01/11/2021, 14:12 | |
ҚАНДЫ ТАЗАРТАТЫН ТӨРТ ТҰНБА Қырмызыгүл мен бүрген тұнбасы 2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут қайнатады. Сосын қақпағын ашпаған күйі оттан алады. Салқындаған кезде қабатталған дәкемен (бинтпен) сүзіп алып, балмен араластырыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны бірнеше сағат тоңазытқышқа қою керек. Ем ретінде 300 мг. тұнбаны таңертең таңғы астың алдында ішесіз. Ақтал тұнбасы 400 мг. суға үш қасық кептірілген ақтал (ива серебристая) ұнтағын саласыз. Баяу отта 10-12 минут қайнатады. Салқандаған кезде сүзіп алып, тағы да 4 сағат тұндырып қойыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны 100 грамнан, тамақ алдында қабылдаңыз. Емді күніне 3 рет жүргізуіңіз керек. Мұны 1 айға дейін жалғастыруға болады. Ақжелкен тұнбасы 50 грамм ұнтақталған ақжелкен (петрушка) тамырын 500 мг. суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнаған соң оттан алып, 2-3 сағатқа тұндырыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамақпен бірге қабылдайсыз. Емді 1 стаканнан, күніне 3-4 рет жүргізуге болады. Қайың шырыны Бір апта бойы қайың шырынын үзбей ішсеңіз, қаныңыз тазарып, қан айналымы жақсара түседі. Нәтижесінде бойыңызды дендеген дерттен арыласыз. Өзіңізді жайлы сезініп, саулығыңыз жақсарады. Күніне 1 литр қайың шырынын ішуді әдет етсеңіз, өзіңізді ұзақ өмір сүрушілер қатарына жатқызуыңызға болады. Халықтық әдістен бөлек, күнделікті тұтынатын кейбір тағамдар да қанды тазалауға қабілетті келеді екен. Нақтырақ айтқанда, лимон, сәбіз, брокколи, қызылша, алма және куркуманы жиірек тұтыну керек. Денсауылғыңыз мықты болсын!
ӨТТІ ҚАЛАЙ ТАЗАРТҚАН ДҰРЫС? Қыстыгүні қазан асып, қазы мен ет жеп, майлы сорпа сіміру – қазақ үшін қалыпты жай. Әйткенмен осы ет жеуге деген құштарлық өтімізді толтырып, өмірімізді қысқартуы мүмкін екен. Дәрігерлер осылай дейді. Себебі мен сау болудың жолы жайлы аз-кем мәлімет бере кетейік. Майлы тағамдарды артық мөлшерде жеу өттің қоюлануына әкеп соқтырады. Бұл дегеніміз – өт жолдарында өт қабы қоюланып, астың ішекке дұрыс түспей қалуы. Уақытында ем қабылдамай, өтті дұрыс шығармаса, ол тас болып түйіліп қалуы әбден мүмкін. Ауру асқынып, өтте тас пайда болса, хирургиялық ота жасатуға тура келеді. «Пышаққа түсу» деген проблема, әрине,ешкімге ұнай қоймайтын мәселе. Сондықтан өт ауруларын дер кезінде емдеген жөн. Ал өт толғанын қалай білуге болады? Бұл кезде жүрек айниды, адам лоқсиды, оң жақ қабырғаның асты сыздап ауырады. Іш жиі қатып, адам өзін жайсыз сезінеді. Өті толған адамдарға майлы, қуырылған және тұзы мен бұрышы көп тағамдарды азайтқаны жөн. Мұндай тағамдар өт жолдарын, өттің қапшығын қабындыруға бейім болады. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, қимыл-қозғалысты көбейту керек. Егер мереке күндері мазаңыз кетсе, үй жағдайында да өтті тазартуға болады дейді мамандар. Медициналық тілмен айтқанда, дюбаж жасағыңыз келсе, онда минералды су керек. Суды 36-37 градус температурасында жылытып, таңертең ашқарынға ішкен жөн. Әр сағат сайын бір стаканнан асықпай ұрттап іше отырып, осылай тәулік ішінде табиғи тазалану тәсілін жасаңыз. Мұны айына бір рет жасасаңыз жеткілікті. Бірақ оны екі аптадан астам ішуге болмайды. «Ауру – астан» деген ғой. Тамақты талғаммен ішуді әдетке айналдырыңыз.
ҰЙҚЫ БЕЗІ ҚАБЫНҒАНДА Ащы ермен, түймедақ гүлі, трифол жапырағының ұнтақтарынан бір ас қасықтан алып, жарты литр қайнаған суға салып, шай етіп демдейді. Мұны ұйқы безі қабынғанда күніне 30 грамнан 4 рет, 10 күн ішу керек. 10 күн демалып, емдеуді қайта бастайды. Немесе бұрыш, жалбыз шөбінің ұнтағынан 100 грамнан алып, 2 литр қайнаған суға салып, үстіне 50 грамм бал қосып, бір сағат қайнатады. Бір күн тұрғызып сүзеді. Дәрі даяр. Астан жарты сағат кейін 30 грамнан күніне үш рет, 10 күн ішіп, бір жеті демалады. Сонан соң емді қайта бастайды. Емдеу мерзімі – 3 ай. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 164 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |