18/10/2021, 17:11 | |
ШЕМІРШЕКТІ ТОЗУДАН САҚТАЙТЫН ДӘРІЛЕР Бүгінде буын аурулары жасы ұлғайған адамдарды ғана емес, жастарды да жиі төңіректейтіні белгілі. Әсіресе спортпен айналысатындарды ауыр жаттығулардан соң буындар ауырып мазалайды. Өйткені шеміршектерге көп салмақ түсіп, оны нығыздайды, тоздырады. Осы орайда алдын-алу, сауықтыру шараларын жасап, бірқатар препараттарды қолдана жүргеннің артықшылығы жоқ. Олар мынадай: Глюкозамин. Ол бүлінген шеміршек ұлпаларын қалпына келтіреді. Қажет болған жағдайда оны 1,5 – 2 айдай ішіп жүрген жақсы. Тек шамадан асырмау керек. Әйтпесе ол ағзадағы көмірсу алмасуына кедергі келтіреді, ұйқы безінің жұмысын зақымдайды. Сондықтан оны 6-8 апта, 1500 – 2000 миллиграмнан (екі-үш мезгіл) ішіп тұрған пайдалы. Емдік курсы жылына 2-3 мәрте. Әрине, дәрігермен кеңесуді ұмытпау керек. Бұл әсіресе ағзаға көп күш түсіретін спортшылар мен ауыр қара жұмыстағыларға пайдалы. Коллаген гидролизаты (желатин) де шеміршек ұлпасын қалпына келтіруге көмектеседі. Ол жануартекті болғаны дұрыс. 3 ай бойы күніне 10 грамнан ішіп тұру керек. Хидроитин де шеміршек ұлпаларының ауыр салмақтан бүлініп-тозған жерлерін қалпына келтіре алады. Балық майындағы Омега – 3 майлы қышқылдары да пайдалы. Күніне 10 грамнан (бір-екі аптадан артық ішуге болмайды) ішіп тұру керек. Сосын 3 грамнан ішуге болады. Жалпы, егер балық майын жай кезде күн сайын 3 грамнан артық ішсе қан қоюланып, жүрекке салмақ түседі, диабет қаупі туындайды. Дәрігермен кеңесіп ішкен дұрыс. Куркума да пайдалы, онда күшті антиоксиданттар бар. Ол зиянды гистамин түзілуін тоқтатады, қабынуға қарсы әсері мол кортизолдың түзілуін күшейтеді. Көкөніс, жеміс, астықтұқымдастар құрамында болатын метилсульфаниметан да буындарға пайдалы. Көк шайдағы катехиндер буын шеміршектерінің нығыздалып, «желінуіне», тозуына қарсы тұрады, ол мықты антиоксидант. Міне, осы аталған заттарды қажет кезінде емдеп-сауықтыру, аурудың алдын -алу үшін қолданып тұруға болады. Тек қанша уақыт, қаншалықты мқлшерде қабылдау керегін дәрігермен кеңескен абзал.
ЖИЫРМА ЖЫЛҒА ЖАСАРТАТЫН ЭЛИКСИР Жан да, тән де, ағза да 45 жаста 25-тегідей, ал 50-де 30-дағыдай көріну, ағзаның жастық шағын ұзақ сақтауға болады. Оның жолы мынадай: 100 миллиграм лимон шырыны мен 200 грамм бал, 50 миллиграмм зәйтүн майы керек. Бәрін жақсылап араластырып, күніне 3 рет, астан 15-20 минут бұрын 1 шай қасықтан тұтынады. Мұны жылына екі рет (әр бес-алты айда) ішу керек. Ал қоспа таусылғанда шай орнына 200 грамм қайнаған суға жарты қасық майда туралған зімбір мен қалауыңызға қарай лимон қосып ішіп жүрген дұрыс. Дәміне үйренген соң зімбірді сәл көбейуге болады. Тәтті орнына кептірілген жеміс тұтынған жақсы. Негізі ағзаны жиырма жылға дейін жасартатын эликсирді наурыз және қазан айында ішкен дұрыс. Ал қалған он айда күніне кемінде бір рет зімбір шайын ішіп жүріңіз.
ТІЗЕҢІЗ ҚАҚСАП ЖҮР МЕ? Тізенің қақсап, ауырып жүрсе, ақжелек (хрен) жапырағының 3-4 данасын қайнап тұрған суға салып алыңыз да, тізеге жапсырыңыз. Дереу аяғыңызды жылы одеялмен орап алыңыз. Жапырақты суығанда алып тастап, табаннан бастап белге дейін салқын тимейтіндей жылы киіну керек. Бір апта осылай етсеңіз, ақжелек тізедегі суықты да, тұзды да «сорып» алады. Егер аяқ буындарын жарақаттап алсаңыз, сіңірі созылса, ісіп тұрса, ол жерге жылы суға езілген қара (кір) сабын жағыңыз. Көктемнің сары гүлі - бақбақтан 130 дана жинаңыз. Бір шайып алып, шыны ыдысқа салыңыз да, үстіне «тройной» одеколон құйыңыз. Бетін мықтап жауып, 40 күнге қараңғы жерге қояды. Тізе ауырған, қақсаған кезде жұқалап жағып жүрсеңіз, көмегі күшті дәрі осы. 50 грамм камфора мен осынша қыша (горчица), 100 грамм спирт, 100 грамм жұмыртқаның сары уызынан дәрмек жасауға болады. Алдымен спирт пен камфораны араластырасыз. Оған қышаны қосады. Жұмыртқа уызын жақсылап араластырып, осы қоспаның үстіне салу керек. Күнделікті кешкісін онымен буынды, сүйектің қақсаған жерді сылайды. Шошқа майы сүйектегі суықты тартып алады, буындардағы тұзды өз бойына сіңіреді. Емдік мақсатта тұздалмаған, қақталмаған майы керек. Оны жұқалап кесіп, кешкісін тізеге таңып қояды. Таңертең алып тастайсыз. Бес күнде тізе, буындағы суық пен тұздан арылып, жүріп тұру, қозғалу жеңілдейді, қақсауды да ұмытасыз. Картоп гүлдейтін кезеңді қалт жібермеңіз, ол тізе қақсауын қойдыратын керекті шикізат көзі. Ауа райы ашық, құрғақ кезде картоп гүлін жинап, оны көлеңкелі жеде кептіріп алыңыз. Шыны ыдыста сақтасаңыз, керек кезде емге қолдануға қолайлы. Картоптың 1 ас қасық кептірілген гүлін 2 стакан суға салып, термоста 3 сағат тұндырасыз. Сосын сүзіп алып, күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын жарты стаканнан ішеді. Ем курсы – 21 күн. Осы картоп гүлінен остеохондроз, радикулит, артрит сынды кеселдер кезінде қолданатын тұнба әзірлеуге болады. Ол үшін шыны бөтелкеге картоптың кептірілген гүлін (жартысынан көптеу болсын) салып, үстіне «тройной» одеколонын құяды. Қараңғы жерде әр кез шайқай отырып, 2-3 апта қояды. Бұл тұнбаны желке, бел тұсы, тізе, тобыққа жұқалап жағып, сіңгенше жеңіл массаж жасайды. Мынадай да ем бар: тізе қақсап ауырса мейлінше жаңа үй жұмыртқасының 2 данасына 2 ас қасық 9 пайыздық сірке суын араластырыңыз. Оны дәкеге жағып, тізеге таңып қою керек. Сыртынан жылы орап қойыңыз. 10-12 күнде тізе ауруын ұмытасыз. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 173 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |