Халық емі
20/09/2021, 17:05

БАС САҚИНАСЫ

Бас жиі ауырып, сақинасы ұстап қала берсе мынадай ем жасап көріңіз:

Жақсы кептірілген лавр жапырағын ұнтақтаңыз. Оның 2 ас қасығын 300 мл өсімдік немесе басқа кез келген сұйық майға салу керек. Араластырып, жылы жерде жеті күн ұстайды. Сосын сүзіп аласыз. Оны бас ауырған кездерде самайға, маңдай тұсқа сіңдіре жағады.

Бұл тұнбаны невралгия, артрит кезінде де қолдануға болады. Мұның ешқандай зияны жоқ.

Бас «сынып» ауырғанда жасайтын тағы бір қызық ем бар. Қос қолды 3-4 минутқа салқын суға салады. Сосын оны сүртпей, толық құрғағанша ашық ауада күтесіз. Осылай 3-4 рет жасағанда басыңыздың ауырғаны қашан қойып қалғанын байқамай да қаласыз.

 

ӨТТІ ҚОЮЛАНУДАН ҚОРҒАЙДЫ

Бір стаrан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны ашқарынға ішеді. Сосын 1,5–2 сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.

Үккіштен өткізілген сәбізге бал қосып, шыны ыдысқа салып, біраз уақыт қойса, әбден еріп, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Бауыры, өт жолы ауыратын адамдар оны ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол.

 

СІЗДЕ ҚАЙСЫ ВИТАМИН ТАПШЫ?

Ағзада қандай витамин жетіспейтінін қалай анықтауға болады?

Егер бас айналып, құлақ шуылдай берсе, онда В6 және Е витаминдері және марганец пен калийді көбірек тұтыну қажет.

Көзіңіз қызарса, қараңғы жерге бірден үйренісе алмасаңыз, А және В2 витамині жетіспейді деген сөз.

В12, В6, Р және селен жетіспесе, баста қайызғақ көбейіп кетеді.

Шашыңыздың түсі солғын, ұштанғыш болса, В9, С витаминдеріне басымдық беруді ойлаңыз.

С витаминінің жетіспейтінін дененің жеңіл ұрып алған жерінде де көгерген із қалып, оның көпке дейін кетпеуінен білуге болады.

Ұйқы бұзылса, В тобының витаминдерін қабылдау керек.

В6 витаминінің аздығын жаттығу жасап біле аласыз. Екі алақаныңызды жоғары қаратып созыңыз. Сосын екі қолыңыздағы төрт саусақтың екі буынын бір мезгілде жұмып, саусақ ұштарын алақаныңызға тигізіңіз. Саусақтар мен алақан арасындағы буынды бүкпеңіз. Егер осы жаттығуды ойдағыдай жасай алмасаңыз, сізде В6 витамині тапшы.

Осы жайларға мән бере жүріңіз. Қажетті витаминді жеміс-жидек, азық-түлік құрамдарынан табасыз. Дәрігер кеңесімен витамин кешенін қабылдауға да болады.

 

АҒЗАНЫ ТҰЗДАН ТАЗАРТУ

Ағзада тұздың мөлшері артуы, тұз жиналуы буындардың еркін қозғалысына кедергі келтіреді. Артрит, артроз сияқты буынаралық шеміршектің бүлінуіне жеткізетін кеселдің бір себебі осы тұз жиналуы. Сол үшін жас отыздан асқан соң жылына 1 рет ағзаны тұздан тазартып тұрған жақсы. Оның мынадай тиімді тәсілі бар:

Тең мөлшерде грейпфрут, сельдерей, сәбіз бен шпинат шырыны керек. Шпинатты қайың шырынымен алмастыруға болады). Бәрін араластырып, күніне үш немесе төрт рет ішеді.

Грейпфрут шырыны ағзадағы артық, бір жерге шоғырланған органикалық емес кальцийді ерітеді. (Органикалық емес кальций буынаралық шеміршектің қатайып, сынуына себеп).

Қайың шырыны еріген тұзды зәр арқылы сыртқа айдайды. Ал сельдерей, сәбіз, шпинат шырыны ағзаны күнделікті қажетті витаминдермен толықтырып, шеміршекті мүжілу, морт сыну қаупінен құтқарады.

Тұзды ерітетін шырындар коктейлін он күн үзілісіз жасаған жақсы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 156 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: