11/10/2021, 19:00 | |
ТҰМАУДАН САҚТАЙТЫН ҮШ СУСЫН Ауырған соң ем іздемей, алдын-ала қамдану керек екенін биылғы жаз анық көрсетті. Енді қоңыр күзден сонау көктемге дейін созылатын тұмауға шалдықпауды да ойлану керек. Денсаулықты сақтаудың ең оңай тәсілі мынадай: Лимон мен анар шырыны. Пропорциясын өзіңіздің қалауыңызға қарай анықтайсыз. Қышқылды немесе оның дәмін ұнатпайтындар жаңа алынған шырынға аздап су қосып ішуіне болады. Лимонның қасиетін көбіміз білеміз. Ал анар – күнделікті тұтынуымыз тиіс витаминдердің 40 пайызын құрайды. Қабынуға қарсы қасиетке ие болғандықтан тұмау, суық тию секілді вирустық ауруларды болдырмайды. Лимон мен жалбыз шырыны. Жалбыз табиғи антибактериалды өсімдік, лимон күш-қуат беріп, иммун жүйесін нығайтады. Сусынды дайындау үшін жалбыз жапырақтарының үстіне қайнаған су құйып, жарты лимонның шырынын қосасыз. Лимон мен зімбір шырыны. Зімбір(имбирь) зат алмасуды, асқорытуды жақсартып, иммунитетті нығайтады. Зімбір тамырының аз бөлігін майдалап турап, үстіне қайнаған су құйып, оған лимон шырынын қосыңыз. Сусынға бал қосып, сусынды тәтті етіп алсаңыз да болады. Табиғи бұл ем түрін –аталған сусынды күнделікті таңертең ашқарынға бір стакан мөлшерінде ішкен дұрыс. Оны қалауыңызша үш айға дейін жалғастыруға болады. Мен бұл әдісті екі жылдан бері қолданамын. Табиғи емнің шипасы шынында ерекше екеніне көзім жеткен. Сусынның тек бір түрін ішу міндетті емес, оны қалауыңызша алмастырып отыруға болады.
ДЕНЕДЕГІ УЫТТЫ ҚАЛАЙ ТАЗАРТУҒА БОЛАДЫ? Усарымсақ (чеснок) ішкі ағзалар мен тыныс жолындағы бактерияларды, ішек паразиттерін шығарады. Қан қысымын төмендетіп, қатерлі ісікке (рак) қарсы тұрады. Бір түйір усарымсақта 400-ден астам пайдалы зат бар. Ол денедегі майды азайтып, тамырларды тазартады. Мидың қатерлі ісігіне себеп болатын жасушаларды жойып, туберкулоз бактериясын, құрттарды өлтіреді. Төменде усарымсақ сусынын дайындау туралы айтамыз. Әйнек құмыраға 12 түйір усарымсақ салып, оның үстіне 2 литр сапалы қызыл арақ құйып, аузын мықтап жабамыз да, күн түсетін жерге екі апта қоямыз. Күн сайын 4-5 рет шайқаймыз. Содан соң суын сүзіп алып, салқын жерде сақтаймыз. Әр күні 1 шай қасықтан 3 рет ішіп, бір ай бойы жалғастырасақ, бұл денедегі тұзды айдап, қанды тазартып, ағзаны сергітіп, жүрек қызметін күшейтіп, зат алмасуды жақсартады.
ЛАВР ЖАПЫРАҒЫНДА ШИПА КӨП Жапырағын жас бұтақтарымен қоса жылына екі рет – маусым-тамыз айларында қырқып алатын лаврдың жемісі қараша айында піседі. Оның дәнінен, тамырынан камфора иісті затын, эфир майын өндіреді. Қара теңіз жағалауы мен Жапонияда өсетін лаврдан бізге жететіні дәрілік заттары мен жапырақтары. Дегенмен осы кептірілген жапырақтың өзін емге қолдануға болады. Суық тиіп, қатты жөтел қысқан кезде 2 тал лавр жапырағын бір стакан суға салып, үстінен 1 ас қасық ас содасын салады. 15 минут ақырын қайнатады. Осыған ас қасық мөлшерінде бал қосып жылыдай ішу кереК. Лавр жапырағын алып тастайды. Ішкен кзеде үнемі жылы болуы шарт. Бұдан жөтел тоқтап, қақырық шыға бастайды. Көз былшықтанып, түйіліп аурыған кезде 4 тал жапырақты ұнтақтап, жарты стакан қайнап тұрған суға салып, бұқтырады. Осы сумен жылыдай көзді жуады. Тампон қояды. Геморрой мазалағанда 10 тал лавр жапырағын ұнтақтап, 1 стакан қайнап тұрған суға саплып, 1 сағат бұқтырады. Жылыдай дәкеге сіңдіріп, геморройға тампон етіп қою керек. Тампонды 2 сағат сайын ауыстырып тұрады. Қан қысымын төмендету үшін 4 тал жапырағын 1 стакан қайнап тұрған суға жарты сағат бұқтырады. Таңертең-кешке ас алдында бөліп ішеді. Егер қан қысымы 160/90 болса жоғарыдағы мөлшерге 1 шай қасық аскөк (укроп) қосуға болады.
АЛДАҒЫ АУА РАЙЫ ЖӨНІНДЕ НЕ БІЛЕСІЗ? Қазақ халқы сайын даламызда емін-еркін көшіп жүріп, табиғат құбылыстарын мұқият бақылаған. Ол кезде бүгінгідей ауа райын болжайтын стансалар болмаса да, халқымыз жыл сайын бір мезгілде қайталанып отыратын, өлкемізге тән жайттарды жадына тоқып, соған қарай қам жасаған. Олай болса, ежелден келе жатқан жаңылыспас сол жорамал жайлы біздің де біле жүргеніміз жөн деп ойлаймыз. «Кіші қазан» – 28-қыркүйек – 3-қазан аралығы. Бұл кезде күн суытып, алғашқы салқындық байқалады. Одан кейін қазанның 3-4-іне қарай күн жылынып, бір сәт жазға қайта оралғандай күй кешесіз. Мұны үлкендер «Қазанның шуағы» деп атайды. «Кіші қазанның шығысы» 10-ші қазанда басталады. Ауа райы бұзылады, жерге қырау түсіп, шөптер қурайды. Теректердің жапырақтары түседі. Халқымыздың «қазанның суығына шалынбай тұрып шөпті жинап алу қажет» дейтіні осы кез. Бұл кезде күн қысқарып, ұзақтығы 11 сағат 3 минутты көрсетеді. «Үлкен қазанның кірісі» – 28-қазан – 8-қараша аралығы. Онда тағы да ауа райы бұзылып, қар аралас жауын-шашын жауып, үскірік жел соғады. «Үлкен қазанның шығысы» – 18–28 қарашада білінеді. Алғашқы аяз тұрады. Қыстың табалдырықтан аттағалы жатқанының хабаршысы. «Киіктің бұрқағы» – 19–29 желтоқсан аралығында болатын бұл уақытта көбіне қар жауып, ұйытқыған боран соғады, сықырлаған аяз тұрады. Бұл киіктің шағылысатын уақыты. Күннің ұзақтығы 7 сағатты құрайды. «Қарға адым ұзарады» – бұл 22 желтоқсаннан кейін күн ұзара бастайтынын білдіретін ұғым. Оның «Қарға адым» деп аталуы тегін емес, мысалы, 22-ші желтоқсандағы күннің ұзақтығы 7 сағат 1 минут. Ал 27-сінен бастап күніне 1 минуттан, :droplet:4 қаңтардан бастап күніне 2 минуттан, 15-інен әрі кейде күніне 3-4 минуттан қосылып ұзарып отырады. Міне, осы ай мен жыл соңына дейін бізді алда осындай ауа райы күтіп тұр.
ОСТЕОХОНДРОЗ ОЙБАЙЛАТПАСЫН ДЕСЕҢІЗ... Қазір үлкенде де, кішіде де кездесетін остеохондроз негізі ем қонуы қиын ауру. Ол асқынса басыңызды бүріп ауырғаннан бастап белді қақсатып, тіпті табаныңызға дейін белгі беретіні бар. Оны асқындырмау керек. Остеохондроз ойбайлатпасын десеңіз оның алғашқы белгілері біліне бастасымен мына амалды жасай жүріңіз: 1 стакан таза балға 0,5 литр арақ, 1,5 стакан шалқанның (репа) жаңа сығылған шырыны мен 1 ас қасық кәдімгі ас тұзын жақсылап араластырыңыз. Осыдан күнделікті ұйқы алдында 50 грамнан ішіп жүрсеңіз болғаны. Емді 20 күн жалғастырып, 10 күн демалып, 3 рет қайталауыңызға болады. Жылына 1-2 рет осы амалды жасай жүрсеңіз остеохондроз асқынбайды, мазаламайды. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 172 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |