04/10/2021, 20:44 | |
АДАМДЫ СЕМІРТЕТІН АС ТҮРЛЕРІ Ұйқыға жатарда ет, балық етін жемеген жақсы. Жесеңіз, жатардан кемінде төрт сағат бұрын жеңіз. Өйткені ол асқазанда осынша уақыт қорытылады, сөйтіп ағзаға қажетті энергияға айналады. Ал егер ұйқыға тоя ет жеп жатсаңыз, онда ол қорытылмайды, жатып қалып, қажетсіз заттарға ыдырайды, ағзаны бүлдіреді, қанға өтіп, улайды. Қажетсіз, толы заттан қарын қампаяды. Нан өнімдерін де жатарда жеген дұрыс болмайды. Олар тез қорытылады да, қанда инсулин мөлшерін арттырады. Бұл кезде ағзада қимыл-қозғалыс болмағандықтан энергия жұмсалмайды, ол қарынға, мықынға май болып іркіледі. Шоколадты жатарда жеуді әдетке айналдырсаңыз да тап осындай нәтижеге «қол жеткізесіз». Чипсы, сухариктерден де осындай әсер аласыз. Өйткені оларда калория мен химиялық қоспалар көп. Ұйқы кезінде зат алмасуы төмендейтіндіктен олардан да келер зиян аз емес. Жаңғақтар мен кепкен жемістердің ағзаға көп калория беретіні белгілі. Сондықтан оларды жатарда көп жесеңіз, семіруге, май түзілуіне жағдай жасайсыз. Кофе, кока-кола, шайды жатар алдында ішкен де дұрыс емес. Олар ұйқыны бұзады. Мұндайда адам түн ішінде тұрып алып тамақ жеуі де мүмкін. Жоғарыда аталып өткендей, түнгі тамақ ағзаға майды көп береді. Алкогольдің де осындай әсері бар. ...Ағза өзін аш сезінбес үшін ұйқыға жатарда бір стакан кефир, простакваша, ряженка, йогурт ішкен, аздап көкөніс, жеміс-жидек, жеңіл салат жеген дұрыс.
ҚАНАЗДЫҚТА ҚОЛДАНЫП КӨРІҢІЗ Итмұрынның бес ас қасық құрғақ жемісін термосқа салады да, үстінен 0,5 литр қайнаған су құяды. 10-15 минуттан соң термосты нығыздап жауып, бір тәулік тұндырады. Сосын сүзгіден өткізіп, күніне екі-үш рет тамақтан соң жарты стаканнан ішіп тұрады. Ол инфекциялық аурулар, қаназдық, шаршаңқылық, ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Бел қуатын арттырады.
АЛАПЕСТІ АСҚЫНДЫРМАЙДЫ Терідегі ақ дақтар алапес (витилиго) эндокриндік немесе жүйке жүйесі жұмысының бұзылуынан пайда болады. Сондай-ақ ағзада темір, мыс жетіспеуінен орын алуы да мүмкін. Әрине, витилигоға емді дерматолог дәрігер тағайындайды. Дегенмен ел ішінде денедегі ақтаңдақты кетіруге көмектеседі деген рецепт түрлері де кездеседі. Мысалы, халық емінде айтқанда аралия мен валериананы тең мөлшерде араластырып, 1 ас қасығын 1 стакан суда жарты сағат тұндырады. Оны күніне 2-3 рет астан 15 минут 1 шай қасықтан ішеді. Қалақай жапырақтарын жуып, сығып, сөлін алады. Оны күніне бірнеше рет ақ дақтардың үстіне жағу керек. Азықтық емес, егістікке арналған сұлыны сүтке қайнатып, сұйықтау ботқа әзірлеңіз. Оны күніне үш рет, ас алдында жарты стаканнан тұтынады. Емді мейлінше ұзақ үш айдан жарты жылға дейін жалғастыру керек. Үш күнде бір рет валериана шөбі мен қылқанжапырақты ағаш жапырағы қосылған20 минуттық ванна қабылдаған дұрыс. Оны алдын-ала мөлшермен қайнатып, ваннадағы жылы суға қосуға болады. Үш күнде бір рет қайталау арқылы 15 процедура жасалады. Алапесті күнделікті екі рет лимон шырынымен сүртіп отыруға болады. Бұл амалдар терідегі пигментацияның өршімеуіне, оның көлемі кішіреюіне көмектеседі.
СУЫҚТАУДЫ ЗАМАТТА КЕТІРЕДІ Тұз бен йод. Бұл менің суықтауды сол заматта қуатын ең мықты көмекшілерім. Оны қолдану жолы біреу ғана. Ал көмегі ұшан-теңіз. Аяқтан су немесе сыз өтсе, денеңіз қатты тоңғанда, жаңбыр астында қалып қойсаңыз, ауырып қалу қаупі болады. Ондайда ауырып қалмау үшін мен тез арада осы амалды жасаймын. Балаларымда мұрыннан су ағып немесе құрғап, тұмаудың алғашқы белгісі басталғанда да жасайтын амалым осы. Бұл кәдімгі бұлау. Аяқ күймейтіндей, бірақ қызуы бүкіл денеге тарайтындай ыстықтау су керек. Ыдыстағы су деңгейін тобыққа дейін жететін болуы тиіс. Оған бір-бір жарым уыс тұз бен 10-12 тамшы йод қосамын. Суықтау белгісі бар адам осы суға аяғын салып отырады. Белінен төмен қарай жылы одеял орап тастаймын. Су суып қалмау үшін әлсін-әлсін оған үстемелеп ыстық су құйып отырған дұрыс. Ал аяғын бұлауға салған адамға бал не лимон қосылған, ол болмаса жай ғана ыстық шай беремін. Бұл процесс жарты сағат немесе одан сәл ғана ұзақтау болады. Мұны мейлінше кешке жасаған дұрыс. Сосын аяғын бұлауға салған адам табаны жаурамау үшін жылы шұлық киеді. Бұл амал енді басталып келе жатқан суықты тартады. Тұмаудың өте қысқа уақытта тез жазылуына жәрдем. Тұз бен йод қосылған бұлау қуықтың, бүйректің суықтауын, тұмаудың бастапқы белгілерінде өте жақсы көмектеседі. Мұны ары кеткенде екі күн қатар жасайсыз. Балаларға да, ересектерге де жәрдемі күшті. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 229 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |