26/07/2021, 12:54 | |
БОЛГАР БҰРЫШЫНАН ЖАСАЛАТЫН ДӘРІ Асқа – дәм, салатқа – сән беретін болгар бұрышыннан жасалатын мына рецептер денсаулықты түзеуге көмектеседі: Бір стакан болгар бұрышының шырынына 1 ас қасық бал қосып, араластырып, тамақтан 30 минут бұрын ішіп жүру керек. Ол шашты және тырнақты нығайтады, көздің жас тармағының және майланған бездерінің жұмыстарын жақсартады. Сонымен бірге әлсіздікке, қан аздыққа, склерозға, жүрек, бауыр ауруларына, ағзадағы холестеринді шығаруға, тәбетті ашуға, ішілген тағамның сіңімділігіне әжептәуір септігін тигізеді. Жүрек сырқаты бар адамдар болгар бұрышының сары түстісін жиірек жеп жүргені жақсы. Оның құрамында калий мол. еттартқыштан өткізіп, ахдап бал қосып, күніне эарты стакан ішудің пайдасы көп. Қызыл түсті болгар бұрышы С және А витаминіне бай. Оның 100 грамында аталмыш витуминнің 4 тәуліктік мөлшері бар. Сонықтан күн суыта осы түрін жиірек жеген жақсы. Жасыл түсті болгар бұрышында қан тамырларын холестерин түйілуінен тазартатын хлорогендік қышқыл бар. Бірақ қатты қуырылған, буда ұзақ піскенде оның күші жойылады. Оны шикідей не шала пісіріп жеу керек. Ал ащы бұрыштың пайдасы одан да көп. Ол буын ауруларына, радикулитке, миозитке (суық тигеннен бұлшық еттердің қабынуы) жақсы көмектеседі. Ол үшін 1 стакан ащы бұрыш тұнбасына 2 стакан өсімдік майын қосамыз да, сырқырап, қақсаған буындарға таңып қоямыз. Стаканның 4/1 бөлігіне ащы бұрыштың ұнтақтап салып, қалған 4/3 бөлігіне спирт немесе таза арақ құйып, тұнбаның әзірлеуге болады. Бұл тұнбаның 10-20 тамшысын тамақ алдында ішсе, асқазан-ішектің ауруын емдейді, тәбетті ашады, асқазан сөлінің бөлінуін жақсартады. Бірақ асқазан, ішек, бауыр, бүйрек ауруларында, асқазанның ойық жарасында, он екі сақиналы ішек, гастрит, холецистет ауруларында ащы бұрышты қолдануға болмайды. Осы жағын есте ұстаңыз. Болгар бұрышынан жасалатын дәрі Бір стакан болгар бұрышының шырынына 1 ас қасық бал қосып, араластырып, тамақтан 30 минут бұрын ішіп жүру керек. Ол шашты және тырнақты нығайтады, көздің жас тармағының және майланған бездерінің жұмыстарын жақсартады. Сонымен бірге әлсіздікке, қан аздыққа, склерозға, жүрек, бауыр ауруларына, ағзадағы холестеринді шығаруға, тәбетті ашуға, ішілген тағамның сіңімділігіне әжептәуір септігін тигізеді. Жүрек сырқаты бар адамдар болгар бұрышының сары түстісін жиірек жеп жүргені жақсы. Оның құрамында калий мол. еттартқыштан өткізіп, ахдап бал қосып, күніне эарты стакан ішудің пайдасы көп. Қызыл түсті болгар бұрышы С және А витаминіне бай. Оның 100 грамында аталмыш витуминнің 4 тәуліктік мөлшері бар деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Сонықтан күн суыта осы түрін жиірек жеген жақсы. Жасыл түсті болгар бұрышында қан тамырларын холестерин түйілуінен тазартатын хлорогендік қышқыл бар. Бірақ қатты қуырылған, буда ұзақ піскенде оның күші жойылады. Оны шикідей не шала пісіріп жеу керек. Ал ащы бұрыштың пайдасы одан да көп. Ол буын ауруларына, радикулитке, миозитке (суық тигеннен бұлшық еттердің қабынуы) жақсы көмектеседі. Ол үшін 1 стакан ащы бұрыш тұнбасына 2 стакан өсімдік майын қосамыз да, сырқырап, қақсаған буындарға таңып қоямыз. Стаканның 4/1 бөлігіне ащы бұрыштың ұнтақтап салып, қалған 4/3 бөлігіне спирт немесе таза арақ құйып, тұнбаның әзірлеуге болады. Бұл тұнбаның 10-20 тамшысын тамақ алдында ішсе, асқазан-ішектің ауруын емдейді, тәбетті ашады, асқазан сөлінің бөлінуін жақсартады. Бірақ асқазан, ішек, бауыр, бүйрек ауруларында, асқазанның ойық жарасында, он екі сақиналы ішек, гастрит, холецистет ауруларында ащы бұрышты қолдануға болмайды. Осы жағын есте ұстаңыз.
ҚЫШАНЫ ЕМГЕ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай-ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады. (Оны әзірлеудің әр халықта өзіндік рецепті бар). Ал қышада түрлі антиоксиданттар, қабынуға қарсы әсері мол заттар бар. Яғни оны емге қолдануға болады. Тек аллегриясы бар, терісі сыртқы әсерді нәзік қабылдайтын, асқазан-ішек жолдары ауруларынан зардап шегетін адамдарға ғана оны қолдануға болмайды. Халық медицинасында қышаны мынадай дерттерден емдеуге қолданады: Бронхит. Ыстық суға 150 грамм қыша мен 1 стакан тұзды ерітіп, аяқты сол суға бұлау керек. Сосын аяқты шайып, сүртіп, жылы шұлық киеді. Өкпе қабынғанда қышаның қуырылып, уатылған дәнін балға қосып, түйірлеп, күніне 10 данадан жеп тұру керек. Сондай-ақ уатылған қышаны қайнаған сүтке сеуіп, күніне бір мәртеден ішеді. Тамақ ауырғанда жарты шай қасық қыша, бір қасықтан тұз, бал және аздаған лимон шырынын жарты стакан суда ерітедІ. Бұл ерітіндімен тамақты күніне 6 мәртеге дейін шайып тұру керек. Ал диабеттен зардап шегетіндер ақ қыша дәнінен бір шымшым ішіп тұрса болады. Артынша суық суда 3 сағат тұндырылған пияз сығындысын ішкен дұрыс.Егер несеп қабында, бүйректе тас болса, онда 1 литр шапарқа 100 грамм ұыша ұүтағын қосып, күніне 1 рет таңертең ашқарынға немесе кешке ұйқы алдында ішіп тұру керек. Буын аурулары кезінде 150 грамм спиртке 10 грамм қыша дәнін салып, 10 күн тұндырған соң проблемалы тұсқа күніне 3 мәрте жағып тұрады.Шашты, оның тамырын нығайтуға да қыша көмекші бола алады. Ол үшін қышаны қант қосылған ыстық суда дайындау керек. Осыдан басқа маска жасалады да, үстінен 20-40 минутқа сүлгі оралады. Кейін шашты жуу керек.Сондай-ақ 1 литр жылы суға қосылған 2 ас қасық қыша да шашты нығайып, өсіруге көмектеседі.
КАМФОРА СПИРТІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ 10 СЕБЕБІ Камфора спирті мен майы негізінен бұлшықет аурулары, артрит, сіңір мен бұлшықет тіндерінің созылуын емдеу және қан айналымын жақсарту мақсатында қолданылады. Біз ұсынатын рецепттер сізге көмекші болсын. 1. Артрит. Артриттен айығуға камфора спирті көмектеседі. Саусақтарыңыз немесе аяқтарыңыз ауырса, алдымен ыстықтау суда жақсылап булаңыз да, қол-аяғыңызды азырақ мөлшердегі камфора спиртімен тез арада, жылдам ысқылаңыз. Осылайша қол мен аяқтың артритін біржолата ұмытасыз. 2. Арқа мен буын ауруы. Ауырған жеріңізге, аяқ, арқа, буындарыңызға камфораның аз мөлшерін жағып, массажды қимылмен ысқылаңыз. Емдік әсерін күшейту үшін компресс жасауға да болады. Алайда тамырыңызда варикоз болса, сіз үшін камфора қарсы көрсетілген. Артрозға қарсы жақпа май жасау үшін 50 грамм камфораны 100 грамм спиртте «ерітіп», үстіне 50 грамм қыша ұнтағын (горчица) қосып, жақсылап араластырыңыз. 2-3 жұмыртқаның ақуызын қосып және араластырсаңыз, жақпа май дайын. Онымен тізені ысқылау керек. Бұл жақпа маймен, тіпті, 3-дәрежелі артрозды да жеңіп шығуға болады! 3. Бас пен тіс ауруы. Камфора әлсіздіктен естен танғанда, шок жағдайынан арылту үшін таптырмас құрал. Сондай-ақ ол тіс ауруы мен бас ауруы үшін, қабыну процестерінен туындаған қышыманы емдеуде жиі қолданылады. 4. Ұйқысыздық. Камфора спирті мен майы шаршаңқылық пен ұйқысыздықты, депрессиялық және стресстік жағдайларды жеңу үшін, орталық жүйке жүйесін нығайту және оның жұмысын жақсарту үшін қолданылады. Камфора спиртінің 2 тамшысын бір қасық балға қосыңыз. Немесе 1 ас қасық бал, 1 стакан су және 2-3 тамшы камфора спиртінен тұратын қоспа әзірлеңіз. Егер балға аллергияңыз болса, оны кез-келген басқа сұйықтықпен алмастыруға болады. Камфора спиртін ішке қабылдаудан, ішуден қорықпай-ақ қойсаңыз болады, өйткені ол улы емес, камфора спирті мен камфора майы аллергия тудырмайды, ол Қытайда өсетін камфора «еменінен» жасалады. 5. Жөтел. Камфора спиртімен ингаляция жасау өкпеге су жиналуы, жөтел сияқты аурулар кезінде жақсы көмектеседі. Егер кішкентай баланың қызуы көтеріліп тұрса немесе өкпе қабынуы болса, камфорамен кеудесі мен арқасын ысқылаудан артық тәсіл жоқ. 6. Алкогольге қарсы. Камфора спирті алкоголизмге қарсы керемет құрал. Егер адам қатты мас болып, өзін нашар сезінсе, бір стакан суға 10-15 тамшы камфора спиртін құйып, сусын ретінде берген дұрыс. Жағдайы біршама жақсарып қалады. 7. Суық тию. Тамақ ауруы, жөтел, тіпті, бронхитті емдеуде камфора керемет көмекші. Емдеу тәсілі де қарапайым – ингаляция жасау. Ылғалдандыратын қасиеттерінің арқасында жөтел жеңілдеп, мұрынмен тыныс алу жақсарады. 8. Отит. Ортаңғы құлақтың қабынуын емдеу үшін компресс тиімді. Бірақ камфораны таза түрінде спиртпен қолданса күйдіруі мүмкін. 1:1 қатынасында сумен сұйылтылған тұнбаны қолдану керек. Дәкені сұйықтыққа малып, ауырған құлақ аумағына қойыңыз. Сыртынан целлофанмен жауып, оның сыртынан кез-келген матамен орауға болады. Бұл процедураны ең ұзақ дегенде 2 сағаттан асырмаған дұрыс. 9. Дерматологиялық аурулар. Тері ауруларының көпшілігі қышу және тітіркенумен қатар жүреді. Бұл жағымсыз белгілерді жоюдың ең оңай жолы – зардап шеккен аймақтарды камформен майлау. Әсіресе, экзема жағдайында тиімді құрал. 10. Бөртпе. Тек жасөспірімдерде ғана емес, терінің ерекшеліктеріне қарай ересектерге де бөртпе болуы таныс жағдай. Безеуді кетіріп, бетіңізді тазарту үшін 5 таблетка стрептоцид, 2 таблетка левомицетин, 10 мл. салицил және 50 мл. камфора спиртінен жасалған қоспа көмектеседі. Сондай-а, күнделікті қолданатын қарапайым лосьон, бетті тазартуға арналған көбік, т.б. құралдарыңызға камфораның бірнеше тамшысын араластырып қоюға болады. Камфора спирті беттегі пигменттік дақты жою, тері тесіктерін тарылту, майлы жылтырды жою үшін де қолданылады. Құрамында камфорасы бар сабын да бөртпемен күресуде нәтижелі деуге болады. Оның құрамында түймедақ, лимон қышқылы және пероксид бар. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 164 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |