12/07/2021, 16:41 | |
ЖОҢЫШҚАНЫ ЖАЙ ШӨП ДЕМЕҢІЗ... Менің ауруым-жүрек ишемиясы, аттеросклероз, жоғары қан қысымы. Ақпарат құралдарының бірінен жоңышқаның емдік қасиетінің зор екенін оқыдым. Сәйкесінше осы ауруларға таптырмас дауа деседі. Жоңышқаның қайнатпасы мен тұнбасы, тәтті сиробы, ұнтағы халық медицинасында ем ретінде ертеден бері кеңінен қолданылып келеді. Қазір оны кулинарияға да қолдануда: салаттарға қосылады. Сорпа дайындалады. Өйткені жоңышқа белоктар мен көміртегі, тағы басқа микроэлементтерге бай. Онда С, Д, Е, К және В тобына жататын витаминдер жетерлік. Қышқылдар мен эфир майы сияқты аса қажетті заттар да көп. Зәр айдауды жақсартатын, қандағы қант құрамын азайта алатын қасиетке ие. Ағзадағы улы заттарды айдайды. АҚШ-тың Ұлттық рак институтының зерттеулеріне қарағанда, жоңышқа асқорыту жүйесіндегі канцерогендердің күшін жойып, сыртқа шығарады екен. Зат алмасуды жақсартып, гемоглобинді көтеріп, иммунитетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге, эндокрин жүйесінің жұмысын реттейді. Ұзақ әрі тұрақты пайдаланса қан тамырлары мен жүрек жұмыстарын жақсартады. Атеросклероз ауруына мына төмендегі қайнатпаны ұсынуға болады: 2 ас қасық жоңышқаны 0,5 литр суға салып, 5 минут баяу отта қайнату керек. Сосын 1 сағат суытып, 1/3 стканнан 3 рет ішкен дұрыс. Бұл қайнатпа артриті мен ревматизмі барларға да пайдалы. Әрі ағзадағы минералдардың алмасуын жақсартады. 50 грам жоңышқаны 0,5 араққа салып, 2 апта қараңғы жерде ұстап, ара-арасында араластырып тұру керек. Осыны 1 ас қасық суға 10-15 тамшыдан қосып, тамақ алдында күніне 3-4 реттен ішіп отырған дұрыс. Сонда жоңышқаның жоғарыда аталған емдік қасиетінің пайдасын сезінесіз.
САРЫМСАҚ ТҰНБАСЫ Сарымсақтың сүтке немесе лимонға қосылған тұнбасы қан тамырларын тазалап, адам ағзасын жасартады. Маған мұны ұзақ жылдардан бері саламатты өмір салтын ұстанатын бір қарт кісі түсіндіріп, қалай жасауын үйреткен болатын. Содан бері мен үнемі сарымсақ ликерін пайдаланып келемін. Әрі бұған отбасымды да толық үйреттім. Тіпті немерелерімнің оған дағдылағаны сонша, маусымдық сырқаттар мен вирус дегеннен қорықпайтын болдық. Сарымсақ ликері былай дайындалады: 12 сарымсақтың әрқайсысын төртке бөліп, мөлдір шыны ыдысқа салады да, үстіне 3 стакан жүзімнің қызыл шарабын құяды. Аузын жауып, терезенің үнемі күн түсіп тұратын жақтауына 2 аптаға қою керек. Әр күні кемінде 2-3 реттен шайқап отыруды ұмытпаңыз. Мерзімі келгенде қоспа сүзіліп, қара түсті шыны ыдысқа құйып алынады. Осыны бір ай бойы үзбестен 1 шай қасықтан күніне 3 рет ас алдында ішіп жүрсеңіз, ағзаңыз созылмалы сырқаттарынан сауығып, ммунитет нығайып, кейбір кеселдер сізге жоламайтын болады. Бұл сарымсақ ликері ағзадағы тұзды да қуады. Зиянды холестеринді азайтып, қанды тазалап, қан тамырлары мен жүректің жұмысын жақсартады. Артық майдан арылтып, зат алмасуын тездетеді. Тибеттіктер мұны текке ұзақ өмір сүру сусыны деп атамайды.
БУЫНДАҒЫ ТҰЗДЫ ТАЗАРТУҒА БОЛАДЫ Жасы ұлғая келе көп адамдарда буынға, бүйрекке, өтке тұз бен тас қиыршықтары жинала бастайды. Тұз буындарға да жиналады. Одан табиғи жолмен тазалануға болады. Бірақ өз бетіңізше тәуекелге бармас бұрын дәрігермен кеңесіп, денсаулығыңыз жайлы кеңес алғаныңыз жөн. Одан кейін мына әдісті жасап көруіңізге болады: 5 грамм лавр жапырағын майдалап, 300 миллилитр суға салады да, оны 5 минут қайнатады. Одан соң бұл қайнатпаны термосқа құйып, 4-5 сағаттай сақтайды. Осы дайын болған қайнатпаны әр 12 минут сайын бір шай қасықтан ұрттай отырып, 12 сағат ішінде тауысу керек. Бұл процедура үш күн қатарынан қайталанады да, бір апта үзіліс жасайсыз. Мұнан соң тағы да үш күн қатарынан қайталағаныңыз жөн. Бұл емді енді келесі жылы тағы да қайталауыңыз керек болады. Ем кезінде тұзды, майлы, қуырылған астан бас тарта тұрғаныңыз орынды. Ал сұйықтықты шамаңыз келгенше көбірек іше беріңіз. Ол еріген тұздардың тезірек сыртқа шығуына сеп болмақ. Тазарту кезінде тұздар белсенді түрде еріп, жиі-жиі зәр келеді және оның түсі қызғылт түске енеді. Бірінші процедурадан кейін екі апта өткенде Сізді мазалаған аурулар басылып, буыныңыз иілгіш қалыпқа түседі. Буындарды күрішпен де тазалауға болады. Ол үшін бір стакан күрішті тазалап, жуып алып, бір түн бойына суға салып қоясыз. Тиімділігі арта түссін десеңіз үш күн жібітуге болады. Мұнан соң күрішті сүзіп алып, екі стакан суға қайнатады. Әбден суы тартылып, қайнаған күріштің бетіндегі кілегейді тазартады. Енді бірінші күні дайын күрішті 4 порцияға бөліңіз. Әр порцияны араға 1 сағат салып қабылдау керек. Қабылдау алдында итмұрын (шиповник) тұнбасын ішіңіз немесе бір апельсин жеңіз. Екінші күні күрішті қабылдамастан 20 минут бұрын жарты стакан су ішіп алыңыз. Жарты кило қайнаған қызылша немесе 200 грамм алма жеуге де болады. Процедураны 3-4 күннен соң қайталаңыз. Емделу ұзақтығы – 2 ай, арасында міндетті түрде үзіліс жасау керек. Ем кезінде бір килодай салмақ жоғалтасыз. Бірақ өзіңізді жеңіл сезінеріңіз хақ.
ӨКПЕ ҚАБЫНҒАНДА 6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен жауып, салқын, құрғақ, көлеңке жерге қою керек. 5-6 күнде жұмыртқаның қабығы түгелдей еріп, лимонның шырынына сіңіп кетеді. Оған жарты құты коньяк пен 300 грамм жайлау балының сұйық түрін араластырады. Осыдан шыққан сұйықтықты басқа бір қоңыр банкіге құйып, аузын жауып, тағы да салқын жерге қояды. Ертеңінен бастап тамақтан жарты сағаттан кейін ас қасықпен күніне 3 рет ішу керек. Дәрі бұзылмас үшін салқын жерде сақтаған дұрыс. Ал 2-3 аптаның ішінде көбіктеніп, дәмі бұзыла бастаса, оны ішуге болмайы. 250 грамм аршылған арпа дәнін 1 литр суға жартысы қалғанша қайнатып, тұндырып сүзіп алады. Қалған суға 450 миллилитр ешкі сүтін қосып, тағы бір қайнатып, астан бір сағат бұрын үштен бірін ішеді. Бір қайнатқаны бір күнде бітеді. Емдеу мерзімі – 20 күн. Бір апта үзіліс жасап, қайталай беруге болады. Екі ас қасық сұлы дәнін, осындай мөлшерде қоңыр мейіз қосып 1,5 литр суға жартысы қалғанша ақырын қайнатады. 2 сағат тұндырып, суын таза ыдысқа құйып алады. Сұлы мен мейізді сығып алуға болады. Осы тұнбаға 1 ас қасық бал араластырады. Ол өкпе мен қолқаның қабыну сырқатына да шипа. 2 грамм мумиені 10-ға бөліп, әр бөлігін бір ас қасық қайнатылған сумен ішеді. Немесе бір құты піскен сүтке бір шай қасық бал және әлгі мумиенің бір бөлігін қосып, жатарда ішіп жатады. Бір емдеу мерзімі он күн. Бес күн үзіліс жасап, тағы қайталайды. Осы әдіспен 3-4 рет емделуге болады.
АЯҚТЫҢ САЛМАҒЫ АРТҚАНЫ ҚАУІПТІ Кейде адамдардың аяғым зілдей болып кетті деп мазасызданатыны бар. Бұл әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Әдетте ол вена қан тамырларының кеңеюінен деп қаралады. Дегенмен аяқтың салмақтанып, домбығып, ісінуі жүерк, бүйрек, буын, омыртқа дерттері, қант диабеті кезінде де кездеседі екен. Сондықтан оған немқұрайлы қарамай, дәрігерге тексеріліп, себебін анықтаған абзал. Сонда ертерек емделіп, айығуға мүмкіндік тиеді. Аяқтағы вена тамырларының кеңеюі кезінде ол домбығып, ауырлап кеткендей болады, аяқ тез шаршайды. Кейде сіңір тартылып немесе аяқ ұйып қалады, онда үздіксіз дыңылдағандай сезім пайда болады. Тромбофлебит кезінде вена қан тамырларындағы қан айналымы тежеледі, ол қоюланып, тромб пайда болады. Тромб кез келген уақытта үзіліп, венаны бітеп қалуы мүмкін. Одан миокард инфаркті, өкпе эмболиясы, инсульт туындайды. Егер аяқ ауырлағандай болып, домбыққанда ауырсыну тамыр соғысындай сезіліп, тері асты ысыса, вена бойындағы тері қызара тығызданып, ұстағанда аурысынатындай болса, онда бұл – аталған ауыр дерт белгілерінің бірі. Артерия атеросклерозы да аяқты ауырлап кеткендей сезіндіреді. Сондай-ақ табан суып кеткендей болып, жүрген кезде қысып ауыртқандай болады. Эндертерит кезінде де аяқ ауырлап кеткендей сезіледі, сонымен қатар ол ұйиды, ауырады. Мұндайға ұшыраған адам алғашқы 500-100 қадамын еркін жүрсе, кейін ауырсынып, ақсай бастайды. Балтыр бұлшық еттері жиі құрысады. Ал кардиоломиопатия, перикардит, жүрек жетіспеушілігі кезінде аяқ ауырлауымен қатар жүрек тұсында ауырсыну, жалпы әлсіздік, жүрек соғысының жиілеуі, ентігу қоса байқалады. Егер науқасты үзіліссіз құрғақ жөтел мазаласа, теріде ұсақ жаралар пайда болса, аяқ сүйегі қисая бастаса, тез арада дәрігерге көрінген абзал. Бүйрек жетіспеушігігі «өткір, созылмалы), нефротикалық синдром кезінде де аяқ домбығады, іш-құрсақ аумағы ауырады, жалпы интоксикация сезіледі, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде жүйеке жүейсінде қалыпсыздықтар орын алады, анемия, буында ауырсыну, тері қышынуы сезіледі. Нефритпен ауыратындарда анемия, авитаминоз болмаса да тері түсі қуқылданып кетеді. Ал қант диабеті кезінде дерт аяқ ауырлап-салмақтануынан басталады, қандағы қант мөлшерінің артуы содан кейін көрінеді. Сондай-ақ үнемі шөлдеу, кіші дәретке көп шығу байқалады. Диабет кезіндегі аяқ қан тамырларындағы өзгерістер диабетикалық табан сияқты қауіпті қабынуға да себеп. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 179 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |