31/08/2021, 08:51 | |
ТАБАНҒА ПИЯЗ ҚОЙЫҢЫЗ Мысырлық бір шипагер былай деп жазады: «Адамдар баламның қызуы көтеріліп кетті деп келсе, ашуым келеді. Соған бола дәрігер, не болмаса дәрі, екпе салу керек пе екен? Үйлерінде кәдімгі пияз (жуа, сарымсақ, тіпті кей қазақтар лук деп те айтады) бар емес пе? Пікірімнің дәлелі ретінде болған оқиғаны баяндап берейін. Ауруханада қызуы өте жоғары көтерілген бала өліммен арпалысып жатқанда қарт әжесі келіп, шұғыл түрде бір бас пияз әкелулерін өтінеді. Содан пияздың қабығын тазаламастан екіге бөліп, баланың табанына байлап, шұлығын кигізіп қояды. Ертесіне бала түк болмағандай, ұйқысынан дені сап-сау болып оянады. Табанына байланған пияздың түсі қап-қара түске айналыпты. Тағы бір оқиға. 1919 жылы Мысырда тұмау індетінен 40 мың адам көз жұмады. Сол кезде медицина қызметкерлері елді-мекендерде үйме-үй жүріп, адамдарға көмек көрсетеді. Қыстақтың шетінде тұратын бір диқаншының үйіне келіп таң-тамаша халге түседі. Себебі жанұя мүшелерінің бәрі дін аман, тұмауратқан адам жоқ. – Бұл қалай болғаны, елдің бәріне тұмау тиіп ауырып жатыр, сіздің үйіңізде бәрі сап-сау? – деп сұрайды дәрігер. – Міне, мынау ғой, күнде осылай жасаймын. Үйдің әр бөлмесінде бір пияздан қойылған, – деп үй иесі ортасынан екіге бөлінген пиязды көрсетеді. Аң-таң болған дәрігер пиязды ала сала микроскоппен тексере бастайды. Пияз қабаттарының арасына тұмаудың вирустарының толып тұрғанын көреді. Содан ортасынан кесілген пияз микробтарды өзіне тартып, оларды өлтіретіні мәлім болады. Өте оңай, бірақ өте пайдалы. Кейде біз аяғымыздың астында тұрған пайдалы затты көре бермейміз-ау».
МИ ТАМЫРЫН ТАЗАРТУҒА БОЛАДЫ Біз төменде ұсынып отырған тәсілдер ми тамырларын тазартумен қатар, остеохондроз, бастың үздіксіз ауыруы, атеросклероздан айығуға да көмектеседі. Бастысы, бұл оңай, қарапайым әрі залалсыз ем түрі. Олай болса, есте сақтаңыз. Грек жаңғағы мен бал Бес дана грек жаңғағын 1 ас қасық табиғи балмен араластырыңыз. Оған бір шым-шым даршын (корица) мен жанжабіл қосыңыз. Қоспаны бір тәулікке тоңазытқышқа салу керек. Күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 1 ас қасықтан жеп тұрсаңыз, емі керемет. Емді 10 күн жалғастырып, 5 күн демалған соң тағы бір рет қайталауға болады. Пияз шырыны мен бал Стаканның үштен бір бөлігі шамасында пияз шырынын сығып, оны бір стакан табиғи балмен араластырыңыз. Осылай күнделікті жаңадан әзірлей отырып, күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын 1 шай қасықтан жеп тұрасыз. Бұл қоспа ми тамырларын тазартумен қатар иммунитетті де нығайтады. Табиғи шырын Күнделікті тамақтан жарты сағат бұрын табиғи шырын ішу керек. Бірінші күні 0,5 стакан анар шырыны, келесі күні – алма, үшінші күні сәбіз шырынын ішіңіз. Иттікен тұнбасы 10 грамм иттікеннің құрғақ тамырларына қайнаған су құйыңыз. Бұл қоспаны термоста сақтаған жөн. 8-10 сағаттан кейін тұнбаны сүзіп алып, салқын жерге қойыңыз. Таңғы астан 3 минут бұрын 4 ас қасықтан бір ай үздіксіз ішіп тұрыңыз. Пайдалы тағамдар Күнделікті таңертең ашқарынға бір мандарин, бір уыс мейіз бен грек жаңғағын жеп тұрыңыз. 15-20 минуттан кейін 1 шай қасық бал мен лимон тілімі қосылған су ішіңіз. Арада 15 минут өткеннен кейін таңғы ас іше беруге болады. Тап осы қарапайым әдістер арқылы ағзаға қуат сыйлай алатыныңызды, өмірді ұзартуға, зейінді арттыруға жол ашатыныңызды ойланып көріңізші. Сонда бұл қарапайым емес, құнды тәсілге айналып сала береді. Ал сол құндылық үшін аз-маз уақытыңызды қию өзіңізге байланысты.
СЫРАМЕН ЕМДЕЛУДІҢ 3 ТӘСІЛІ Ауа райының құбылмалы болуы тұмау мен суықтау қаупін күшейтеді. Мұндайда кәдімгі сыраны емге қолдануға болады екен. Шынын айтқанда, ыстық сыраның өзіне тән дәмі болғандықтан, жұрттың бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін. Дегенмен емнің бұл түрін де біле жүрген артық болмас. Бал қосылған сыра. 1 шыныаяқ ысытылған сыраға 1 ас қасық бал қосыңыз. Бұл тұмаудан әп-сәтте арылуға көмектеседі. Ысытылған сыраға шикі жұмыртқа, қалампыр және корица қосып ішу де тез ауығуға жәрдемдеседі. Ағылшын әдісі. 2 бөтелке сыраға 3-4 тал қалампыр, кішкене лимонның қабығы мен 1 шым-шым корица қосыңыз. 3 дана жұмыртқаның сары уызын 2-5 ас қасық қантпен көпіргенше араластырасыз. Пайда болған көбікке ысытылған сыраны аз-аздан қоса отырып, үздіксіз араластырыңыз. Енді оны отқа қойып, қоюланғанша қайнатасыз. Күніне 2-3 рет бір-бір жарым стаканнан қабылдайсыз. Ағылшындық әдістің тұмаудан тез арылуға көмектесетіні дәлелденген. Жөтелді де сырамен емдеуге болады екен. Егер бронхит немесе үздіксіз жөтел мазаңызды алса, 2 дана үлкендеу лимонды (алдын-ала сүйектерін алып тастау керек) еттартқыштан өткізіңіз. Осы лимонға жарты литр сыра құйып, 1 стакан шекер, алдын-ала ұсақталып, дайындалған қызылмия тамырын (корень солодки) және 1 шай қасық аниса жапырағын қосыңыз. Үлкендеу ыдысқа су құйып, қоспа құйылған ыдысты салып, бу моншасында 5 минуттай қайнатыңыз. Суығаннан кейін күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдайды. Негізі тұмауға қарсы ыстық сыра – даулы мәселе. Бұл ретте дәрігерлердің пікірі екіге бөлінеді. Десек те ол халық арасында тұмауды емдеудің ең танымал тәсілдерінің бірі саналады. Негізінен сыра адам ағзасындағы зат алмасуды жылдамдатады, ысытқан кезде оның бұл қасиеті еселене түседі. Сөйтіп қан айналу процесін жеңілдетіп, тамырларды кеңітеді. Қан қысымын реттейді. Жұқпалы аурулар кезінде ыстық сыра тыныс алу жолдары дертіне қарсы да қолданылады. Тек ыстық сыраның алкогольді сусын екенін ұмытпаған дұрыс. Сондықтан оның дайындалу тәртібі мен мөлшерін қадағалау керек.
ҚҰЛАҚ ШУЫЛДАУЫНЫҢ 7 ТҮРЛІ ҚАУІПТІ СЕБЕБІ Әдетте құлақ шуылдаса көпшілігіміз оны қалыпты құбылыс санап, елемей қоя саламыз. Бұл дұрыс емес екен. Отоларингологтар құлақ шуылдауының бірнеше себебі бар дейді. Әсіресе құлақтағы шу үнемі ұйқы алдында қайталанатын болса немесе ол бірнеше күнге созылса, бас айналуына ұласса, онда ойлануға тура келеді. 1. Артериалдық қысымның артуы Егер құлақ шуылы көбіне ұйқы алдында сезілетін болса, ол аздап бас айналғандай сезім тудырса, бұл жүрек ауруының белгісі болуы мүмкін. Құлақтағы шуыл басталғанда көз алды қарауытуы, кеуде тұсының ауырсынуы инсульт қаупі барын білдіреді. Мұндайда қалыпты кездегі және құлақ шуылдап тұрған сәттегі қан қысымын өлшеңіз. Болмашы айырмашылық сезілсе де бұл жайында кардиологқа хабарлағаныңыз жөн. Жүрек қызметін тексертіп, тиісті ем алыңыз. 2. Ми тамырларындағы атеросклероз Атеросклероз кезінде тамырлар созылғыштығын жоғалтады. Мұндайда қан қозғалысына қарай кейбір тұстарда кептеліс сезілуі мүмкін. Ол бастағы есту қабілетін реттейтін жүйке талшықтары қысады да, содан құлақта шу туындайды. Кейде ол дене қызуы көтерілгенде, ағзаға физикалық салмақ түскенде, ортаңғы құлақ суықтағанда да шуылдайды. Бұл жағдайлардан тыс кездегі жиі байқалатын құлақ шуылы невропатологқа көріну керектігін білдіреді. 3. Отит Құлақ суықтағанда да шуылдайды. Отит белгісінде онда қызару, ысу, ұстағанда ауырсыну, естудің нашарлауы байқалады. Асқынса іріңдеуі де мүмкін. Әдетте отит шомылғанда құлақ қуысына су кіруінен, оны тазалағанда жарақаттап алу салдарынан болады. Респираторлық вирус та отитті туындатуы мүмкін. Отоларингологтан ем алу керек. 4. Бас сақинасы Оның негізгі белгісі – бастың бір жағының тоқтаусыз, сынып ауыруы мен сол тұстағы тамырдың қатты соғуы. Құлақтағы шуыл соның салдарынан болады. 5. Отосклероз Құлақ ішіндегі орта қуыста сүйек тіні өсуінен болатын созылмалы, қауіпті ауру. Бұл кезде құлақтағы тоқтаусыз жалғасады, алдымен бір құлақта байқалғанмен, көп ұзамай екінші құлаққа өтеді. Ол басты ауыртады, естуді нашарлатады, мұның соңы саңыраулыққа соқтырады. Отосклероз әдетте жасөспірім кезде басталады. Әсіресе әйелдерде көп кездеседі. 6. Шашыраңқы склероз Құлақтағы шу бас айналу, жүрген кезде теңселу тудырса, денеде құмырсқа жүргендей тітіркену болса, бұл жүйке жүйесі жұмысының зақымдалуын білдіреді. Шашыраңқы склероз – ми жұмысын бұзатын ауру. Бұл диагнозды тәжірибелі дәрігер ғана тиісті зерттеу-сынамалар арқылы анықтай алады. Емі өте ұзаққа созылады. 7. Невринома Бұл есту жүйкесінің қатерлі ісігі. Әдетте ол құлақтағы шуылдың уақыт өте келе үдеуі, бас айналуына ұласуы, естудің нашарлауынан басталады. Бұл білдірмей, баяу басталатын қауіпті ауру. Алғашқыда құлақ тұсы миды қоса шыңылдатып, тез өте шығатындықтан көп адам оған мән бермейді. Кенеттен құлақ тұсы шың ете қалғанда адам теңселіп немесе әлденеге шалынып қалғандай күй кешетін болса, онда дәрігерге көрінген дұрыс. Өйткені невринома есту қабілетін жояды, беттің жансыздануы, көрудің әлсіреуіне де себеп. Осы жағдайларға мән бере отырып, құлақ жиі шуылдайтын болса уақыт тауып, дәрігерге көрінгейсіз. Денсаулық бәрінен қымбат емес пе?
БОЛАШАҚ НӘРЕСТЕНІҢ МІНЕЗІН ДЕ ЖОСПАРЛАУҒА БОЛАДЫ ЕКЕН Соңғы кездері балалы болуды армандаған адамдар болашақ нәрестенің ұл не қыз болуын да жоспар арқылы жүзеге асыра алатын болды. Ал астрологтар нәрестені ғана емес, оның мінезі қандай болатынын да алдын-ала білуге болады дейді. Бұл ретте жұлдызшылардың жұбайларға айтар кеңесі мынадай: Ғалымдарың айтуынша, айдың 4, 5, 15, 23, 29-ы қолайсыз күндер көрінеді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 228 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |