27/09/2021, 18:40 | |
ТҰМАУ КЕЗІНДЕ АСПИРИН ІШКЕН ҚАУІПТІ Қара күз бен қыс айларында, ерте көктемде адамдарды жиі әбіржітетін аурудың бірі – тұмау. Ежелден келе жатқан бұл ауруды зерттеу, оған қарсы вакцина шығару бүгінгі күндері де жалғасып келеді. Бірақ оның жұмбақтары, ол туралы білмейтініміз әлі де көп. Төменде сол жөнінде ғалымдар анықтаған бірқатар қызықты фактілер беріліп отыр. Дене қызуын басатн дәрілер тұмау инфекциясының бүкіл ағзаға жайылуына жәрдемдеседі. Өйткені вирус үшін денені ңқалыпты температурасы мен аздап қызуы өте жайлы орта. Ересек науқастар егер өзін тым жайсыз сезінбесе дене қызуы 39 градусқа көтерілсе ғана ондай дәрі ішуге болады. Ал балаларға 38,5 градусқа көтерілгенде ғана беру керек. Аспиринді тұмау кезінде қолданған қауіпті, ол әсіресе балалар үшін қатерлі. Оның құрамындағы ацетилсалицилл қышқылы вирусқа қосылғанда «Рей синдромы» деп аталатын ауыр жағдай туындауы мүмкін. Емізулі бала үшін тұмаудан қорғайтын ең күшті вакцина – ана сүті. Әйелдер тұмаураттым деп баласын емізбей оймауы керек. Ана сүтінде пайда болған «антитела» балаға өтсе, жақсы. Оған анасынан тұмау жұқпайды. Науқас адам жөтеліп, түшкіргенде тұмау вирустары ауаға сағатын 16 шақырым жылдамдықпен таралады. Тұмау жоғары дене қызуынсыз болмайды. Науқастанудың бірінші сағатында температура 38,5 – 39 градусқа жетсе, бұл тұмау. Ал дене қызуы бұдан төмен болса, ол басқа вирустан туған сырқат болуы мүмкін. Сондай-ақ тұмау кезінде мұрыннан бірден су ақпайды. Алғашында тұмсық жиі бітеліп, үш-төрт күннен кейін барып осындай құбылыс байқалады. Бұған вирус кінәлі емес, оны ағза әлсірегесін юас көтерген бактериялар туындатады. Тұмау вирусы 0 градус шамасындағы жағдайда бір айға дейін сақталады. Оның күн жылынғанда «құтыратыны» сондықтан. Ал вирусты кәдімгі сабын өлтіре алады. Құрғақ ауа мен 70 градус ыстық та вирусты жояды. Тұмау таралуына қағаз ақшалар да «үлес» қосады. Себебі онда тұмау вирустары екі аптаға дейін еркін сақталады екен. Мұны ғалымдар анықтаған. Сол себепті кей елдерде ақшаны антисептикалық қасиеті бар қағаздармен шығарады, ал Жапонияда ақшаны 200 градустық арнайы машиналарда жуады. Вирус, бактерияларды таратуда доңыздардың да «үлесі» көп. Себебі олар доңыз тұмауына ғана емес, құс тұмауына, адамдарға үйір тұмауға да бейім. Ал оның денесіне олар аралас түссе, өзгеріске ұшырап, аса қауіпті дертке айналуы мүмкін. ...Міне, ғалымдар осылай дейді. Бұл жөнінде әркімнің де біле жүргені абзал демекпіз.
ИНСУЛЬТТАН ИНЕ ҚҰТҚАРАДЫ Жақында ғаламторда бір қытай емшісінің инсультке ұрынған адамды қалай құтқаруға болатыны жөнінде кеңестері жарияланды. Оның қаншалықты нақты екенін біле алмадық, дегенмен қажет еткен жанға пайдасы тимесе, зияны бола қоймас деген оймен ол туралы да айта кеткенді жөн көрдік. Инсульт соққанда мидағы капиллярлар біртіндеп жарыла бастайды. Мұндайда барынша ұстамды болу керек. Құлаған адамды орнынан қозғамаған дұрыс, өйткені бұл капиллярлардың жарылуына соқтырады. Зардап шегушіні ақырын отырғызып, одан қан алу қажет, оған шприц қолданған дұрыс, табылмаса кәдімгі ине немесе түйреуішті қолдануға болады. Инені отқа қыздырып залалсыздандырып алған дұрыс. Осыдан кейін барлық саусақ ұштарынан қан алу керек. Тырнақ тұсынан бастап тескілеп, қан шығарған дұрыс, одан қан ағып шығатындай болу керек. Қан тамшыламай тұрса, саусақты қысып, ысқылаған дұрыс. Барлық саусақтардан біраз қан шыққан соң зардап шегуші есін жияды. Егер зардап шегушінің аузы қисайған болса, оның құлағын қызарғанша тартқылаңыз. Болмаса құлақ сырғалықтарын екі жерден инемен тесіп жіберген дұрыс, одан екі тамшы қан шықса, жақсы. Ол қанның миға шабуылдауына тосқауыл болады. Мұндайда зардап шегуші бірер минуттан соң есін жинауы тиіс. Зардап шегуші қандай да бір қалыпсыз белгісіз есін жинаса, оны осыдан кейін ауруханаға жіберуге болады. Ал егер жоғарыда аталғандай көмек көрсетілмей тұрып жедел жәрдеммен ауруханаға ала жөнелсе, зардап шегушінің ми капиллярлары көліктің кедір-бұдыр жолдағы қозғалысы әсерінен де жарылуы мүмкін. Егер зардап шегуші жоғарыдағыдай жәрдемнен соң өздігінен жүре алса, онда ол инсульт азабынан құтылды деуге болады. ...Бұл кеңестерді ғаламторға жариялаған адам оны Қытай дәстүрлі емінің маманы, Сан-Жук деп аталатын жерде тұратын доктор Ха Бу Тин дегеннен естіп білгенін жасырмайды. «Бұл әдістің 100 пайыз жәрдемі тиетініне өз басым іс жүзінде көз жеткізгенмін», – дей отырып, ол мынадай дерек келтіреді: «1979 жылы Тай Чунгтегі Фунг Гаал колледжінде сабақ бергенімде маған бір оқушым жүгіріп келіп: «Лю ханым, көмектесіңіз, біздің ағай инсульт алды!» – деп хабарлады. Барсам, жетекшіміз Чэнь Фу Тянь сұп-сұр, аузы қисайып, әрең сөйлеп тұр екен. Содан студенттердің бірін жүгіртіп, дәріханадан шприц алғыздым. 10 саусағынан қан шығарғасын ол өз-өзіне толық келді, аузы, сөзі түзелді. Біз оны аз тынықтырып, шай беріп ауруханаға жібердік. Ал ол келесі күні-ақ жұмысқа оралды. Осылай деген Лю есімді оқытушы егер әрбір адам бұл тәсілді меңгеріп, инсультке ұшыраған жанға дер кезінде әрі жылдам жәрдем берілсе бұл қатерлі ауру соққысына ұшыраған адамды аман алып қалуға жүз пайыз сенімді екенін айтады. Кім біледі, бәлкім ра ста шығар. Дегенмен қай нәрсені де дәрігер рұқсатынсыз жасамаған жөн-ау...
МИДЫ ТЫНЫҚТЫРАТЫН МЫҚТЫ ШӨП ШАЙ Мынадай бес түрлі шөптен жасалған тұнбаның миды тынықтырып, сергітуге себі бар: 1. Шүйгіншөп, (валериана) 15-20 тамшысы. 2. Долана (дәріханалық) 15-20 тамшысы. 3. Тау жалбызы (пустырник), 1 стакан қайнаған суға 3 ас қасық. Бір ас қасыөқтан 3 мезгіл. 4. Қырмызы (календула), 1 стакан суға 1 ас қасық. Жарты стаканнан күніне 1 мәрте ішеді. 5. Шайшөп (зверобой), 1 стакан суға 1 ас қасық. Жарты стаканнан күніне 3 мезгіл. ...Қысқасы, жүйкем жұқарды деп химиялық жолмен шығарылған дәріні көп іше бермеңіз. Мүмкіндігінше жоғарыдағыдай әдіс-тәсілдерді қолданыңыз. Болмай бара жатса, дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс болмақ.
ПИЯЗБЕН ЕМДЕЛІП КӨРІҢІЗ Ауру деген – адамға шабуыл жасайтын дұшпан. Оған дер кезінде тойтарыс бермесе, осал тұсыңа тап беріп, күш алып, жеңіп кетері сөзсіз. Ал қазір – қыс ауасында әсіресе өкпе үшін көбірек алаңдайтынымыз жасырын емес. Сондықтан өкпеге күш беретін, өкпе ауруларының алдын алатын тәсілді біле жүрген де жөн. Керегі – жарты кило қызыл пияз бен осынша шекер (қант), 2 дана лимон және 1,5 литр су. Тағы 7 ас қасық табиғи бал қажет. Дайындау әдісі мынадай – қантты металл ыдыста, қалыпты температурада қыздырыңыз, араластырып тұруды ұмытпаңыз. Пиязды майдалап турап, еріп бітуге таяған қантқа қосады. Аздап қуырып, сосын үстіне су қосыңыз. Мұны баяу отта судың үштен бір бөлігі буланғанша қайнатыңыз. Сосын отты өшіріп, біраз уақытқа қалдырыңыз. Қант пен пияз «сорпасы» сәл салқындағанда бал мен лимонның сығылған шырынын қосыңыз. Бәрі біркелкі болғанша жақсылап араластыру керек. Бетін жауып, бір түнге қалдырыңыз. Содан соң сүзіп алып, оны шыны бөтелкеде сақтаңыз. Өкпеге күш беретін «сорпа» дайын. Оны ас алдында 1 ас қасықтан тұтынады. Адам басына шаққанда, әр қазақ жылына 1-2 кило шай ішеді екен. Алайда оңды-солды шай іше беруге болмайды. Атап айтқанда: Ашқарынға ыстық шай ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін. Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді. Шайды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы әбден мүмкін. Шайды тым ащы қылып та ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін. Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрінің сіңімділігі төмендейді. Ол дәрінің күшін жойып жіберуі де мүмкін. Тұрып қалған шайды ішуге де болмайды. Негізінде шай демделгеннен кейін 20-30 минут уақыттан кейін өзінің құрамындағы заттармен қышқылдану процесін бастайды. Қайта-қайта демделген шайдың пайдасы жоқ. Керісінше, зияны көп. Алғашқы демделген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30 пайызы, ал үшінші рет демдегенде 20 пайызы, одан кейін демделген шайдан тек 10 пайызын аласыз. Көп мөлшерде шай ішуге болмайды. Әсіресе, қара шайды көп ішу ағзаңызға өте зиян. Сондықтан күнделікті қалыпты мөлшерін сақтағаныңыз жөн. Қалыпты мөлшер дегеніміз ащы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болуы керек. Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз, өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендетеді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 192 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |