісінудің азаюымен және аяқтың сыртқы көрінісін едәуір жақсартумен белгілі болады. Аяқтың шаршауы мен ауырсынуы да төмендеуі байқалады. Көгеру және жарақат: Йод торы гематомалардан тезірек арылуға көмектеседі. Алайда оны көгерудің салдарынан пайда болған көгеруге бірден қолдануға болмайды. Өйткені мұндай зақым ісінумен бірге жүреді, ал йод ісінудің тез басылуына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан зардап шеккен аймаққа алдымен суық компресс жасау керек. Ал йодпен емдеу бір күннен кейін басталады. Егер инъекция орнында көгеру пайда болса, йод торын сол заматта қолдануға болады. Буын мен арқадағы ауырсыну: Көптеген адамдарда жасы ұлғая келе және үнемі отырықшы жұмыс салдарынан желке құрысып, арқа бұлшық еттері тартылып ауыра бастайды. Йод торы бұл мәселені шешуге көмектеседі. Аптасына 3 рет омыртқаның бойымен, мойыннан бел тұсына дейін тік сызықтар жасаңыз. Йод торы тым қалың болып кетпесін. Әр кеш сайын ұйқы алдында ауыратын буындарға жұқалап йод торын жасауға болады. Ол қабынған буындардағы ауырсынуды басады, буын ауруының асқынуын тежейді. Ескеретін жайт: Йод торын таза, құрғақ теріге мақта тампонымен, жеңіл қозғалыстармен, жұқалап жағу керек. Сызықтар арақашықтығы кемінде 1 сантиметр болғаны дұрыс, тым жақын болып кетпесін. Йод ерітіндісі ашық жаралар мен жарылған жерлерге, шырышты қабықтарға түспегені дұрыс, сондықтан сақ болған жөн. Торды жүрек пен қалқанша безі маңына, үстіне жағуға болмайды. Егер дене қызуы көтерілсе, йод процедураларын жүргізу ұсынылмайды. Бұл әдісті 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Өйткені йод олардың терісін күйдіріп жіберуі, нәзік тамырларына зиян келтіруі мүмкін. Ал ересек балаларға қолданбас бұрын йодқа төзімділік сынағын өткізуі керек. Ол үшін білектің ішкі жағына аз ғана йод жағып көріңіз. Егер 20-30 минут ішінде жағымсыз реакциялар болмаса (қызару, қызу, ашыту, бөртпе және т. б.), онда қорықпай йодпен «сурет сала» беріңіз. Ем болсын!
ПИЯЗ ҚАБЫҒЫНАН ШАЙ ҚАЙНАТАДЫ Күн суыта бастағанда көп адамда табаннан өткен сыз, салқын ауа райы салдарынан қуық аурулары бас көтереді. Одан әсіресе әйелдер көп зардап шегетінін білеміз. Біз осы қуық ауруын емдейтін тиімді бір тәсілді білуші едік, көпшілікпен соны бөлісуді жөн көрдік. Пияз қабығынан екі уысын жуып-тазалап, 700 грамм қайнап тұрған суда 5 минут қайнатады. Оны 1 сағат тұндыру керек. Сонда пияздың қабығы шай сияқты шығады, яғни судың түсі өзгереді. Осыны күніне 3 рет ас алдында 100 грамнан ішу керек. 10 күн ішіп, 7 күн демалып, емді 3 рет қайталап жіберсеңіз қыс бойы қуық қабнығу ұшырамайды. Бұл ем әрі арзан, әрі оңай. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 190 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |