Халық емі
15/11/2021, 16:42

ИММУНИТЕТТІ КӨТЕРУДІҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ

Лимон, зімбір (имбирь), сарымсақты тең мөлшерде алып, еттурағыштан өткізіңіз. Бәрін араластырып, банкаға салып, тоңазытқышта сақтайсыз. Осыны шай ішкенде бір ас қасық қосып ішіп жүрсеңіздер еш артықтығы жоқ.

Сырттан келгенде, сыртқа шығарда, тамағыңыз қырнап тұрса, дене қызуы көтерілсе, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз қайнақ суға қосып, жиі-жиі ішіңіз. Ал ұйықтар алдында ішсеңіз, ешқандай парацетомол да керегі жоқ. Әбден терлейсіз. Терлеп отырып жел өтінде отырмаңыз, сыртқа шығып кетпеңіз!

Осылардың сыры мынау: бұл иммунитетті көтеретін, ағзаның ауруға қарсылық қуатын арттыратын, инфекцияны қуатын табиғи ем. Шипасын көргендер бар.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 151 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: