18/10/2021, 17:12 | |
ЖӨТЕЛДІ ТЕЗ КЕТІРГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ? Суықтап, тұмауратып ауырған кезде қолданылатын халықтық ем әдістері көп. Солардың бірқатары мынадай: 1. Бал қосылған ыстық су. Ыдыстағы 150 грамм балға (3 ас қасық) 150 грамм құмшекер, 1 литр су қосып, 20 минут орташа жанған отта қайнатады. Көбігін алып тұру керек. Сосын оған 8-10 дана қалампыр, 1 шай қасық уатылған даршын, 1-2 лавр жапырағын қосып, бір ретте 0,5 литрден, ыстықтай ішу керек. 2. Орташа 15-18 пияз қабығының үстінен 1 литрмұздай су құйып, қайнатып алу керек. Баяу отта ұстай отырып, судың жартысы жоғалғанша ұстайды. Сосын толық суытып, сүзіп алады. Бал қосып, күніне 4-5 мәрте, екі ас қасықтан ішіп тұру керек. Жөтелге, созылмалы бронхитке шипалы. 3. Бронхит бастала салысымен емдеуге кірісу керек. Мұндайда жолжелкен (подорожник) пайдалы. Қақырық түсіреді. Оның 20 грамын 200 миллилитр қайнаған суға салып, 2 сағат тұндырады. Осыны күніне 3-4 мәрте, 1 ас қасықтан ішіп тұру керек. 4. Жөтел, мұрын бітуі, тамақ ауыруы басталған кезде 5 тамшы йод қосылған 0,5 стакан қайнаған жылысу ішкен дұрыс. Сосын бір түйір сарымсақты асықпай шайнаса көмектеседі. 5. Шикі картоп та шипалы. 3 данасын 4-тен бөліп, үстіне 10 түйір қара бұрыш, укроп дәнін, 5 лавр жапырағын, су қосып, кастрюльде қайнату керек. Тұз қоспай, суын ішіп, картопты жесе, суықты алады.
ІШЕКТІ «ШАЙЫП» ТҰРУ КЕРЕК Астың сіңуі, қорытылуы жақсаруы үшін ішекті тазартып тұру маңызды. Бұл ретте бал ерітіндісінің көмегі көп. Ол былай жасалады: 1 стакан қайнамаған бөлме температурасындағы суға 1 шай қасық бал салып, араластырсаңыз, 30%-дық бал ерітіндісі дайын. Құрамы жөнінен қан плазмасына тең келетін бұл ерітіндіні күнделікті таңертең ашқарынға ішіп жүру асқазан-ішек жолдарын, белгілі дәрежеде бауырды да тазартады, ондағы паразитті қуады. Иммунитетті көтереді. Іш қатуын 1-2 күнде-ақ жояды. Ал егер кемінде 1 ай ішіп жүрген адамда бронхиттен құтқарады, өкпе, өңеш, мұрын қуысындағы шырышты кетіреді.
ҚҰРТ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ЖЕТІ ВИТАМИН Құрт – қазақ дастарханындағы ежелден келе жатқан ерекше тағам. Пішіні кішкентай болғанына қарамастан ол өте тойымды. 1. А витамині Құрттың құрамында А витамині бар. Ол көздің қырағылығына, бойдың өсуіне, жасушалардың жаңаруына және иммунитеттің жақсаруына көмектеседі. 2. Е витамині Бұл азықтың құрамында жасушалардың қартаюына жол бермейтін және ағзаны оттегімен қамтамасыз ететін Е витамині бар. 3. D витамині Ол рак және остеопороз ауруларының пайда болуын тежейді. Қазіргідей күн қысқарған уақытта ағзада D витаминіне деген қажеттілік туындайды. Сондықтан қыстыгүні құрт жегеннің орны бөлек. 4. С витамині Құрттың құрамында аскорбин қышқылы бар, ол иммунитетті нығайтады және ағзаның қорғану функцияларын жақсартады. 5. Минералдар Құрттың құрамында көп мөлшерде калий бар. Ол сүйектің сыртқы қабатын қатайтады және зат алмасу үдерісін тездетеді. Сонымен қатар белсенді түрде коллагеннің қалыптасуына қатысады, ал коллаген теріні жасартады. Құрт – керемет сергітетін құрал. Қан азығында, физикалық және психикалық жүктемелер кезінде жақсы көмектеседі. 6. Микрофлора Құрт ішектің микрофлорасын қалпына келтіруге оң әсерін тигізеді. 7. Құсуға қарсы құрал Құрт құсуды басады, кейде оны толығымен тоқтата алады. Яғни құрт жүкті әйелдерге пайдалы деуге болады. Әйткенмен құрамында көп мөлшерде тұз болғандықтан, құртқа тым құмар болмаған жөн. Бауыры немесе жүрек-қан тамыр дерті мазалайтын адамдарға оны жеуге болмайды. Осы жағы есіңізде болсын. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 148 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |