Халық емі
02/08/2021, 10:34

АРАНЫҢ ҰЯСЫ КӨП КЕСЕЛГЕ ДӘРУ

 Қазір қыбырлаған жәндіктердің белсенділігі артып тұр. Біле білсек, олардың да денсаулыққа пайдалы тұстары бар екен. Мәселен, кәдімгі шаққан жерін удай ашытып, ойбайлата жөнелетін сары араның ұясы көптеген кеселге шипа екен.

Қол-аяқ жансызданғанда сары ара ұясының үлкендеуінен бір данасы, оған қосымша кішілеуінен 3-4 данасын алып, жалқы өскен сарымсақпен қосып жаншып, аурырған жерге таңу керек.

Араның ұясы тері қышымасына да пайдалы. Ол үшін ара ұясын өңделген спиртке 7 күн шылап, 8-ші күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.

Әйелдерде омырау безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп, сол күлдің 6 грамын суға бұқтырып, онымен ауызды шаяды. Спиртке бірнеше рет шылап алса, ара ұясы өңделген болып саналады. Ыстық-суықтан тіс қақсағанда соны суға бұқтырып, сол сумен ауызды шаюға болады. Қажетті мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.

Іш ауруы (дизентерия) кезінде ара ұясын кептіріп, ұнтақтаған соң, күніне 0,3 граммнан екі-үш рет ішеді.

Баланың кіндігі сыртқа шығып кеткенде, ара ұясын өртеп, күлін кіндікке жағады.
Бұл рецепттер XY ғасырдағы ғалым-шипагер, қазақ халық медицинасының негізін қалаған Өтебойдақ Тілеуқабылұлының жазбаларынан алынған. Ғалым онда араның ұясын күзде немесе қыста жинау керек депті. Сосын оны азырақ булағаннан кейін, өлген араларды алып тастап, кептіріп қою керек. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшпа май бар бұл ұяны құрғақ жерде сақтаса, қай кезде де қолдана беруге болады екен.

 

ТІС АУЫРСА...

«Шақырылмаған қонақты» ҚУУДЫҢ ЖОЛЫ

«Тіс ауруы - шақырылмаған қонақ» деген сөз бар. Күтпеген жерден басталып, әсіресе түнде мазаны алатын тістің ауырғанын басатын амалдарды әрбіріміздің біле жүргеніміз жақсы. Өйткені «шақырылмаған қонақ» келгенде қарсы амалға дайын болған жақсы ғой.

 Сарымсақты алып, оның қабығын суы шыққанға дейін аршыңыз. Содан кейін оны ауырған тісіңізге немесе иек қызыл етіне қойыңыз. Түсіп қалмау үшін саусақпен басып ұстап тұру немесе мүмкіндік болса таңып байлап тастау қажет. Мақсат – сарымсақтың сөлі тістің ауырған жеріне дөп тиіп, ұзақтау тұру керек. Оны тісіңіздің ауруы басылғанша алмаңыз. Негізі сарымсақ тістің ауруын әп-сәтте басады.

 Мына бір қызық тәсілге қараңыз: тісіңіз ауырса, жуаны (пияз) аршып, ауырған емес, қарама-қарсы тіске, не қызыл иекке қойып, ауру басылғанша ұстап тұрыңыз.

 Тұзды су да тіс ауруын басатын тиімді тәсіл. Бір стакан қайнаған суға (ыстық емес, жылытылған бөлме температурасындағыдай) бір шай қасық тұз салып, жақсылап араластырыңыз. Осы сумен тіс пен ауыз қуысын шаяды. Ауырған жерге тұз ерітіндісі баратындай етіп, асықпай және ұзақ шайған жөн. Тұзды су ауруды басып, қанның ағуын тыяды. Егер күнде кешкілік тамақтан кейін аузыңызды тұзды сумен шаюды әдет етсеңіз, тіс аурынан аулақ боласыз.

 Тісім ауырмасын десеңіз мына кеңестерді жадыңызда ұстаңыз: Аптасына екі рет іске массаж жасау керек. Яғни тісіңізді шақырлатып қайрау немесе бір-біріне соғу сияқты әрекет жасау тістің қызыл иекке бекуін қаматамасыз етеді және эмаль қабатын қалыңдатуға оңды әсері бар.

 

ВИРУСТАН САҚТАНУДЫҢ ЖОЛЫН АЙТАЙЫҚ

15 минут сайын бір жұтым су ішу вирустың өкпеге түспеуіне көмек.
Короновирус біраз күнге ешқандай белгі білдірмей жүреді. Мына жай есіңізде болсын:

1. Тайвань дәрігерлері мынадай ұсыныс айтады:

Күнде таңертең терең тыныс алып, өкпені ауаға толтырып, он секунд ұстап тұру керек. Осы уақытта ентікпе, жөтел, басқадай жайсыздық байқалмаса, өкпеде ақау жоқ және вирустан таза екеніңізді білуге болады. Күдіктен болған немесе қауіпті уақыттарда таза ауалы жерде осы тәсілді қолданып, өзіңізді бақылауға болады.

2. Жапон докторларының ұсынысы:

Әркім де ауыз қуысының және өңештің үнемі сулы болуын қадағалап, құрғатпау керек. Яғни 15 минут сайын бір жұтым су ұрттау керек. Осы арқылы ауыз қуысына жұққан вирус өкпеге емес, өңеш арқылы асқазанға барады да, асқазандағы қышқыл барлық вирустарды жояды. Егер су ішпесеңіз, вирус тыныс жолдарымен өкпеге өтеді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 158 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: