Халық емі
06/09/2021, 21:04

ЛИМОН ТҰНБАСЫ

Лимоннан үй жағдайында да көптеген емдік тұнбалар, қайнатпа жасауға болады екен. Біріншіден, мұндай емнің жанама әсері, яғни зияны жоқ. Екіншіден, ол арзан әрі пайдалы. Жалпы, лимон тыныс органдарының ауруларына, әсіресе ауа арқылы таралатын вирустық инфекцияларға, жұқпалы сырқаттарда жақсы көмектеседі.

Баспа (аргина) мазаласа адам жұтыну кезінде қатты қиналып, ыстығы көтеріледі, тамағы қызарып, ісіп кетеді, буындары мен басының ауырғанын сезінеді. Осы аурудан айығу үшін 1 кило лимон алсаңыз жетіп жатыр.

Мұндайда лимонның қабығын аршып, оны бір-бір бөліктен алып, дәкеге орап, жеке-жеке сығып, сөлін шыны ыдысқа жинайсыз. Лимон шырыны қанша болса, оған сонша көлемде минералды су қосасыз. Дайын болған лимон шырынын баспадан емделу кезінде сусын орнына ішіп жүріңіз. Ол тәбеттің артып, қызудың көтерілмеуіне, тамағыңыздың тез жазуына көмектеседі, аурудың таралуын тоқтатады.

Өкпе қабынуын (пневмония) қайтару үшін 4 бас сарымсақ, 8 ас қасық бал және 1 лимон қажет. Сарымсақты үккіштен, ал лимонды қабығымен қоса еттартқыштан өткізіңіз. Оны 8 қасық балмен араластырыңыз. Дайын болған осы қоспаны 7-10 күн бойы таңертең ашқарынға 1 шай қасықтан ішсеңіз пайдасы шаш етектен. Бұл қоспа тынысты кеңейтіп, инфекцияны жояды, суықты айдап, тәбетті арттырады. Ал ең бастысы, иммунитетті көтере отырып, ағзаның осы ауруға қарсы күресін күшейтеді.

Бұл емді мен үйде балалар ауырып қалғанда қолданамын. Нәтижесі өте жақсы.

 

ТІЗЕҢІЗ СЫРҚЫРАП, БУЫНДАРЫҢЫЗ ҚАҚСАП ЖҮР МЕ?

Әрине, мұндай жағдайда дәрігер тағайындаған емді қабылдау керек. Ал ем нәтижелі болуы үшін және тезірек сауығу мақсатында қосымша мынадай амалдарды жасап көруіңізге болады:

Қосүйлі қалақай (крапива двудомная) гүлінің кептірілген түрі дәріханадан табылуы тиіс. Оның 3 ас қасығын 2 стакан қайнаған суда 5 минут бұқтырып қойыңыз. Осыны жарты стаканнан күніне 4 рет қабылдау керек. Ол желке мен буындардың ауыруын басып, ондағы қабынуды басады. Емді 7 күн жалғастырған жақсы.

Кәдімгі түймешетен (пижма обыкновенная) де буындағы ауырсынуды басып, ондағы тіндердің тезірек сауығуына көмектесе алады. Бұл мақсатта түймешетен тұнюасын күні бойы шай мен сусын орнына ішіп жүруге болады. Әзірлеу тәсілі: 0,5 литр қайнаған суға 1 ас қасық кептірілген гүлін салып, шай сияқты демдейді.

Әйгілі Ванга ревматизм кезінде түймешетеннің кептірілген гүлінің 50 грамын 0,5 литрлік мускат шарабына салып, 8 күн тұндыруға кеңес берген екен. Оны күніне 2 рет 1-2 ас қасықтан астан жарты сағаттан кейін ішкен дұрыс.

Шайшөп (зверобой) ол өт айдайтын, бауырды тазалайтын, қан қысымын қалыпқа келтіретін қасиетімен құнды саналады. Жел өтінде немесе сыз жерде көп жүргеннен болатын буынның қабынуында да көмегі жақсы. Ем үшін 1 ас қасық дәріханалық шөбін 300 грамм қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Ол бір күндік тұнба. Астан 20-40 минут бұрын 100 грамын ішу керек.

Шайшөптің 3 ас қасығын 2 стакан суда 5 минут қайнатып, аздап суыған соң ауырған, сыздаған буындарға жағ,ып, компресс істеуге де болады.

Бұл ресейдегі биология ғылымдарының докторы, фитотерапевт Валерий-Мелик Гусейновтың емделушілеріне ұсынатын рецепттері екен. Доктор мұны дәрігер ұсынған емге қосымша қолдануды ескерткен. Осыны ұмытпаңыз.

 

ТИБЕТ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ РЕЦЕПТТЕРІ

Өрмекшінің ұясы да ем екен

Балаларда көбіне төсекке жіберіп қоятын жағдайлар болады. Бұған өрмекшінің торын алып, кіндікке салып, соныменен үстін пластырьмен жабыстырып қою керек. Ол бір күн тұрса жақсы. Осыны 4-5 рет қайталаса төсекті бүлдіріп қою ахуалы азаюы мүмкін.
* * *

Сұңғыла шөбінің сыры

Дәретке жиі шығатын адамдар болады. Әдетте олардың қол-аяғы мұздап жүреді. Кіші дәретке күніне 10-нан аса рет барады. Әсіресе түнде қайта-қайта оянып, ұйқысы бұзылады. Оған қарсы сұңғыла (заразиха) шөбін қолдануға болады. 15 грамды жуып, 30 грамм тары салып, азырақ тұз қосып, кешке жақын азырақ суға қайнатып, соны ішіп тауысу керек. Осыны күнара қайталау арқылы 4-5 ай жалғастырса кеселінен құтылады.
* * *

Ұйқысыздықты жұмыртқамен жеңесіз

Күзде көп кездесетін кеселдің бірі – ұйқысыздық. Кейбіреу мұндайда түні бойы ұйықтай алмайды. Ал енді біреулер ұйықтаса да түсті көп көру салдарынан бей-жай болып, таңертең шаршап оянады. Оған түрлі себеп бар: іштегі ыстықтың артуы, бауырдың байлануы, іштегі ыстық сөлдің көбеюінен болуы мүмкін. Одан құтылуы үшін жұмыртқа мен сірке суынан дәрмек жасауға болады. (Күріштен жасалған, 12 градустық сірке суы болса тіпті жақсы). 180 миллилитр сірке суына бір дана жұмыртқа салып, қақпағын мықтап жауып, бір жетіге қояды. Күнде араластырып тұру керек. Жеті күннен соң соң күніне 2 қасықтан ішіп жүрсе жақсы ем. Бұл дәрмек 4-5 күнде таусылуы тиіс. Оны тағы 5-6 рет жасап, тауыса ішсе, пайдасы жақсырақ болады.
* * *

Рауғаш қанды қоюланудан сақтайды

Қанның қоюлануы қазір екінің бірінде кездесіп жүрген кесел. Ол бауырдағы бұзылыстардан бастау алатын дерт. Оған рауғаштан дәрі жасауға болады. Рауғашты кептіріп, ұнтақтап, екі ай бойы 3 грамнан күніне 3 рет ішсе өте пайдалы. Ол семіздікке қарсы да тамаша тәсіл.

Тағы бір тәсіл: рауғашты кептіріп, жапырақтарын турап, екшеуден өткізіп, 0,5 грамнан күніне 4 рет, бір ай ішсе жақсы. Оның нәтижесін білу үшін алдымен қан құрамындағы май мөлшерін анықтайтын анализ тапсырып алыңыз. Қан ағзада холестерин көп болса бұл емді дәрігер бақылауымен жасау керек.

 

БАШПАЙДАҒЫ ТОМПАҚ СҮЙЕКТІ ЖОЮ ОҢАЙ

Кей әйелдерде аяқтағы бірінші башпай тұсында томпайған өсіңкі сүйек болады. Ол аяқ киім кигенде, жүргенде ауырып, мазаны алады. Ол көбіне тұқым қуалау жолымен беріледі, сондай-ақ ревматизм, майтабандық, тар аяқ киім кию, дұрыс тамақтанбау себептерінен де болады. Оны емдеу үшін ортопедтер аяқ киімге үнемі киіп жүретін коррекциялық ұлтарақ салады, ал тіпті асқынған жағдайда оны хирургиялық тәсілмен кесуге тура келеді.

Сондай-ақ мұндай сүйектен арылудың халықтық тәсілдері де бар. Олар мынадай:

1. Біріншіден, ағзаны артық тұздан арылу керек. Ол үшін мынадай рецептпен дәрмек жасау керек: Ыдысқа 1 ас қасық уатылған лавр жапырағын салып, үстінен 300 миллилитр су құяды, оны қайнатып, 5 минут пісіреді. Сосын тұнбасын термосқа құйып, таңға дейін қояды. Таңертең сүзіп алып, күні бойы аз-аздан ішіп жүру керек. (Яғни бірден сіміріп салуға болмайды).

Жаңа тұнбаны күн сайын кешке әзірлеу керек, 3 күн бойы ішіп тұру қажет. Арасында бір апта үзіліс жасап, тағы да қайталаған дұрыс.

2. 5 дана ірі лавр жапырағын ыдысқа салып, үстінен 100 миллилир арақ құйып, бір аптаға қояды. Оны анда-санда қозғап, шайқап тұру керек. Дайын болған дәрмекпен шығыңқы сүйек үстін майлап-сипайды. Емді 2 аайдай уақыт қолдану қажет.

3. Аяқты сода қосылған ыстық суда (3 литр суға – 1 ас қасық сода) булау қажет. Сосын ұйқыға жатарда сүйек үстіне әлгіндей суға малынған дәкеден компресс жасайды. Сыртынан шұлық киген дұрыс.

4. 10 миллилитр йодқа 5 түйір аспиринді езеді. Мұндай дәрмекпен өскін сүйектің ғана емес, тізе, шынтақ, тағы басқа буындардағы проблемалық тұстарды майлап-сылаған дұрыс.

Өскін-сүйектің ауырсынуын йод торы (сетка) да басады. Бір ай бойы ұйқыға жатарда буланған аяқ сүйегінің үстіне йод торын сызып жүрген дұрыс.

5. Лимон шырыны мен йодты тең дәрежеде араластырып, өсіңкі сүйек үстіне жағып жүрген адам одан ғаа емес, өкше теппесінен де (пяточная шпора) арыла алады.

...Мұндай дәрмектерді асқазан, аш ішек жарасы бар, іш қатуына бейім, қант диабетінің ауыр түрімен ауыратын адамдар абайлап қолдануы тиіс. Дәрігермен кеңесіп алған абзал.

 

«ДАВЛЕНИЕНІ» БІР АЙДА МҮЛДЕ ЖОҚ ЕТЕТІН РЕЦЕПТ

Біз өзіміз білетін халық емі туралы жазсақ ба деп едік. Бұл амал қан қысымы көтеріліп, маза қашқанда, иммунитет төмендеуі мен ағзаның жалпы әлсіздігінде өте жақсы көмектеседі. Оның әсіресе аденома мазалайтын ер-азаматтарға көмегі көп екеніне көз жеткізгенбіз.

2 уыс пияздың қабығын жақсылап жуып, эмаль ыдысқа салып, оның үстіне 700 миллилитр ыстық су құясыз. Енді оны баяу отта ақырын ғана 5 минут қайнатады. Оттан түсіріп, 1 сағат тұндырып қойған соң таза стерилді дәкемен сүзіп алу керек. Тұнбаның түсі қарақошқыл болса, үстінен аздап су құюға болады. Сосын 3 мезгіл тамақтан 30 минут бұрын ішеді. Емделу мерзімі – бір ай. Бір апта үзілістен кейін емді тағы бір қайталап жіберуге болады.

Жасы үлкен кісілердің көпшілігін осы уақытта жоғары қан қысымы мазалайтынын білеміз. Менің анам ондайда мынадай амал жасайды: 4 ас қасық емен күлін 1 литр суға қайнатып, 1 тәулік тұндырып қою керек. Сосын ерітіндіні бірнеше қабатталған дәкеден екі-үш рет өткізіп, күніне 3 рет тамақ алдында жарты стаканнан ішіп тұру керек. Емді 2 апта жалғастырып, 5 күн үзіліс жасап, қайта қолдануға болады.

Кеудедегі сырылдан арылу үшін жұмсақ матаны сұйық майға барынша қанықтырып батырып алып, кеудеге қою керек екен. Киіміңіз былғанбас үшін сыртынан целлофанмен орауыңызға болады. Бұл процедура ұйықтар алдында жасалады. Осыны күнара 7 рет рет қайталаса кеудедегі ысқырық, сырыл кетеді және бүкіл дене жеңілденеді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 273 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: