Халық емі
08/11/2021, 21:24

ДӘНІ ДЕ ДЕРТКЕ ДАУА

Асқабақтың ішіндегі дәнегі адам ағзасына қажет витаминдердің, минералдар және аминқышқылдарының қоймасы екенін көп адам біле бермейді. Оның құрамында В тобының, А, С, D, Е және К витаминдері, сондай-ақ кальций, селен, калий, темір, фосфор және магний бар. Ол мырыш пен асқабақ қышқылына да бай. Денсаулыққа пайдасы көп асқабақ тұқымын қандай ауруларда жеу керек екенін айтамыз.

Ұйқысыздық. Асқабақ тұқымдарын ұйқының бұзылуынан, соның ішінде ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдарға жеу ұсынылады. Олардың құрамында бақыт гормоны – серотониннің қалыптасуына қатысатын триптофан деп аталатын құнды аминқышқыл бар. Соның арқасында стресс деңгейі төмендеп, ұйқы жақсарады.

Бүйрек аурулары. Асқабақ тұқымы бүйректі тазартуға, цистит пен холециститті емдеуге, сондай-ақ уролитияның дамуына жол бермейтін күшті табиғи зәр қуалайтын құрал. Сонымен қатар, асқабақ тұқымын зәр шығару жүйесі аурулары мазалағанда қолдануға болады. Осындай аурулары бар науқастарға асқабақ пен зығыр тұқымдарынан қайнатпа дайындап, оны күні бойы ішуге кеңес беріледі.

Сүйектің әлсіздігі. Жоғарыда айтып кеткендей, асқабақ дәнектерінің құрамында мырыш көп. Ал ол сүйек тінінің нығаюына ықпал етеді және остеопороздың дамуына жол бермейді. Мырыш буындарға да пайдалы, демек, артрит сияқты аурулардың да алдын алуға көмектеседі.

Ішектегі паразиттер. Асқабақ дәнегі – ішек құрттарымен күресудің ең танымал әрі тиімді тәсілдерінің бірі. Әрбір дәнекті қаптап тұратын жасыл түсті жұқа қабықша – кукурбитин деп аталатын аминқышқыл. Бұл зат ішек паразиттерін жансыздандырады және олардың тез жойылуына ықпал етеді. Ішек құрттарын түсіретін «дәрі» дайындау үшін бір уыс асқабақ тұқымын ұсақтаңыз, міндетті түрде жұқа қабықшасы болуын қадағалаңыз. Үстіне аздап су мен бал қосыңыз. Дайын болған қоспаны ашқарынға бір шай қасықтан қабылдау қажет. Одан кейін іш жүргізетін дәрі ретінде майсана майын қолдануға болады. Бұл тәсіл ересектер мен екі жастан асқан балаларға арналады.

Қартаю. Қартаю процесі ешқандай дерт, ауру емес, бірақ сонда да бұл процесті баяулатқымыз келіп тұрады ғой. Асқабақ тұқымында кездесетін кальций, калий, темір, натрий, мырыш, фосфор, мыс және марганец қалқанша безінің жұмысын реттейді, жасушалардың қалпына келуін тездетеді және көру қабілетін сақтауға көмектеседі. Омега-3 және омега-6 май қышқылдары терінің, шаштың және тырнақтың саулығын сақтайды. Қуырылған емес, шикі асқабақ тұқымдары пайдалы. Күніне бірнеше бөлікке бөліп, 100 грамм асқабақ тұқымын жеуге болады.

 

ТАМАҚТЫҢ ҚАБЫНУЫ

Суықтап, тамағыңыз ауырса дәріханаларда тамақты шаятын және ішетін дәрілер көп. Бірақ соның көбісі ем болмаған соң, бала кезімізде әжемнен көрген емді қолданудамын.
Алдымен шатыраш (шалфей) пен түймедағының (ромашка) 1 ас қасық қоспасын термосқа салып, үстіне 1 стакан ыстық су құйып, жарты сағат тұндырад. Бұл тұнбаға 0,5 шай қасық бал мен 20 пайыздық прополистің 1 ас қасығын қосып, тамақты сағат сайын бірнеше мәрте шайып отыру керек. Сонда күніне 2-3 стакан тұнба кетеді. Сосын жаңадан дайындап, емді қайталауға болады.

Осылайша тамақты шаю арқылы 1-2 күнде фарингиттен толық айығып кетесіз. Бұл емді ангинаға да қолдануға болады.

 

ӘЖІМДІ АЗАЙТУДЫҢ АМАЛЫ КӨП

1. Банан. Бананды езіп, оған жарты қасық зәйтүн майын қосып, біркелкі араластырып, бетке жақса әжімді кетіреді.

2. Күріш. Бұқтырылып піскен күрішті ыстықтай сүзіп алып, онымен бетті күріш майланып, қарайғанша ысқыласа тері көздеріндегі май мен кірді тартып алады. Соңынан таза сумен жуып тастаса тері көзі ашылып, жақсы тыныстап, әжім азаяды.

3. Мандарин. Оны қабығымен жаншып, спиртке шылап, тең мөлшерде бал қосып, бір апта тұндырып қою керек. Осы қоспаны бетке жақса теріні жұмсартуға және әжімды кетіруде көмегі көп.

4. Қызанақ. Оны ұсақтап турап, жаншып, шырынына азырақ бал араластырып бетке жақса әжімді жақсы кетіреді. Құрамындағы С витамині теріні құрғап кетуден, жарылудан сақтайды. Ондағы мол А витамині терінің серпінділігін сақтап, тері клеткаларының семіп, мүйізгектенуінің алдын алады.

5. Сүт. Бет жуған соң сиыр сүтін жағып, иектен жоғары өрлей массаж жасап, теріге толық сіңірсеңіз беттің қан айналымын тездетіп, терінің қоректенуін жақсартып, оттегімен қамдау мөлшерін жоғарылатады. Сонда тері әуелгідей серпімді қалыпқа келеді, жүзіңіз нұрланып, әжіміңіз азаяды.

6. Жұмыртқа. Азырақ жұмыртқа ағына жаңа сауылған сүт, бал және ұн қосып араластырып, қоймалжың ботқа жасап, бетке тегіс жағады. 15 минут өткен соң жуып тастаса теріні жұмсартады, жияды, әжімін кетіреді.

7. Талшын. Талшын (каштан) жемісінің дәнін ұнтақтап алып, балға араластырып, бетке жақса теріні үлбіретіп, бетті жылтыратады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 143 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: