Халық емі
23/08/2021, 21:22

ӘР СЫРҚАТТЫҢ ӨЗ «МІНЕЗІ» БАР

Аурудың адам ағзасына салмақ түсіретіні сияқты, мінезге де әсер ететіні болады. Егер терең таразылай алсаңыз, өзіңіздің және жаныңыздағы жандардың нақты қай жеріңіз ауырғанын мінезіндегі өзгерісінен де аңдай аласыз. Бұл әсіресе не себепті және қай жері мазалап тұрғанын түсіндіре алмағандар үшін керек.

Бүйректің созылмалы сырқаты кезінде ағзада білінбес баяу қарқында улану процесі жүреді. Ол себепсіз шаршауды сезіну, зейіннің төмендеуі, айналамен (адамдармен) байланысқа түсу, араласуға деген кертартпалықты үдетеді. Кейде бүйрек сыртқа ауырсыну сездірмей ауырғанда адамда көңіл-күйдің жиі ауытқуы байқалады, бір сәтте күліп, әп-сәтте жабығып, жылай салу әдетке айналады. Бұл – бүйрек ауруының созылмалы сипат алуынан және оның жанға батуынан болатын невроз белгісі. Егер бұл неврозды ертерек емдемесе, оның соңы қуық қабыынң неврозына ұласып, бүйрекке сырттан әсер болғанда (табаннан суық өткенде, ашу қысқанда, жаурағанда, т.с.с.) әжетханаға жиі жүгіртеді.

Жүректің кез келген дерті, гипертония, астма ауруы адамды күмәнданғыш етеді, алаңдауын үдетеді екен. Мұндай жандар тез ашуланғыш, ызақор, жылауық болып келеді. Өйткені бұл аурулар мида әлсіздік туындатып, содан көңіл-күй жиі ауытқиды, адамға ештеңе жақпайды. Тез өкпелеу, өкпені кешіре алмау, жан-жағындағыларға орынсыз талап қою да осындай ауру мазалайтын адамдарға тән. Өйткені олар өмірге – күмәнмен, болашаққа күдікпен қарайды.

Инфаркт алған адамдарға асығыстық тән. «Өлім табалдырығына барып қайтқан» мұндай адамдарда біртіндеп бір уақытта бірнеше тірлікті қатар атқаруға деген құлшыныс оянады. Олар бәріне үлгеріп қалғысы келіп, өзгелерден де соны талап етіп, жанталасып жатады. Себебі санасында ажал кез келген уақытта алып кететіні туралы ақпарат сақталып қалады да, сол сезім асығыстық сезімін оятады. Кейбіреуде көлік айдауға деген қорқыныш оянады.

Псориаз, дерматит сынды созылмалы тері ауруларына ұшыраған адам өзінің сыртқы «кемшілігінен» қысыла келе сынға төзімсіз, күдікшіл жанға айналады екен. Содан өз бетінше күліп кетіп бара жатқан адамды өзіне күлді деп санайды, жанынан әлдебір смебеппен алыстаған адамды ауру жұғып кетеді деген қорқыныштан немесе жиіркеніштен қашқақтады деп ойлайды. Бұл сезім санаға түпкіліті сіңе келе олар кекшіл, ызақор әрі өкпешіл болып шығады.

Осыны зерттеген ғалымдар дерт меңдеген жанға өкпелеудің, оның мінезіндегі өзгеріске таң қалудың қажеті жоқ екенін ескертеді. Қайта олардың өмірге бұрынғыдай күліп қарап, қалыпты өмірді құлшыныспен қабылдауына көмектесу керек дейді. Өйткені мұның бәрі сырқат жанның санасында ауру қалдырған із.

 

АҒЗАНЫ ТАЗАРТАТЫН СУСЫНДАР

Салауатты өмір салтын бастау үшін уақыт немесе мезгіл таңдаудың керегі жоқ. Бастысы – сіздің ниетіңіз. Сосын тәуекелге бел бууыңыз керек. Одан кейін ағзаны қарапайым да тиімді тәсілдермен тазартып алғаныңыз дұрыс екен. Мамандар бұл ретте мынадай малдарды ұсынады:

1. Алма және даршын

Алманы жұқалап кесіңіз. Оған 500 миллиграмм таза ас суын және 1 шай қасық ұнтақталған даршынды қосып, араластырыңыз. Суытып қойып, күні бойы ішіп жүріңіз. Алма мен ұнтақталған даршын қоспасы зат алмасу процесін қалыпқа келтіріп, ас қорыту жолдарын тазартады.

2. Лимон шырыны мен бал

Енді 2 ас қасық лимон шырынын 200 миллиграмм жылы сумен араластырыңыз. Бұл қоспаға 1 шай қасық табиғи бал мен бір шымшым ұнтақталған зімбірді қосыңыз. Қарныңыз аш күйінде, таңғы асқа жарты сағат қалғанда ішіңіз. Ол ас қорыту жүйесін тазартып, қан тамырларын қатайтып, ағзаңызға күш-қуат береді.

3. Зімбір сусыны

3-4 сантиметрлік зімбір (имбирь) тамырын қабығынан тазартып, ұсақтап тураңыз. Оған 1 литр ыстық су қосып, орташа оттың үстінде 10 минуттай қайнатыңыз. Сүзіп алып, суытыңыз. Суыған соң бір шымшым ұсақталған даршын және бірнеше ас қасық итмұрын шырынын қосыңыз. Күні бойы 100-150 миллиграмм көлемінде, тамақтан жарты сағат бұрын ішіп отырыңыз. Сонда ас қорыту жүйесі қалыпқа келіп, тазарады.

4. Қызылша шырыны

Бұл да ағзаны тазартуда таптырмайтын тамаша сусын. 1 қызылша, 2 алма және 4 балдыркөк сабағынан шырын дайындаңыз. Күніне 2 рет, тамақтан жарты сағат бұрын 2 ас қасықтан ішіп отырыңыз.

5. Цитрусты коктейль

1 апельсин, 1 лимон мен 1 сәбізден шырын дайындап, оған 100 миллиграмм минералды су қосыңыз. Тамақтан жарты сағат Бұрын аш қарынға ішіп алыңыз. Бұл коктейльдің құрамында антиоксиданттар көп болғандықтан, шаршап тұрған сәтте тамаша көмекші болары анық.

6. Қияр мен балдыркөк

1 қияр мен 1 балдыркөк сабағын ұсақтап, 300 миллиграмм су қосыңыз. Оны күні бойы сусын орнына ішіп жүруіңізге болады.

Бұл сусындарды әрқайсысын 7-10 күн шамасында қолданып, келесісіне өту арқылы да ағзаны тазартып, иммунитетті күшейтіп, күш-қуатыңызды арттыртыныңыз анық. Тек ерінбесеңіз болғаны. Мен мұны былтыр ғаламтордан оқып, үш ай жалғастыра жасап көрдім. Өзімді сергек сезінетінімнен бөлек, реңімнің тазарып, жасарып қалғанын құрбыларым да байқаған екен. Қазір олар да осы сусындар арқылы ағзаларын тазартып жүр.

 

АСҚАЗАН ҚЫШҚЫЛЫН ЖАЛБЫЗ БАСАДЫ

Бірнеше жылдан бері асқазаным ауырады. Соның салдарынан тамақ жей алмайтын кездерім де болады. Сондайда мен емге бұрыш жалбызды (мята перечная) бірнеше емдік шөптермен араластырып пайдаланамын. Жақсы көмектеседі. Өзім білетін осы рецепті газет оқырмандарымен бөлісуді жөн көрдім.

Бұрыш жалбыздың жапырақтарынан 15 грамм, үш жапырақты сүбеденің (вахта трехлистная) жапырақтарынан 2 грамм, мыңжапырақтың гүлдерінен 15 грамм, иісті аскөктің тұқымынан 15 грамм, шайқурайдың шөбінен 30 грамм алып араластырады. Осы қоспаның 2 ас қасығын 2 стакан қайнап тұрған суға салып, 2 сағат буландырады. Даяр болған дәріні салқындатып, сүзіп алады да, шетінен ұрттап ішіп бір күнде тауысу керек. Дәріханаларда аталған шөптердің барлығы да бар. Сондықтан оны дайындау түк те қиын емес.

Жүрек тұсы шаншыса, асқазан мен ішек түйіліп ауырғанда бұрыш жалбыздың сулы тұнбасы жақсы көмектеседі. Бұл өсімдіктің құрамындағы ментолдың қабынуға қарсы әсер ететін, жүректің, мидың, өкпенің қан тамырларын кеңейтетін, өт айдайтын қасиеттері де бар.

 

ЖУСАННЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ ЕРЕКШЕ

Жусанның екі түрі болады: кермек жусан және боз жусан. Кермек жусанның қайнатпасы сәл қышкылдау болады. Оны гүлдемей тұрып жинап, көлеңке жерде кептіріп алу керек.Ол өкпе мен өңеш, сондай-ақ асқазанның қатерлі ісігіне ем.

Жусанды дәріханадан да алуға болады. Бірінші күні 25 миллиграмм жусанды 200 миллиграмм суға қайнатып, бір мезгіл ішкен дұрыс. Екінші күні милли50 грамм жусанды кайнатып, екі мезгіл ішу керек. Осылай күнара мөлшерін көбейтіп, 300 миллиграммға жеткенде таңертең – 100, түсте – 100, кешке – 100 миллиграмм ішкен дұрыс. Мөлшерін одан асыруға болмайды. Таңертең тұнбаны ішерден бұрын жұмыртқаға бал араластырып ішіп жіберсе әсері жақсы болады.

Боз жусан: жусанды гүлдемей тұрып жинап, кептіріп, ұнтақтайды. Содан ұнтақты 0,5 шай қасықпен күніне 5-6 рет астан кейін ішу керек. Осылайша бір аптадан кейін күніне үш ретке дейін азайтуға болады. Болмаса боз жусанды гүлдемей тұрып жинап, оны сығып, сөлін жинайды. Сұйықтықты мүмкіндік болса балға қосып, күніне 3 рет ас алдында ішу керек. Бірақ бұл емді қолданар алдында науқас кісіер дәрігер кеңесіне жүгінуі тиіс.

 

ҚАНДЫ ҚОЮЛАНУДАН САҚТАЙДЫ

Бүгінгі күні адамдардың бәрі «нервный». Оны менің нағашы атам «жүйкелеу» деп атайды.

Нағашым үйінде шайына үнемі әлдебір шөптерді қосып ішіп жүреді. Кейде ауыл шетіне, қыр басына шыға қалсақ әр шөпті алақанымен аялай ұстап, аттарын айтып, олардың қасиетіне жете тоқталып жатқаны. Шаршауды және ашу шақыруды білмейтін ол кісі бірде құпиясымен бөлісті.

«Адамды ауру ететін де, жасына жетпей қартайтатын да – жүйке. Сондықтан әрдайым сабырлы болудың жөні бөлек. Ол үшін аптасына бүтін лимонды қабығымен қоса еттартқыштан өткізіп, оған дәл сол мөлшердегі бал араластырып, шайға қосып ішіп жүрсе, адамның қаны қоюланбайды. Қан таза болған соң жүрек қыспайды, «давление» көтерілмейді. Ашудың да алдын алатын – сол.

Күн ыстықта су орнына өрікті қайнатып, азырақ қана шекер қосып ішіп жүрудің де көмегі жақсы. Ол басты ауыртпайды. Шаршатпайды», – дейді ол кісі.
Ширақ та сергек, сабырлы да жас көрінудің сыры осы екен.

 

ЖҮЙКЕҢІЗ ЖҰҚАРСА, ЖАСАП КӨРІҢІЗ

Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт рецепт ұсынбақпын:

1. Бір стакан аршылған жаңғақ, бірдей мөлшерде бал мен лимон алыңыз. Жаңғақ дәндері мен лимонды мейлінше ұсақтап тураңыз, оған сұйық бал құйыңыз. Бұл қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз. Мұны екі апта бойы күніне 3 рет, астан бұрын 1 ас қасықтан жеп жүрсеңіз, иммунитет пен жүйке жұмысы нығаяды.

2. Жаңа сығылған жүзім шырыны керек. Күнделікті таңертең және кешке 2 ас қасығын ішіп жүрсеңіз, қысы-жазы сергек жүретініңіз анық. Жүзім шырынын мейлінше ұзақ уақыт қабылдаған жөн.

3. Қарағай инелерінің созылмалы шаршауды тез жоятын қасиеті бар. Орманда жиналған инелерді шайып, пеште (духовка) 15 минут ұстаңыз. Сосын 2 ас қасық инелерді ұсақтап, оған 1 стакан су құяды. Баяу отта 30 минут қайнату керек. Енді оған 3 ас қасық бал қосыңыз. Сосын 1 сағатқа жылы орап қояды. Осылай дайындалған тұнбаны 10 күн бойы ұйықтар алдында 1 ас қасықтан ішіп жүрсеңіз, өзіңізді сергек, жеңіл сезінесіз.

4. Ежелден келе жатқан өте тиімді рецепт – 1 стакан сүтке 0,5 ас қасық құрғақ түймедақ гүлдерін салып, баяу отқа қойыңыз. Бұрқ етіп бір қайнағанда өшіріп, сәл салқындаған соң сүзіп алып, 1 ас қасық бал қосыңыз. Мұны күнделікті кешке ұйқы алдында ішіп жүрсеңіз пайдасы көп: шаршаудан құтыласыз, иммунитет көтеріледі. Ішек жұмысы жақсарады.

 

ҚАН ҚЫСЫМЫ ТӨМЕНДЕГЕНДЕ

Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға салып, 15-20 минут қайнатады. Бір күн тұрғызып сүзіп, үстіне бір ас қасық сірке суын қосады. Дәрі дайын.

Науқас күніне 100 грамнан 4-5 уақыт, қашан оңалғанша ішеді. Қан қысымы көтеріліп, тәбет ашылады.

Немесе қалақай жапырағының үш ас қасық, қара қарақат жемісінің үш ас қасық, бұрыш жалбыз шөбінің үш ас қасық ұнтақтарын қосып, 3 литр суға салып, жарты сағат қайнатады. Екі күн тұндырып сүзеді. Үстіне бір ас қасық бал, 30 грамм алма сірке суын қосып, шайқап араластырады. Дәрі дайын. Науқас күніне 30-50 грамнан 3 рет, астан жарты сағат кейін сырқаттың беті қайтқанша ішеді. Жалпы 3-4 күнде-ақ науқас жағдайы жақсарады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 156 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: