Халық емі
13/09/2021, 15:18

ІШЕК ҚҰРТЫН ҮШ КҮНДЕ КЕТІРЕДІ

Орта көлемдегі пиязды майдалап турап, үстінен 1 стакан қайнаған су құйыңыз. Оны 12 сағат тұндырып, сүзіп алған соң күніне 3 рет стаканның үштен бір бөлігіндей мөлшерде 3 күн ішсе баланың ішіндегі ішек құрты тез түседі.

Қымыздық (щавель) шөбі де балалардағы ішек құртының түсіне жәрдемдесе алады. Ол үшін дәріханадағы уытынан арылған арнайы шөпті алу керек. Оның 1 килосын 1 литр банкадағы қайнаған суға салып, ішінде суы бар эмаль ыдысқа мұқият «отырғызыңыз». Енді оны 2 сағат өте баяу қайнату керек. Сосын суығанша күтесіз де, сүзіп алып, үстінен 50 грамм шекер қосасыз. Осы тұнбаны таусылғанша күнде астан 15 минут бұрын екі ұрттам ішіп жүру керек.

Бұл тұнбаны мен жеті және бес жастағы екі немереме жасадым. Зияны болған жоқ, дегенмен дәрігермен кеңесіп көргейсіз.

 

АҒЗАНЫ ТАЗАРТУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

Усарымсақ (чеснок) ішкі ағзалар мен тыныс жолындағы бактерияларды, ішек паразиттерін шығарады. Қан қысымын төмендетіп, қатерлі ісікке (рак) қарсы тұрады. Бір түйір усарымсақта 400-ден астам пайдалы зат бар. Ол денедегі майды азайтып, тамырларды тазартады. Мидың қатерлі ісігіне себеп болатын жасушаларды жойып, туберкулоз бактериясын, құрттарды өлтіреді.

Төменде усарымсақ сусынын дайындау туралы айтамыз.

Шыны құмыраға 12 түйір усарымсақ салып, оның үстіне 2 литр сапалы қызыл арақ құйып, аузын мықтап жабамыз да, күн түсетін жерге екі апта қоямыз. Күн сайын 4-5 рет шайқаймыз. Содан соң суын сүзіп алып, салқын жерде сақтаймыз. Әр күні 1 шай қасықтан 3 рет ішіп, бір ай бойы жалғастырса, бұл денедегі тұзды айдап, қанды тазартып, ағзаны сергітіп, жүрек қызметін күшейтіп, зат алмасуды жақсартады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 150 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: